2. Бөбектің заттар мен əрекеттерді меңгеруі Баланың заттарға қызығушылығы жəне сол заттармен алғашқы
əрекеттері 6-7 айда пайда болады, алайда нəрестелер заттармен
əрекет ету тəсілін байқай алмайды, олардың белсенділігі тек
заттың өзіне ғана бағытталады.
2 жасар бала заттармен əрекетті меңгеріп, ересекпен біріккен
іс-əрекетінде құрал-заттардың қызметін меңгере бастайды. Ол
заттың қоғамдық ортада көпшілік арасында атқаратын қызметінің
мəнін түсіне бастайды.
П. Я. Гальперин заттық əрекеттердің – қол арқылы жəне құрал
арқылы екі түрінің арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Бірінші жағдайда қол арқылы затпен əрекет етеді (зат-қолдың
ұзартылуы немесе қосымшасы) екінші жағдайда қол зат-құралға
ыңғайланады. Баланың құралмен əрекет ету тəсілдерін меңгеруі
оның бір затты алу үшін екіншісімен əрекет етуіне мүмкіндік
туғызады.
Бала осының негізінде заттардың едəуір маңызды жəне жал-
пы (ортақ) белгілерін ажырата бастайды. Бұл санада бейнеленетін
жəне ойлаудың дамуына ықпал ететін ұғымдар сипатына ие бола-
тын жалпыламалардың қалыптасуына əкеледі.