Тепе-теңдікке ұмтылыс– қызмет етудің жəне дамудың басты
қағидасы əрі негізгі реттеушісі болып табылады.
Эпигенез – дамудың негізгі кезеңдерін анықтайтын
біртұтас тума жоспардың болуы. Ол жоспар ағзалардың, яғни
психологиялық қабілеттердің қалыптасу сатылылығын алдын ала
болжайды.
Пубертантты кезең (12-19 жас шамасы) – ұқсастықтың
қалыптасуының
сын
кезеңі.
Əлеуметтік-психологиялық
дағдарыстың мəні эго-ұқсастық пен ұқсастықтың алмасуының
арасында таңдау жасауда анықталады.
Психологиялық жас – даму талдауының «бірлігі» болып та-
былады. Психологиялық жас құрылымымен жəне динамикасымен
сипатталады. Жастың құрылымы дамудың əлеуметтік жағдаятын
жəне жас ерекшелік психологиялық жаңа құрылымдарды қамтиды.
Жас ерекшелік дағдарысбұл – адам ағзасы мен
психикасындағы тұрақты кезеңінің барысында орын алған сандық
өзгерістердің сапалы өзгерістерге алмасатын адамның өмірлік
циклінің барысындағы нормативті, заңды кезең.
Пренаталды – тіршілік иесінің құрсақтағы пайда болуынан
дүниеге келгенге дейінгі дамуы.
Герминалды кезең – (ұрықтанғаннан 2 аптаға дейін) –
жасушалардың жылдам жетілуі мен алғашқы дифференциялану
кезеңі;
Эмбрионалды кезең – (2 аптадан 2 айға дейін) – негізгі
құрылымдар мен ағзалардың қалыптасу кезеңі;
Фетальды кезең – (3 айдан туғанға дейін) – ұрықтың
қарқынды морфофизиологиялық даму кезеңі.
Жандану кешені – алғашқы жарты жылда балада ересекпен
қарым-қатынасында мінез-құлықтың күрделі формасы, сөйлеген
ересектің бет əлпетіне деген аффективті-жағымды, мимикалық-
соматикалық реакциясының қалыптасуы.
Сюжеттік-рөлдік ойын – бұл балалардың ересектердің
еңбек немесе əлеуметтік қызметтерін өзіне теңгеріп, арнайы
құрастырылған немесе ойдан шығарылған ойын жағдайларында
ересектердің өмірін қайталауы.