Стандарттау нысаны -
стандарттауға жататын немесе
стандартталған өнім, жұмыс (процесс), қызмет.
СТАНДАРТТАУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР Өнімге қойылатын техникалық талаптар, оларды дайындау және
тексеру, таңбалау және қаптау, сақтау және тасымалдау ережелері
нормалар деп аталады.
Нормативтік құжат- белгілі бір қызмет түрлеріне немесе
олардың нәтижелеріне қатысты ережелерді, жалпы қағидалар немесе
сипаттамаларды белгілейтін құжат.
Стандарт - тараптардың келісімі негізінде әзірленген және уәкілетті
органмен бекітілген, қызметтің әр түріне немесе олардың нәтижелеріне
қатысты ұзақ мерзімге және тұрақты пайдалану үшін ережелер, жалпы
принциптер немесе сипаттамалар белгіленетін құжат. Бұл құжаттың
міндеті берілген салада ең үздік дәрежедегі реттілікке қол жеткізу.
Стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен белгіленетін
талаптар, заманауи ғылым, техника және технология жетістіктеріне,
халықаралық (аймақтық) стандарттар, ережелер, нормалар және
стандарттау бойынша ұсыныстар, басқа елдердің прогрессивті ұлттық
стандарттарына негізделеді.
Ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттау- есептеу
техникасының аппараттық және бадарламалық құралдарын пайдалану
және өндіру, сипаттамасы бойынша келісім қабылдау; стандарттар,
нормалар, ережелер және т.с.с. белгілеу және қолдану.
Ақпараттық технология саласындағы стандарттау, ақпараттық
технологиялар түрлерінің, олардың компоненттерін және халықаралық
ақпараттық алмасудағы техникалық кедергілерді жоюға, өзінің
функционалдық тағайындалуының сәйкестік дәрежесін арттыруға
бағытталған.
Стандарттау деңгейі, әлемнің қандай географиялық, экономикалық,
саяси
аймағының
қатысушылары
стандартты
қабылдағанына
байланысты ерекшеленеді.
Ресей Федерациясының Ұлттық стандарты (Р МемСТ) - РФ