К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет41/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   195
Байланысты:
foreign 745

48
 
арасындағы өзара байланыс та қиын, олардың саны да артады. Мұнда 
әзірлеу нәтижелерін нақты көріп, тестілеу сатысында ғана бағалауға 
болады, яғни талдау, жобалау және әзірлеу аяқталғаннан кейін - бұл 
сатыларды орындау көп уақыт пен қаражатты қажет етеді.
Бұрын да атап өткендей, кешіктіріліп берілген баға талдау мен 
жобалау қателерін анықтаған кезде қиын проблемаларды тудырады - 
жобаны алдыңғы сатыларға қайтару және әзірлеу процесін қайталау 
қажет болады. Алайда, алдыңғы сатыларға қайтару тек қателерге ғана 
байланысты емес, сонымен бірге тақырыптық салада болған 
өзгерістерге немесе тапсырыс берушінің әзірлеу уақыты ішіндегі 
талаптарындағы өзгерістеріне байланысты болады. Жобаны осы 
себептердің салдарынан толықтырып жасауға қайтару, тақырыптық 
саланың жобаның келесі нұсқасы дайын болғанша тағы өзгермеуіне 
кепілдік бола алмайды. Бұл әзірлеу процесінің «шырғаланып» қалу 
ықтималдылығын білдіреді және жүйе пайдалануға ешқашан берілмеуі 
мүмкін. Жобаға жұмсалатын шығындар да өседі, ал дайын өнімді 
тапсыру мерзімі үнемі кейінге қалдырылып отырады. Сондықтан
каскадты схема бойынша әзірленетін күрделі жобалардың тәуекел 
деңгейі жоғары болады.
Бұл әдіс бағдарламаны құру процесінің қаншалықты баяу екендігін, 
тіпті көбінесе бағдарламаға қойылатын талаптар әзірлеу аяқталғанға 
дейін өзгеріп үлгеретіндігін білдіреді. 
Каскадты стратегияны қолдану салалары оның құндылықтарымен 
анықталады да, оның кемшіліктерімен шектеледі. Бұл стратегияны 
қолдану келесі жағдайларда біршама ұтымды
■ 
ӨЦ ішінде анық, өзгермейтін талаптары мен түсінікті іске 
асырылатын жобаларды әзірлеген кезде
■ 
күрделілігі жоғары емес жобаларды әзірлеген кезде (мысалы, егер 
осы үлгідегі жүйелер әзірленген болса); 
■ 
қолданыста бар бағдарламалық құралдың немесе жүйенің жаңа 
нұсқасын құрған кезде; 
■ 
бар өнімнің жаңа платформаға ауыстырылған кезінде; 
■ 
әзірлеудің басқа стратегияларын іске асыратын ӨЦ модельдерінің 
құрамдас бөлігі ретінде үлкен жобаларды орындаған кезде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет