К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу


Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу



Pdf көрінісі
бет112/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   195
Байланысты:
foreign 745

Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу 
кезіндегі тәуекелді бағалау
Сенімділік - бұл белгілі бір пайдалану жағдайларында белгілі бір 
уақыт аралығы ішінде бағдарламалық қамсыздандырудың өз 
қасиеттерін (істен шықпау, беріктілік және басқалар) сақтау қабілеті. 
Сенімділік кепілінің факторларына жүйенің немесе ортаның залалына 
және қолайсыз салдарға әкелетін тәуекел жиынтығы ретінде тәуекелдер 
жиынтығы жатады. Тәуекел сенімділік қасиеттерін өзгертеді және 
азайтады.
Әзірлеу процесінде пайда болатын тәуекелдер ресурстардың 
шектелуіне, қаржылық және ұйымдастырушылық қамсыздандыруды 
шектеуге, бағдарламалық өнімнің үлкен көлемі мен күрделілігіне 
байланысты болуы мүмкін. 
Ресурстық 
тәуекел 
ресурстарды 
пайдалануды 
жоспарлау 


173 
процесінде талаптарға талдау сатысында шығады. Оларға техникалық 
қамтамасыз ету өнімділігінің жеткіліксіздігін, бағдарламалық аспаптық 
құралдардың сәйкессіздігін, қажетті біліктілігі бар мамандардың 
болмауы және т.с.с. жатқызуға болады.
Қаржылық тәуекел, негізінен, ресурстарды дұрыс жоспарламаудан 
жобаның бюджеттен асып кетуіне байланысты болады. Осылайша
қаржылық тәуекел бағдарламалық қамсыздандырудың күрделілігі мен 
үлкен көлемімен негізделген тәуекелге және ресурс қаупіне 
байланысты. Қаржыландырудың жеткіліксіздігін әзірлеудің бастапқы 
сатысында белгіленбеген кейбір қосымша қажеттіліктер тудыруы 
мүмкін.
Ұйымдастырушылық тәуекелі әзірлеу процесін дұрыс орындамауға, 
орындаушылар арасында міндеттемелерді дұрыс жоспарламаумен және 
қате бөлумен, міндеттемелерін тиісті орындамауға байланысты.
Бағдарламалық өнімнің күрделілігіне және үлкен ауқымына 
байланысты тәуекел көлемі мен күрделілігін алдын-ала дұрыс 
анықтамауға немесе дәл анықтамауға негізделген. Жоспарлау 
процесінде алдын-ала бағалаудың түсірілуі қажетті ресурстарды дұрыс 
анықтамауға әкеледі және де оның салдарында жұмыс кестесі бұзылады 
және жобаларды орындау мерзімдерін үзеді.
Ықтимал тәуекелді анықтағаннан кейін сараптамалық бағалау 
олардың пайда болу ықтималдылығына жүргізіледі және оларды жеңу 
тәсілдері айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет