К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет165/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   195
Байланысты:
foreign 745

12.2.
 


256 
Ұлттық стандарттау органымен бекітілген стандарт. 
Халықаралық (аймақтық) стандарт - стандарттау жөніндегі 
халықаралық (аймақтық) ұйыммен бекітілген стандарт. 
Ұйым стандарттары (ҰСТ) ұйымдармен өнім сапасын, жұмыстың 
орындалуын және қызметтің көрсетілуін жетілдіру үшін өз бетінше 
әзірленеді (және бекітіледі). ҰСТ аталмыш ұйымда қолданылатын 
өнімге, процестерге және онда көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ ішкі 
және сыртқы нарыққа арналған өнімге, жұмыстарға, қызметтерге 
әзірленеді. 
Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың жалпы 
ресейлік жіктеуіштері - мемлекеттік ақпараттық жүйелер және 
ақпараттық ресурстарды құру кезіндегі қолдану үшін міндетті болып 
табылатын және оның жіктеуішіне (класы, топтары, түрлері) сәйкес 
техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты үлестіретін 
нормативті құжаттар. 
Халықаралық стандарттау халықаралық қауымдастықтың барлық 
елдерінің тиісті органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау 
жөніндегі халықаралық қызмет. Ол тек қана ИСО, ХЭК сияқты 
ұйымдардың шеңберінде ғана жүзеге асырылып қоймай, сонымен қатар 
көптеген басқа ұйымдарда (үкіметтік емес және үкіметаралық) жүзеге 
асырылады. 
Ресей Федерациясының аумағында әрекет ететін стандарттау 
жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:
■ 
Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарттары, белгіленген 
тәртіп 
бойынша 
қолданылатын 
халықаралық 
(аймақтық) 
стандарттар, ережелер, нормалар және стандарттау бойынша 
ұсыныстар; жалпыресейлік техникалық-экономикалық ақпарат 
жіктеуіштері; 
■ 
сала стандарттары; кәсіпорын стандарттары; ғылыми-техникалық, 
инженерлік қоғамдардың және басқа қоғамдық бірлестіктердің 
стандарттары. 
Мемлекеттік 
стандарттар, 
жалпыресейлік 
техникалық-
экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің құрамына кіретіндер: 
■ 
өнімдерге, жұмыстарға және қызметтерге олардың қоршаған ортаға, 
өмірге, денсаулық пен мүлікке қауіпсіздігі бойынша қойылатын 
талаптар, өрт қауіпсіздігі талаптары, қауіпсіздік техника және 
өндірістік санитария талаптары
■ 
техникалық және ақпараттық сәйкестік бойынша, сондай-ақ 
өнімдердің өзара алмастырушылығы жөніндегі талаптар; 
■ 
өнімдердің негізгі тұтынушылық (пайдаланушылық) сипаттамалары, 


257 
оларды 
бақылау 
әдістері, 
қаптамасына, 
таңбалануына, 
тасымалдануына, сақталуына, қолданылуы мен кідеге жаратылуына 
қойылатын талаптар; 
■ 
өнімді әзірлеу, өндіру, қолдану (пайдалану), жұмыстарды орындау 
және қызмет көрсету кезіндегі техникалық және ақпараттық 
тұтастықты қамтамасыз ететін ережелер мен нормалар, соның ішінде 
техникалық құжаттаманы рәсімдеу ережелері, рұқсаттар мен 
отырғызулар, өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің сапасын 
қамтамасыз етудің, барлық ресурс түрлерін сақтау және оңтайлы 
пайдаланудың жалпы ережелері, терминдер және олардың 
анықтамалары, шартты белгілер, метрологиялық және басқа жалпы 
техникалық және ұйымдық-техникалық ережелер мен нормалар. 
Өнімдер 
мен 
қызметтердің 
мемлекеттік 
стандарттардың 
талаптарына сәйкестігі өнімді және қызметтерді мемлекеттік 
стандарттарға сәйкестігі жөніндегі таңбалау жолымен расталады. 
Кәсіпорын стандарттары, оларды талаптарды қамтамасыз ету 
талаптарына қарай қолдану қажеттілігінен, сондай-ақ ұйымды 
жетілдендіру және өндірісті басқару мақсатында, кәсіпорындармен өз 
бетінше әзірлене және растала алады. Кәсіпорын стандарттарының 
талаптары, егер өнімді әзірлеу, өндіру және жеткізу, жұмыстарды 
орындау және қызметтер көрсету шартында осы стандарттарға сілтеме 
көрсетеліген жағдайда, басқа шаруашылық қызметінің субъектілерімен 
міндетті түрде сақталуға жатады. 
Ғылыми-техникалық, 
инженерлік 
және 
басқа 
қоғамдық 
бірлестіктердің стандарттары әртүрлі салалардан алынған білімді
нәтижелерді және әзірленімдерді пайдалану және серпімді тарату үшін 
осы қоғамдық бірлестіктер әзірлейді және қабылдайды. Осы 
стандарттарды қолдану қажеттілігін шаруашылық қызмет субъектілері 
өз бетінше анықтайды. 
Әлемдік тәжірибедегідей, РФ-да стандарттардың бірнеше түрі 
қолданылады, олар стандарттау нысанының ерекшелігіне қарай 
ерекшеленеді. Стандарттардың келесі түрлерін ажыратады: 
■ 
негізгі 
стандарттар 
(ұйымдастыру-әдістемелік 
және 
жалпытехникалық); 
■ 
өнім, қызмет стандарттары; 
■ 
жұмыс/процесс стандарттары; 
■ 
бақылау әдістеріне стандарттар (сынақтар, өлшеулер, талдау). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет