Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған жəне  кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы; Идентификация



Pdf көрінісі
бет121/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған жəне 
кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;
Идентификация – едəуір құдіретті жəне билікке ие 
адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір 
жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен са-
лыстырады;
Изоляция – ойлардың немесе əрекеттердің уақытша ретін 
(мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін 
тəсілдердің жиынтығы;
Орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз 
аффектінің шынайы бастауын құдіреті жəне қауіп-қатері 
неғұрлым төменірек фигурамен алмастыру;
Рационализация – жалған дəлелдің көмегімен ақиқаттың 
бұрмалануы;
Сублимация – инстинктивті тума əуестіктердің əлеуметтік 
қалаулы жəне қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.
Операциялар – өзге əрекеттер арқылы біртұтас жүйеге 
реттелген əрі кері қайтарымы бар интериоризацияланған ішкі 
əрекеттер. Кері қайтарым объектінің шарты ретінде анықталып, 
негізгі қасиеттерінің сақталуына байланысты. 
Метаморфоза заңы  – дамуды сана күйлерінің бір ізді сапалы 
өзгерісі.
Инстинкт  – тума мінез-құлық, үйретуді қажет етпейді, түрдің 
барлық мүшелеріне ортақ, бейімделу шеңбері өте тар.
Дағдылар немесе жаттықтыру – тума емес, үйретудің 
нəтижесінде туындайды, бейімделу шеңбері едəуір кеңірек.
Интеллект – мінез-құлықтың жоғары формасы (үйретуді 
қажет етпейді, қиын жағдаяттың мəнді қатынастарын күтпеген 
жерден түсінуге, яғни инсайтқа негізделеді).
Сексуалды мақсат – лəззат алудың бастауы болып табыла-
тын денедегі эрогенді аймақ.
Эгоцентризм – бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес 
көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған əлемге 
қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы. 
Дербес ұстанымы бойынша əлемді тану, пəнге қатысты əртүрлі 
көзқарастарды реттей алмаушылық;
Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да 
ықтималды көзқарастармен реттеу.


355


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет