Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет153/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Қыз бала
Қыз бала, бір жасында талпынарсың, 
Шыққан соң екі жасқа, қаз тұрарсың. 
Екі жастан үш жасқа шыққаннан соң, 
Жүгіріп үйден-үйге шарқ ұрарсың.
Қыз болып төрт жасыңда тұлымшақты, 
Байларсың тұлымыңа қызыл шоқты. 
Төрт жастан бес жасыңа шыққаннан соң, 
Ойнарсың қыздарменен қуыршақты.
Қолыңа алты жаста ұршық алдың, 
Жібекке жеті жаста пұл шығардың. 
Жетіден сегіз жасқа шыққаннан соң, 
Шешеңнің, тойға бар деп, тыншын алдың.
Қыздармен тоғызыңда тойға бардың, 
Қолыңа он жасыңда оймақ алдың, 
Он жастан он бір жасқа шыққанан соң, 
Қулықты қай-қайдағы ойлап алдың.
Тартасың он екіде орамалды, 
Қулығың он бірдегі о да қалды. 
Он екіден он үшке шыққанан соң, 
Сыпырдың тұрымтайдай томағаңды.


430
Қыз болып он төртінде топқа кірдің, 
Қызықты он бесінде жоқтап жүрдің. 
Он бестен он алтыға шыққаннан соң, 
Қырғидай қыран шəулі топтан ілдің.
Қарағым, он жетіге енді келдің, 
Не қызық болып жатқан жерді көрдің. 
Балауса он сегізде қыз болып ап, 
Жүйріктей бəйгені алған белгілендің.
Қыз болып он тоғызда баяуларсың, 
Той қылып ұзатуға таяуларсың, 
Болып ап жиырмада бөбекті ана, 
Тербетіп талдан бесік таянарсың.


431
7-ҚОСЫМША
Абай Құнанбаев
(1845-1904)
ҚАРА СӨЗДЕР
Жетінші қара сөз
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – 
ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тəннің құмары, 
бұлар болмаса, тəн жанға қонақ үй бола алмайды. Һəм өзі өспейді, 
қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған тал-
пынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына са-
лып, дəмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-
керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе 
де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, 
«ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл 
неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, 
тыныштық көрмейді. Мұның бəрі – жан құмары, білсем екен, 
көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һəм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болма-
са денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген 
соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Əзелде 
құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, 
сол əсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған 
ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нəрсені сұрап 
білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын 
құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, 
кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмай-
ды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған 
қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тəннен 
жан артық еді, тəнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай 
қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы 
боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. 
Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тəнге бас 
ұрғыздық, ешнəрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы 


432
қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нəрсенің 
де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге 
салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін 
айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тəңірі-ай, кімнен 
кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса 
ұқпаймыз.
Көкіректе сəуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген 
біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы 
екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның ба-
ласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан 
білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз 
деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-
тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
1891
Оныншы қара сөз
Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем 
орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған 
күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?
Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние 
иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе 
едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге 
қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың 
жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп 
сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің 
қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит 
қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің 
жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер 
жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені 
неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған 
балаң кəсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің – ба-
лам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, 
ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Он-
дай баланы сендей əке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?
Қартайғанда асырасын десең, о да – бір бос сөз. Əуелі – өзің 
қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші – балаң 
мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші – 


433
малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау то-
лымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық 
болары – ол да екіталай. Хош, құдай тағала бала берді, оны 
өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Əуелі өз күнəңді өзің 
көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнəсіне тағы да ортақ боласың. 
Əуелі балаңды өзің алдайсың: «Əне, оны берем, міне, мұны бе-
рем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мəз боласың. Соңыра 
балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді 
боқтатып, «кəпір-қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны масат-
тандырып, əбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, 
молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол 
деп, «пəленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі 
жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тəлімің? Осы 
баладан қайыр күтесің бе?
Жəне мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? 
Əуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін 
алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат 
берді. Ол қуатты адал кəсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? 
Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік 
ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық 
ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, 
түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның 
саған керегі жоқ. Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреуден жа-
лынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің – сол.
Бұл – құдайдан тілеген емес. Бұл – абыройын, арын сатып, 
адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, 
байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба 
алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. 
Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат 
орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса 
да, адамшылықпен жұмсаған. Бəрі де иттікпен табады, иттікпен 
айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа ешнəрсе 
бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында 
«маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған 
соң, тағы қайыршылыққа түседі.
1892


434


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет