Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет67/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

5. Баланың үш жастағы дағдарысы
Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себебін тигізетін үш 
түрлі көзқарас бар. Алдымен, бұл дағдарыс баланың өтпелі 
кезеңіне байланысты. Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде 
жаңа құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала 
психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда болуын, оның 
жақын арадағы даму аймағына қатысты қасиеттерін өзгеру 
заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруға 
болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан бас-
тауымыз керек, мұндай материалдарды түсіндіруде ұсынылған 
теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстың мəн-жайын 
ашып көрсету үшін баланың дамуындағы сыртқы жəне ішкі 
жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мəселенің түйінді жері бала-
ның үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға 
байланысты болады жəне оның қалыпты жағдайдан ауытқуына 
əсер етуші фактор қандай? деген мəселенің мəнін айқындап 
көрсетуді талап етеді.
Осы мəселенің мəнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс 
баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл 
алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз 
қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының 
бəріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нəрсені істеуге зауқы 
болмаса, жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, 


161
ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден төсегіне 
жатып ұйықтамайды), мұның бəрін дағдарыс кезеңінің көріністері 
деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі 
келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бəрін қисық-
қыңырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай 
жағдайда баланың ересектер талабына қарсы əрекеті оның өзі 
ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін көрсетеді.
Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, он-
дай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен 
тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала 
əрекетіндегі өзіндік санасындағы өзгерісті, оның сапа жағынан 
жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі 
баланың міне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер ба-
ладан басқа бір нəрсені істеуді өтініп сұраса, онда ол бұл жағдай 
өзінің көңіліне қонымды болғандықтан, қарсылықсыз орындайды.
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. 
Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін 
қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нəрсенің 
орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл 
қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. 
Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала ал-
майды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қолжеткізеді. 
Қырсықтану дегеніміз, сəбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан 
қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол 
өз талабының орындалуын тілейді. Айталық, сəбиді ауладан үйге 
шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін 
дəлелдеп, үгіттейміз, ол дəлелді түсінгенімен; бəрібір үйге 
кірмейді. Сəбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне 
байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. 
Қырсықтануды кəдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сəт бар. 
Бірінші сəт. Жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себеп-
ке қатысы бар. Егер бала дəл қазір қажет етіп тұрған нəрсесін 
қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шана-
мен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі 
келеді.
Екінші сəт. Егер жағымсыздыққа əлеуметтік сипат тəн бол-
са, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше əрекет жасайтын 
болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі бола-


162
ды деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне 
дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерінің қалайша 
болатындығына көз жеткізуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет