Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет55/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

3. Жаңа туған нəресте жасы
Қазіргі кезде жас ерекшелік психологиясы өкілдерінің ара-
сында баланың анасының құрсағындағы психикалық өмірі ту-
ралы қызу пікірталастар орын алуда. Кейбір дəрігерлер мен пси-
хологтар əлі тумаған балаға саналы адами күйзелістерді таңып 
қояды. Тіптен анасының құрсағындағы балаға неғұрлым пайдалы 
сыртқы ықпалдарды ұйымдастыруды мақсат еткен пренатальды 
педагогика ағымы пайда болды. Анасының əсері мен күйзелістері 
нəрестенің дамуында көрініс беретінін дəлелдейтін деректер бар.
Əлі дүниеге келмеген баланың қарапайым сезімталдығының 
болатыны күмəнсіз. Ол вестибулярлы қоздырғыштарға сезімтал 
келеді. Мəселен, анасының оны тербететіндей əсер тудыратын 
қозғалыстарында ол тына қалып, қозғалысын тоқтатады, ал анасы 
тыныштық жағдайына түскенде аяқ-қолдарын қозғалта бастайды. 
Баланың есту аппараты да ол дүние есігін ашқанға дейін 
біршама ертерек қызмет ете бастайды. Құрсақтағы бала анасының 
дауысын естіп, жүрегінің соғысына, сырттағы дыбыстарға құлақ 
салады. Оның қарапайым көру сезімталдығы да бар. Алайда, 
біршама бай сезімталдықтың барлығы баланы сыртқы дүниенің 
қуатты əрі берік ықпалдарынан қорғайтын анасының денесі 
арқылы өзінше ұйғарылады. 
Организмнің дүниеге келуі оны орасан зор күйзеліске 
ұшыратады, өйткені баланың тіршілік ету жағдайлары өзгереді: 
қараңғы мен жарықтың, жылулық пен суықтың қарама-қарсылығы, 
баланың өкпесімен дем алуы, анасынан физикалық ажыруы.
Осыған байланысты көптеген зерттеушілер мен тəжірибешілер 
ана мен бала өмірінің алғашқы сағаттарындағы физикалық жəне 
психологиялық қатынасуына ерекше назар аударады. 
Бала дүниеге рефлекстердің түрлі жиынтығымен келеді. 
Баланың дүниеге жаңадан келген кезеңінде мінез-құлықтың 
табиғи инстинктивті түрлерін таза күйінде байқауға болады.
Шартсыз рефлекстер – нақты сыртқы қоздырғыштарға ав-
томатты, ырықсыз түрде жауап беру. Кейбір рефлекстер сыртқы 
əлемге физиологиялық бейімделуді қамтамасыз етіп, кейіннен ему, 
іздеу, тамақтану, қорғану жəне т.с.с. рефлекстерінде сақталады. 


135
Басқа рефлекстер атавистік сипатта болып, жануарлар тегінен 
алынған мұраны білдіреді.
Осындай рефлекстердің көпшілігі алғашқы жарты жылда-ақ 
бəсеңдейді. Олар тең басу, қармау (Моро рефлексі), іліну (Робин-
зон рефлексі).
Сонымен бірге адам баласында жануарлардың төліне 
қарағанда, мінез-құлықтың тума формалары аз болады, рефлекс-
тер оның психикалық дамуының негізін құрамайды.
Соңғы уақытта «нəрестенің біліктілігі» деген атауға ие болған 
олардың сенсорлы қабілеттері жайлы қызықты деректер пайда бо-
луда. 
Жаңадан дүние есігін ашқан баланың белсенділігі ең алдымен 
əртүрлі стимулдарға қатысты таңдамалы сезімталдығында көрініс 
табады.
Р. Францтың тəжірибесінде нəрестелер өмірінің алғашқы 
аптасында-ақ күрделі, құрылымды жəне ашық бейнелерді 
қалайтыны анықталды. Иілген, дөңгеленген бейнелер, түзу бейне-
лерге қарағанда көбірек ұнайды, ал жайылған формаға қарағанда, 
олар тұйық шоғырланған форманы ұнатса керек. Қозғалған заттар 
нəрестелердің ерекше қызығушылықтарын тудырады.
Нəрестелердің есту арқылы қабылдауында, олардың дыбыстың 
бастауын анықтау қабілетін анықтайтын экспериментті де-
ректер алынады (Т. Бауэрдың тəжірибелері). Д. Б. Годикованың 
мəліметтері бойынша балалардың адамдардың дауысын барлық 
басқа шуылдар мен дыбыстардан артық көретіні маңызды. 
Экспериментшілердің осындай серияларынан кейін төмендегідей 
қорытынды жасалынды: жаңадан дүниеге келген нəрестелердің 
сенсорлы жүйелері адамның бейнесімен (дауысының дыбыста-
ры, қозғалған заттар, дөңгеленген, тұйық форма жəне т.б.) бай-
ланысты стимулдарды қабылдауға бағдарланған, яғни бейтаныс 
сыртқы əлемде дəл адамды бөліп алуға бағдарланған.
Жаңа туған нəресте сыртқы əлемге бейімделіп қана қоймай
ересекті қабылдауға бағдарланады. Ересектің нəрестеге жеке 
дара назарының негізінде, 3-4 аптаның соңына қарай баланың 
көңілі ересектің бетіне тоқтап, оған жымия бастайды. Баланың 
алғашқы күлімсіреуі нəрестенің жаңадан дүниеге келген кезеңін 
қорытындылайды. 


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет