Байланысты: Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2
3. Қарым-қатынастың рөлі Баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынастың мəні
төмендегідей деректермен дəлелденеді;
●
қарым-қатынас жетіспеушілігінің немесе əлеуметтік
депривацияның баланың дамуына ықпалымен;
●
балалардың жануарлармен тəрбиеленуімен: адамдармен
қарым-қатынас болмаса, даму да болмайды;
●
соқырмылқау балалардың тəрибесімен дəлелденуде. Егер
осындай бала тəрбиенің əлеуметтік жағдайынан тыс қалатын
болса, оның интеллектісінің сақталғандығына қарамастан, ақыл-
ойының терең кемістігіне əкелуі мүмкін. Тəрбиенің арнайы жүйесі
толыққанды дамуды қамтамасыз ете алады.
Бала қарым-қатынасының дамуының қызметтері, құрылысы
жəне заңдылықтары М. И. Лисинаның еңбектерінде қарастыры-
лады. Қарым-қатынас қатынасу іс-əрекеті ретінде мəдени
тəжірибені жеткізеді; біріккен іс-əрекетті ұйымдастырады;
тұлғааралық
қатынастарды
қалыптастырып,
дамытады;
адамдардың бірін-бірі жəне өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.
Қарым-қатынастың құрылысы қарым-қатынастағы серіктес
ретіндегі зат пен басқа адамнан; қарым-қатынастағы қажеттіліктен,
басқа адамдарды тану мен бағалауға ұмтылысынан, ол арқылы
өзін-өзі тану мен бағалаудан; əрекеттер – бастамашыл актілер
мен жауап əрекеттерінен; міндеттерден немесе мақсаттардан;
құралдардан (вербалды, ым-ишара, заттық) жəне т.с.с.; өнімдерден
(материалды жəне рухани сипаттағы құрылыстар) құралады.
Əрбір жас ерекшелігі үшін қарым-қатынастың өзіндік түрі
тəн. Оларды топтастыру өлшемдері: пайда болу уақыты, баланың
тіршілік əрекетіндегі орны, қажеттіліктері, қарым-қатынас
мотивтері мен құралдары.
98
М. И. Лисина қарым-қатынастың балалалық шақтың туғаннан
жеті жасқа дейінгі жас шамасын қамтитын негізгі төрт түрін
көрсетеді (9-кесте):
9-кесте.