Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет69/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары
1. Мектепке дейінгі кезеңнің бастапқы кезінде бала ойынының 
алғашқы түрлерінің пайда болуы.
2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың өзіндік санасының 
даму ерекшелігі.
3. Мектепке дейінгі кезең – «Мен тұжырымдамасының» 
қалыптасу кезеңі.


165
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) 
тақырыптары
1. Мектепке психологиялық дайындық жəне оның компо-
ненттері.
2. «Керн-Йирасек тесті» бойынша балалардың мектепке оқуға 
психологиялық даярлығын зерттеу жəне интерпретация жасау. 
Реферат тақырыптары
1. Л. С. Выготскийдің «бала дамуының жақын аймағы» тео-
риясын оқып, талдау.
2. Мектепке дейінгі кезеңдегі сенсорлық даму жəне сенсорлық 
эталондар жүйесін игеруінің маңызы.


166
4.5. Бастауыш мектеп кезеңі
Жоспары:
1. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық ерекше-
ліктері
2. Құрдастарымен жəне ересектермен қарым-қатынас-
тарының ерекшеліктері 
3. Оқу іс-əрекеті жəне оның құрылымы 
4. Баланың жеті жастағы дағдарысы
5. Мектепке бейімделу кезеңінде бірінші сынып оқушы-
ларының эмоциялық дамуын психологиялық қолдау
1. 
Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
психикалық 
ерекшеліктері
Оқушыларға əлемдік деңгейде білім, тəрбие беру – қазіргі
заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде 
адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, 
моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде. 
Адамгершілікке тəрбиелеудің маңызды педагогикалық 
міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, 
қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін 
сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді 
қалыптастыру.
Оқу іс-əрекетінің негізгі саласы еңбек үдерісін нəтижелі
орындауға қажетті білімді, дағдыны жүйелі түрде меңгеру. Оқу 
арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл 
мұра тəжірбиелерін береді. Оқу материалдары бала психологиясы-
на зор ықпал етеді. Өйткені ұғыну өте қиын оқу əрекетінің өзіне 
тəн мотивтері болады. Тəрбиелеуде немесе оқытуда мұғалім осы 
түрткілерді (мотивтерді) білу керек. Баланың жасы өскен сайын 
психикасы да өзгереді. Яғни, оның оқуға деген көзқарасы өзгеріп
отырады. Оқуға, білім алуға ұмтылуды тудыратын түрткілер бо-
лады.
Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, 
оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен 
мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас 


167
ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар, өскен ор-
тасына, балабақшада болу-болмауына, тұрақтылық жағдайына, 
табиғи ортаға, əлеуметтік ортаға тағы басқа жағдайларға байла-
нысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы бала-
лар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едəуір дамып, бұлшық 
еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, 
омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық 
еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың 
психикалық іс-əрекеттері мен жүйке жүйесінің қалыптасуына 
үлкен рөл атқарады.
Жекеленген психикалық үдерістердің қарқынды дамуы 
баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде 
қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті жоғары деңгейге 
ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын 
меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылағыштығы ар-
тып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай ала-
ды.
Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нəрселерге ау-
дарады. Бала біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана 
емес, қажетті нəрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға 
үйренеді. Ырықты зейіннің дамуында сыртқы əсердің 
тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мəні зор. Зейіннің 
дамуы, сондай-ақ оның əлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі 
ойын əрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алу-
мен байланысты. Бастауыш мектеп кезеңіңде негізгі іс-əрекет 
оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үдерісіне өзгеріс 
енеді. Іс-əрекет белсенділігін көрсете отырып, ақыл ой еңбегіне 
зейін арқылы жүзеге асырады.
Оқу іс-əрекеті балаға өзінің есте сақтау үдерісін басқаруды 
талап етеді. Мектептегі оқу үдерісінің талаптары мен өзіне тəн 
мазмұны бұл үдерісті едəуір дамытады, есте сақтау мықтылығы 
беки түседі. Есте сақтау деңгейі есте сақталынатын материалдың 
мазмұнына іс-əрекет сипатына, материалды есте сақтау жəне 
қайта жаңғырту тəсілдері мен əдістерін меңгеру деңгейіне байла-
нысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау 
мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материа-


168
лы үнемі оқушыдан елестету үдерісін талап етіп отырады. Есте 
сақтау мен елестету баланың күш жігерді керек ететін мотивтерге 
байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған 
білімдері бала өз іс-əрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың 
ақыл-ой əрекетінің дамуы үдерісінде орындау практикалық 
əрекетінен ішкі ақыл-ой əрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, 
практикалық əрекет жоғалмай, керісінше, оқушының жаңа, қиын 
тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі 
жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық 
əрекетті орындауды үйренеді.
Оқу үдерісіне ой операциялары да іске асады. Елестету бо-
йынша заттарды дұрыс əрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы 
ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму 
ерекшелігінде ой қорытындысын жасай алу, себеп салдар анықтау, 
түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды.
Оқушыларда жоғары дəрежеде, жүйелі түрде жəне нəтижелі 
ақыл-ой əрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта ту-
ралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық 
қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың 
ақылы жəне оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.
Бала тілінің дамуының түрткілеріне құрбыларымен, ересек-
термен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сəйкес 
нəрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, əңгімені 
эмоциялық тұрғыда жеткізе білу жатады. Бала бойында кездесетін 
əртүрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің 
коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын қолдана алады. 
Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар 
ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы 
тыңдау, оқу, əңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере 
бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едəуір 
(көркем жазу ойы) өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы 
ана тілінің грамматикалық табиғатын ашады жəне ана тілін 
еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы мектеп 
табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. 
Бұл балалар арасындағы əр үйдегі, əр мектептегі жаңа талаптарға 
негізделеді. Қоғамдық талаптарының өзгеруі баланың жеке 
басындағы адамгершілік, жауапкершілік, əділдік, қайырымдылық, 
еңбектілік сияқты қасиеттерді ашады. 


169
Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: 
бір-бірінің, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен 
көлемінің ұлғаюына жəне өзгеруіне, екіншіден, ішкі жəне сыртқы 
қиындықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай 
алуына, психологиясын, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі 
меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының 
дамуы – оқуы мен танымдық əрекеттің қалыптасуында. Оқу 
іс-əрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің 
қалыптастырудағы қарқынды кезең. Олардың өзгелер мен қарым-
қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.
Бастауыш сынып оқушыларының недəуір мүмкіншілігі бар. 
Себебі олардың интелектісі қарапайым ой операциясы дəрежесінде 
кездеседі дейтін Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде 
бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. 
Осыған сүйеніп психологтар қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тап-
сырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін 
толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін 
толық пайдалану үшін тапсырманы онан əрі қиындату қажет дейді. 
Егер осы жастағылардың негізгі əрекеті бұрын ойын болып келсе 
оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Сөйтіп, 
оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуы ірі 
өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға 
қарағанда, оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар 
оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жа-
сап, осының нəтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, 
жаман жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен мен əуелгі уақытта 
мектептегі жаңа жағдайға бала əлі бейімделе алмағандықтан, оқу 
үстінде қиыншылықтар кездеседі: біріншіден, бала мектептің 
жағдайына бейімделе алмай қиналады. Осының нəтижесінде тез 
болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне 
тəн мінезіне жəне құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға 
үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мұғалімі қанша 
жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін 
сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр 
айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны 
білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп, жатырқауын тоқтатады. 
Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мəз болып əке-шешелеріне 


170
еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, 
өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Үшіншіден, бірінші сынып оқушыларға қойылатын талап-
тар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы 
қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды, 
оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен мек-
тепке келу қызық болып көрінгенімен оқуға арналған баланың 
қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нəтижесінде 
мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сөнеді де, оқуға 
немқұрайды қарайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін 
баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте 
қиындату қажет. Əдетте, оқу материалы жеңіл келсе, баланың 
іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, əлі 
жете алмағандықтан, үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тарта-
тын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан 
тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дəрежеде құрылуы 
тиіс. Тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі, қиынырақ келуі 
əлдеқайда ұтымды. Себебі азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар 
баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай 
туғызады. Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін бірінші 
сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (екінші, 
үшінші) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы 
бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Əдетте, баланың 
бірнеше объектіге қызығуы мен оның ықыласының барлығын 
ажырату керек. Қызығу деп бірнеше объектінің бір жағы сырттай 
біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі 
де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып 
іске берілуінен пайда болады. Əрине, қызығу кейде ықыласты, 
не бірнеше нəрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ 
бұл сирек кездеседі. Сондықтан осы мəселеге бірінші сынып-
та мəн беруі қажет. Жалпы алғанда, екінші, үшінші сыныптағы 
балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, 
біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегі тілінің ұшында 
болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой жəне 
бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.
Баланың мектепке келуі жəне осымен байланысты өмірдегі
жаңа бейнелер оның əлеуметтік жағдайын түп-тамырымен
өзгертеді. Қоғамдық қатынастар жүйесінде ол енді жаңа


171
тəртіп оқушы осыдан шығатын барлық заңдар мен міндеттерді
иеленеді. Мектеп оқушыларының типтік қалыптасуының
психологиялық ерекшеліктері үшін орта мектеп жасы-
на өтудің дайындығының негізгі қажеттілігі ретінде оқушы
позициясының ішкі қабылдауы жүйелі, бұған біртұтас жүйелі
факторлар себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет