168
алатындай істен шығуы. Бағдарламалық жүйелер үшін істен шығудың
себебі жасырын ақау болуы мүмкін, ол уақыт өте келе ғана көрінеді
(мысалы, уақыттың ішкі санауышының шамадан тыс толуы, деректердің
шамадан тыс толуы және т.с.с). Істен шығу жүйенің жұмыс істеуін ұзақ
уақытқа бұзады немесе оны ең шекті күйіне жеткізеді.
Шекті күйі - бұл жүйені бұдан әрі пайдалану мүмкін болмайтын
немесе оның жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру мүмкін
болмайтын, не болмаса мақсатқа сай болмайтын күйі.
Бұзылу - бұл өздігінен жөнделетін немесе бір ретті бұзылу, ол
оператордың кірісуімен жойылады (МемСТ 27.002-89 «Техникадағы
сенімділік. Негізгі ұғымдар. Терминдер және анықтамалар»).
Бұзылу уақыт жағынан ұзақтығы шағын
және қалпына келтірудің
қосымша процедураларынсыз жойылуы мүмкін. Негізінде, бұзылу
пайдаланушылардың бүкіл жүйенің тұтастай жұмысының тоқтауынсыз
деректердің біразын жоғалтуын, не болмаса қысқа уақытқа тоқтауын
болдырады. Бұзылу салдары пайдаланушының көзқарасымен алғанда
маңызды болуы мүмкін, әсересе, егер олар нағыз маңыз болса, алайда
жүйенің үздіксіз жұмысы бұзылмайды.
Бұзылу жүйенің жұмысқа қабілеттілік күйі уақытша бұзылатын
жағдайлардың себептері болып табылады. Істен шығулар жүйенің
жұмысқа қабілеттілігі біржола немесе
ұзақ уақытқа бұзылатын
күйлерінің себептері болып табылады.
Келесі іркіліс түрлерін ажыратады:
■
жүйелік бағдарламалық қамсыздандырудағы іркілістер. Негізінен,
бұл іркілістердің салдары ең ауыры болады. Кейбір жағдайларда
жүйенің деректері толық жоғалатыны сияқты, жүйенің күйі туралы
деректер іркіліс кезінде толық жоғалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар
диагностика мен түзету үшін ең күрделі;
■
қолданбалы
бағдарламалық
қамсыздандырудағы
іркілістер
қолданбалы жүйені жеткілікті дәрежеде тестілемегенде, не болмаса
оны штаттан тыс қолданған кезде пайда болады. Негізінде, мұндай
іркілістер туралы ақпараттарды жинау қосымшалардың өзінің
құралдарымен мүмкін. Қиын жағдайларда қосымша жұмыс істейтін
басқарудағы операциялық ортаның құралдарымен ақпараттық
ортасы туралы мәліметтерді жинау мүмкін;
■
жүйемен
жұмыс
істегенде
пайдаланушының
көзделмеген
әрекеттерінің салдарынан пайда болатын іркілістер. Мұндай
іркілістердің себептерін жою бірнеше бағыттар бойынша жүргізілуі
мүмкін. Бұл, пайдаланушы нұсқаулығын мүмкін толықтыру болмақ
немесе жүйенің пайдаланушы интерфейсін өзгерту (оны біршама
ыңғайлы және түсінікті ету).
169
Бағдарламалық қамсыздандырудың
істен шығуының пайда болуы
әртүрлі себептермен болуы мүмкін:
■
ресурстың тоқтап қалуы - нәтижесінде жүйе шекті күйіне жететін
тоқтап қалу. Мұндай тоқтап қалу ең алдымен жүйенің жұмысына
арналған ресурстардың жетіспеушілігінен (мысалы, диск кеңістігі)
болады. Мұндай тоқтап қалуды болдыратын жағдайлар жүктеу
тестілеуінде модельденуі мүмкін;
■
конструктивті тоқтап қалу - белгіленген жобалау және
конструкциялау
қағидалары
және/немесе
нормаларының
бұзылуымен немесе жетілдірілмеуіне байланысты себептер
бойынша туындаған тоқтап қалу. Анықтау және тестілеу процесі ең
алдымен конструктивтік тоқтап қалудан болған ақауларды
анықтауға бағытталған;
■
өндірістік тоқтап қалу - жүйенің өндіріс процесін немесе
сүйемелдеу процесін бұзуға байланысты тоқтап қалу. Өндірістік
тоқтап қалу пайда болуы мүмкін, мысалы, жүйені баптау фильтрлері
жоғалғанда, оның нәтижесінде жүйе жабдықтың ағымдағы
баптауымен үйлеспейтін режимге өтеді. Өндірістік тоқтап қалуды
болдырмау үшін пайдалану құжаттамасын және сүйемелдеу
құжаттамасын дұрыс құру қажет;
■
пайдалануда тоқтап қалу - пайдалану ережелерін бұзуға байланысты
тоқтап қалу. Бұл тоқтап қалудың түрлерін шығаратын себептер ең
алдымен, адами факторларға байланысты болады. Сондықтан
мұндай тоқтап қалуды анықтаудың негізгі тәсілдері- пайдалану
құжаттамасын тексеру, пайдаланушының
басым қателерін
блоктайтын қорғаныс механзидмрені жүйеге енгізу.
Уақытша сипаттамалары бойынша тоқтап қалу келесі түрде
жіктеледі:
■
кенеттен тоқтап қалу - бағдарламалық қамсыздандырудың немесе
өңделіп жатқан деректердің параметрлерінің бірін өзгертуден
кенеттен қатты өзгеруіне байланысты болатын тоқтап қалу. Мұндай
тоқтап қалуды тудыратын жағдайлар жүктеме тестілеу барысында
жүйеге жүктеме деңгейін кенеттен арттыру арқылы келесіде
жүктемені жылдам тұрақтандырумен модельдендіріледі (мысалы,
бір уақытта қосылған пайдаланушылардың саны);
■
біртіндеп тоқтап қалу - жүйенің немесе өңделетін деректердің
параметрлерінің бірін біртіндеп өзгертуге байланысты туындаған
тоқтап қалу. Мұндай тоқтап қалу жүйенің күйі
туралы ақпаратты
сақтайтын буфер шамадан тыс болғанда пайда болуы мүмкін;
■
кезектесіп тоқтап қалу - бір және осы сипаттағы істен шығудың
бірнеше рет өздігінен жойылуы. Бұл жағдайда бағдарламалық
170
қамсыздандырудың жүйелі түрде пайда болатын ақаулары туралы
сөз болғандықтан, онда істен шығу туралы айту қажет.
Істен шығу анық және жасырын болуы мүмкін. Көзбен көріп
байқалатын немесе штаттық әдістермен және диагностикалау, бақылау
құралдарымен БҚ қолдануға даярлау
барысында анықталатын істен
шығу немесе оны мақсатына қарай қолдану процесінде
анық істен шығу
деп аталады.
Жасырын істен шығу - бұл көзбен көріп байқалмайтын немесе
штаттық әдістермен және бақылау, диагностикалық құралдарымен және
бақылау құралдарымен анықталмайтын, бірақ техникалық қызмет
көрсетуді жүргізгенде немесе арнайы диагностика әдістерімен
анықталатын істен шығу.
Болашақта
істен
шығуды
болдау
үшін
бағдарламалық
қамсыздандыруды пайдалану уақыты ішіндегі ақауларды шығу жиілігі
туралы нақты деректер қажет.
Бағдарламалық қамсыздандырудың сенімділігін бағалау үшін
статистикалық көрсеткіштер қолданылады, мысалға үздіксіз
жұмыс
уақыты мен ықтималдылығы, істен шығу мүмкіндігі мен жиілігі
(қарқындылығы). Істен шығу себептері ретінде тек өздігінен
жойылмайтын бағдарламадағы қателер ғана қарастырылатындықтан,
онда бағдарламалық қамсыздандыруды жүйенің қалпына келтірілмейтін
класына жатқызу керек.
Достарыңызбен бөлісу: