164
өтейін. Бұл белдеуді екі топқа бөлуге болады. Оның бірі – сəбидің
дербестікке ұмтылу нəтижесінен туындайтын сипаттар. Сəбидің
тіршілік ортасындағы əр алуан қарым-қатынастарға іштей на-
заланады, ашу-кекті болып қиналады, сырттай оларға реніш
білдіріп, қақтығыстарға ұшырайды. Осының бəрі баланың бойын-
да ызақорлық өзгерістерге ұшыратады, нервтік науқасқа ұшырау
салдарынан бала энурез немесе түнде қуығын ұстай алмай, зəрін
төсегіне жіберіп қою сияқты халге ұшырайды. Бұл үш жастағы
дағдарыс кезінде кездесетін жайт. Ұқыптылықка үйретілген бала
дағдарыс кезінде өзінің дамуындағы бұрынғы сатыларында кездес-
кен ерекшеліктерін қайталауға мəжбүр болады. Түнгі қорқыныш,
жайсыз ұйқы жəне басқа жүйкелік жайсыздықтар салдарынан
баланың сөйлеуі күрт өзгереді. Кекештік пен тұтықпалық пай-
да болады, қырсығып қасарысады, ішкі дертін сыртқа шығарып,
жерге жата қалып аунайды. Мұның бəрі ішкі дертті қозғағандай
болып көрінеді. Іс жүзінде мұндай қылықтарының бəрі баланың
жағымсыз қылығын онымен санаспағандыққа қарсылық көрсетіп,
өзімшілдігін өзгелерге білдіру əрекеттері болып табылады.
Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын
психикалық өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдары-
на – əкесі мен шешесіне жəне олардың беделіне деген əлеуметтік
көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың «мен» деген өзіндік
ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез-
қылықтары пайда болады. Ондай қылықтар ортадағы жағдайды
өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, дағдарыс баланың жеке тұлғасы
мен оның маңындағы адамдардың өзара əлеуметтік қарым-
қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп отыруға бағытталатын
психикалық фактор деп санаумыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: