К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет160/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   195
Байланысты:
foreign 745

 
Rational Rose 
 
Rational Rose - БҚ талдау және жобалау процесі автоматтандыруға 
қолданылатын, сондай-ақ әртүрлі тілдердегі кодтарды генерациялау 
үшін және жобалық құжаттаманы құруға арналған Rational Software 
Corporation 
фирмасының нысанға бағытталған CASE-құралдар 
тұқымдасы. 
Rational Rose негізінде UML модельдеу тілінде негізделген, нысанға 
бағытталған талдау және жобалау әдісі жатыр. Rational Rose бағдарлама 
кодтарының генерациясын C++, Smalltalk, Java, PowerBuilder, CORBA 
Interface Definition Language (IDL) және басқалар үшін іске асырады
сондай-ақ диаграммалар мен сипаттамалар түріндегі жобалық 
құжаттама алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Rational Rose құрамында 
жаңа жобаларда бағдарламалық компоненттердің қайта қолдануды 
қамтамасыз ететін, бағдарламаны реверсті инжиниринг құралары бар.
Rational Rose жұмысының негізінде жүйенің сәулетін, оның 
статикалық және динамикалық қырларын анықтайтын UML-
диаграммалар және сипаттамалар құрылады. Rational Rose құрамында 
келесі құрылымдық компоненттерді бөліп көрсетуге болады: 
репозиторий, пайдаланушының графикалық интерфейсі, жобаны қарап 
шығу құралдары (browser), жобаны бақылау құралдары, статистиканы 
жинау құралдары, құжаттар генераторы, кодтар генераторы (әрбір тіл 
үшін жеке) және реверсті инжинирингті қамтамасыз ететін 
бағдарламалау тілдеріне арналған талдағыш. Rational Rose - UML-
диаграмм технологиясын қолдайды және Oracle және SQL сызбасын 
генерациялайды.
Репозиторий нысанға бағытталған дерекқорды білдіреді. Қарап 
шығу құралдары жоба бойынша навигацияны қамтамасыз етеді. 
Статистиканы бақылау және жинау құралдары жобаны сипаттауды 
аяқтағаннан кейін емес, оны дамыту барысында қателіктерді табуға 
және жоюға мүмкіндік береді. Есептер генераторы репозиторийдегі 
ақпараттың негізінде шығыс құжаттарын қалыптастырады.
Бағдарлама кодтарын автоматты түрде генерациялау құралдары, 
кластар диаграмасында қамтылған ақпаратты және компоненттерді 


248 
пайдала отырып, тақырыптар файлдарын және кластар мен 
нысандардың сипаттама файлдарын құрастырады. Жұмыс барысында 
талдағыш бастапқы мәтіндердің дұрыстығына және қателер 
диагностикасына бақылау жүргізеді. Оның жұмысының нәтижесінен 
алынған модель, әртүрлі жобаларда пайдаланыла алады. Талдағыштың 
кіру және шығу бойынша икемге келтіруінің кең мүмкіншілігі бар. 
Мысалы, бастапқы файлдардың типтерін, негізгі компиляторды 
анықтауға болады, құрастырылатын модельге қандай ақпарат енгізілуі 
тиіс екендігін тапсыруға және шығыс моделінің қандай ақпараты 
құрылатын модельге қосылуы тиіс және шығыс моделінің қандай 
элементтерін экранға шығаруға болатындығын анықтауға болады. 
Осылайша, Rational Rose бағдарламалық компоненттерді қайтадан 
пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
Rational Rose CASE-құралдарының көмегімен жобаны құру 
нәтижесінде келесі құжаттар құрылады: 
■ 
жиынтығында әзірленіп жатқан бағдарламалық жүйенің моделін 
білдіретін UML диаграммалары; 
■ 
кластардың, нысандардың, атрибуттар мен операциялардың 
сипаттамасы; 
■ 
бағдарлама мәтіндерін дайындау. 
Rational Rose келесі нұсқалары бар: Modeler Edition (UML тілінің 
тікелей сүйемелдеуін қамтамасыз етеді), Enterprise Edition (кәсіпорын 
масштабындағы жобаларды әзірлеуге арналған интеграциялау 
платформасын білдіреді), Professional Edition (Rational Rose Modeler 
Edition 
барлық 
мүмкіншіліктерін 
плюс 
бағдарламалық 
код 
генерациясын және реверсті инжинирингті қосады) және UNIX арналған 
Rose. 
Жобамен командалық жұмысты қолдау үшін БҚ өмірлік циклының 
әрбір сатысында Rational Suite өнімдерінің кіріктірілген жиынтығы бар.
Rational Rose ақпараттық жүйенің кез келген тапсырмасын шешу 
кезінде пайдасы тиеді: бизнес процестерді талдаудан бастап белгілі бір 
бағдарламалау тіліндегі кодты генерацияға дейін. Осындай қор тек қана 
жаңа жүйені жобалап қана қоймай, сонымен бірге кері жобалау процесін 
жүргізіп, ескісін өзгертуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет