Мəліметтерді өңдеу əдісі – сандық (статистикалық) жəне са-
палы талдау (мəліметтердің топтарға жіктелуі жəне т.с.с.) əдістер.
Интерпретациялық əдістер – генетикалық жəне құрылымдық
əдістер.
Генетикалық əдіс – зерттеудің бүкіл өңделген мəліметтерінің
психикалық жаңа құрылымдары қалыптасуының фазаларын, са-
тыларын дағдарысты мезеттерін қарастырып, даму сипаттамала-
рында талқылануына жағдай жасайды. Ол даму деңгейлерінің
арасындағы «тігінен» генетикалық байланыстарды орнатады.
Құрылымдық əдіс– тұлғаның барлық зерттелінетін
сипаттамаларының арасындағы көлденең, құрылымды байланыс-
тарды жүзеге асырады.
Преформизм – индивидтің жетілген формадағы барлық
қасиеттері мен сипаттамалары бала біту мезетінен бастап
беріліп, алдын ала анықталып, ұрық жасушаларының өзінде
болатын психикалық даму тұжырымдамасы. Преформизм –
баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері тұрғысында
нативизмнің бір түрі.
Рекапитуляция(латын тілінен аударғанда rekapitulato)
теориясы – онтогенездегі жеке дара даму түрлер мен адам тегі
тарихының жылдам қайталануын білдіреді.
Даярлық заңы – индивидте стимулдың нақты түрімен
бекітуге даярлығының болуы.
Либидо – адамзаттың жетістіктерін анықтайтын жəне оның
дамуының негізін құрайтын адам белсенділігінің қуаты.
Танатос – өлімге құштарлық ретінде тепе-теңдікке қатысты
жалпы бетбұрыс: адам ғайыптан келіп, ғайыпқа кетуі тиіс. Өлімге
құштарлық бұл – өмірлік циклдің аяқталғандығының көрініс.
Ығыстыру – бейсаналылыққа ығыстыру, санадан тыс сақтау
жəне аластату;
Регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формаларына,
объектілі қатынастарға, дамудың едəуір ерте кезеңдеріне қайта
оралу;
Кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;
Реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен
жəне ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру,
қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;