254
Стандарттау бойынша халықаралық ұйымы (ИСО) және
Халықаралық электртехникалық комиссия (ХЭК) стандарттауға
келесідей анықтама береді.
Стандарттау - шынайы бар немесе әлеуетті
міндеттерге қатысты
жалпыға ортақ және көп мәртелі пайдалануға арналған ережелерді
белгілеу арқылы белгілі бір салада ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне
қол жеткізуге бағытталған.
Стандарттау келесілерді қамтамасыз ету мақсатында нормалар,
ережелер және сипаттамалар белгілеуді білдіреді:
■
өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің қоршаған орта, өмірге,
денсаулыққа және мүлік үшін қауіпсіздігі;
■
техникалық және ақпараттық үйлесімділік, сондай-ақ өнімдердің
өзара алмастырушылығы;
■
ғылым, техника және технологияның даму деңгейіне сәйкес өнімнің,
жұмыстың және қызметтің сапасы;
■
өлшемдер
тұтастығы;
■
барлық ресурс түрлерінің үнемдеуі;
■
табиғи және техногенді апаттар және басқа төтенше жағдайлардың
пайда болу тәуекелін ескере отырып, шаруашылық нысандардың
қауіпсіздігі;
■
елдің қорғаныс қабілеті және жинақылауға әзірлігі.
Стандарттау, техникалық ғылым ретінде бастапқы ережелерге -
стандарттау қағидадаларына негізденеді:
■
барлық мүдделі тараптардың келісімінің негізінде стандарттау
бойынша құжаттарды әзірлеу;
■
әлеуметтік,
техникалық
және
экономикалық
қажеттілік
көзқарасынан стандартты
әзірлеудің мақсаттылығы;
■
әзірлеудегі артықшылық - бұл, адамдардың өмірінің, денсаулығының
және мүлкінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз
етілуіне септігін тигізетін, өнімдердің үйлесімділігін және өзара
алмастырушылығын қамтамасыз ететін стандарттар;
■
өзара байланысқан нысандарды стандарттаудың кешенділігі;
■
талаптар белгілеу және олардың нысан түрде тексерілуі мүмкін,
стандарттау нысандарының негізгі қасиеттеріне
бір мәнділігі;
■
стандарттарды ерікті қолдану;
■
стандарттарды әзірлеу кезіндегі мүдделі тұлғалардың мүдделерін
барынша есепке алу;
■
стандарттарды бірдей қолдануға арналған шарттарды қамтамасыз
ету;
■
халықаралық стандарттарды ұлттық стандарттарды әзірлеуге
255
арналған
негіз ретінде пайдалану;
■
қауіпсіз өнімді өндіру және айналымға шығаруға, халықаралық
саудаға кедергілер жасауға жол берілмеушілік;
■
техникалық регламенттеуге қайшы келетін стандарттарды белгілеуге
жол берілмеушілік.
Достарыңызбен бөлісу: