47
пен ортаның арасындағы қақтығыспен байланысты. Егер тұлғаның
мүмкіндіктері əрдайым тілектеріне сəйкес келетін болса, даму
орын алмайды.
2-кесте
Психикалық жыныстық даму кезеңдері
№
Кезең
Жас
шамасы
Сипаттамасы
1
Оральды
кезең
0-1,5 жас
Эротикалық
əуестік
тамақтану
қызметімен, тамақтану қажеттілігін
қанағаттандырумен
байланысты.
Эрогенді аймақтары ауыз, ерін, тіл
Екі кезеңді қамтиды.
Оральды-
инкорпо-
ративті
кезең
1-6 ай
аутоэротизммен
(жыныстық
əуестікті
қанағаттандыру
үшін
сыртқы объектілерге мұқтаждық
етпеу) жəне терең нарциссизммен,
яғни
бала либидосының толықтай
өзіне бағытталуымен сипатталады.
Бала өзін анасынан ажыратпайды.
Анасының
омырауын
ему
лəззаттандыратын мінез-құлық түрі
болып табылады.
Оральды-
садистік
кезең
6-12 ай
Баланы
анасының
омырауынан
шығарумен
сипатталады.
Емізу
арасындағы уақыт ұлғаяды. Анасы
өлшемге бағындырғысы келіп, лəззат
алуға кедергі келтіріп, баланың
тамақтану
мінез-құлқын
реттей
бастайды.
Соның
салдарынан
бала алғашқы рет ақиқаттың өз
қажеттілігіне əркез сəйкес келе
бермейтіндігін түйсініп,
кедергісіз
рахат ала алмайды. Екіншіден, анасы
баласын жалғыз қалдыра бастайды.
Жаңа тəжірибенің ықпалынан бала
Эгосының қалыптасуында өзгерістер
орын алады.
48
2-кестенің жалғасы
2
Анальды
кезең
1-3 жас
Бала қоғамға – ересекке ашық қарсы
шыға бастайды. Эрогенді аймағы
анус.
Анальды-
садистік
кезең
1-1,5 жас
Бала
мен
ересектің
қарама-
қарсылығымен сипатталады.
Анальды-
ретентивті
кезең
1,5-3 жас
Баланың өз қызметтерін ерікті
реттеуімен сипатталады. Тұлға ұстау-
жіберу түрінде ортасын бақылай алу
мінез-құлқына ие болады. Бала алғаш
рет лəззат алу мен ақиқат қағидаларын
салыстырады.
Бұл баланың сыртқы
əлеммен қатынасын реттеуге негіз
болады.
3
Фалли-
калық
кезең
3-5 жас
Баланың танымдық іс-əрекетінің,
бағынышты
жыныстылығының
артуы жыныстардың арасындағы
айырмашылықтың
айқындалуына
əкеліп,
адамдардың
арасындағы
қатынастардың жыныстық аумағына
қызығушылықтың
туындауымен
сипатталады. Эрогенді аймақтары
қынап, клитор
4
Латентті
кезең
6 жастан
жыныстық
жетілуге
дейін
Жыныстық
даму кідіріп, баланың
есінен
алғашқы
жыныстық
күйзелістер ығыстырылады. Либидо
энергиясы ойынға, оқуға, хоббиге
көшіріліп,
əлеуметтік
қалаулы
тілектерге бағытталады.
5
Гени-
таль-
ды кезең
12-18 жас
Қарқынды жыныстық жетілумен
жəне
жыныстық энергия либидо
қысымының артуымен сипатталады.
Эрогенді аймақтары қынап.
З. Фрейдтің тұлғаның дамуындағы отбасы мен қоғам рөлінің
мəнін ашу арқылы, жас ерекшелік психологиясының даму-
ына қосқан үлесі даусыз. Баланың жақын ересекпен қарым-
49
қатынасының жəне өзара əрекеттестігінің рөлі; балалық шақтың
мəні; тұлғаның дамуы үшін балалалық шақтың ерте кезеңдерінің
ерекшеліктері сенімді түрде дəлелденген.
Психоанализде онтогенезде баланың психикалық дамуының
тұжырымдамасы дамуды детерминдейтін
факторлар ретінде
баланың дербес белсенділігі мен қарым-қатынасының рөлі мо-
йындалатын жəне екі факторлы парадигманың үлесі біртіндеп
жойылатын А. Фрейдтің, М. Клейннің, Д. Виконттың, М. Ма-
лердің теорияларында, сондай-ақ К. Хорни мен Э. Фромның
əлеуметтік бағдарланған психоанализінде жалғасын тапты.
Жаңа психологиялық бағыттардың
қатарына жататын даралық
психологияның негізін қалаушы А. Адлер, аналитикалық
психологияның өкілі – К. Г. Юнг, егде жас шамасында тұлға да-
муы мəселесін қарастырған, эпигенетикалық психологияның
негізін қалаушы Э. Эриксон да өз үлесін қосты.
Достарыңызбен бөлісу: