Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жасөспірімдік кезеңдегі жыныстық өзгерістердің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет87/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

13-кесте
Жасөспірімдік кезеңдегі жыныстық өзгерістердің сипаттамасы
Қыз балаларда болатын 
өзгерістер
Ұл балаларда болатын 
өзгерістер
Омыраудың дамуы, шапта, 
қолтықта жүннің өсуі, бойдың 
өсуі, менархе (етеккірдің келуі), 
май бездері мен тер бездерінің 
активтенуі
Ұма мен жұмыртқаның өсуі, 
шапта, қолтықта жəне бетте 
жүннің өсуі, бойдың өсуі, дауыс 
ырғағының өзгеруі, бірінші 
эякуляция, май бездері мен тер 
бездерінің активтенуі
Жасөспірім сана сезімінің ең маңыздысы оның физикалық 
«Мен» бейнесі болып табылады, оның өзінің сырт пішіні туралы 
ойы, өзін нағыз «еркек пен нағыз əйел» эталонымен салыстыруы. 
Күнделікті өмірде «Мен концепциясы» қыздарда сырт пішінінің 
тартымдылығымен, ал ұл балаларда əр адамға тек өзіне лайық 
өзіндік қасиетімен дамып отырады.
Бой, салмақ жəне сырт пішіні қорқудың ең басты себептері 
болып табылады да, осы көрсеткіштер жастардың өз-өзіне көңілі 
толмай, өзін-өзі қабылдамауына əкеліп соғады. Өзін-өзі қабылдау 
ең басты өзінің денесін қабылдаудан, өзінің физикалық «Менін» 
қабылдаудан басталады. Өзін-өзі қабылдауы, жасөспірімнің өзін-
өзі сыйлауына, қойған армандарына жетуіне, өмірдің қай сала-
сында болса да табыстарға жетуіне себепкер болады.
Жасөспірім өзінің көңіл-күйінің неден құбылмалы болаты-
нын түсінбейді. Сондықтан ол ішінен соны түсінуге ұмтылады. 
Физикалық өсіп жетілуде болатын əртүрлі ерекшеліктер, 


240
жасөспірімдердің өзге адамдарға ұқсамай қаламын ба деген 
үрейлер туғызады. Өздерінің сыртқы ерекшеліктері (шыны да, 
жадынан шығарғандары да) жастарға өте ауыр тиеді. Мұндай 
жағдайларда олар өз бағаларын төмендетіп өздерінен мүлдем 
бас тартуға дейін барады. Ал бұл олардың мінездерінде орынсыз 
ренжіп қала беруді тудырады. Сырт пішінінің кемістіктері жас-
тармен жиі əсірелене қабылданады, сол себептен жастар өте жиі 
депрессиялық қалыпта жүреді. Бұл үдеріс ұл балаларға қарағанда,
қыз балаларда күштірек дамыған. 
Жасөспірімнің «Мен концепциясының» позитивті қа-
лыптасуына қоршаған ортаның пікірімен қоса, өзінің денесін өзі 
дұрыс қабылдауы да өз ықпалын тигізеді. Жастардың өздерінің 
сырт пішініне ерекше назар аударуы – бұл психосексуалдық өсіп 
дамуының тек бір ғана тармағы. Жастардың идентификация, 
жыныстық ерте жəне кеш жетілуі деген жағдайлар жасөспірімнің 
эмоциясына əсерін тигізіп отырады.
Жасөспірімнің сыртқы денесінің өзгеруі, оның психология-
сының өзгеруі, өзін физикалық «Мен» тұрғыдан қабылдауына 
көмектеседі. Ал жасөспірімнің интелектуалдық өсіп жетілуі «Мен 
– концепциясын» қабылдауда бірқатар қиындықтар туғызады.
Себебі қоршаған ортаның, ата-анасының, мұғалімдердің, 
достарының жасөспірімге қойған талаптары əртүрлі, бір-біріне 
қайшы болуы мүмкін. Осы келтірілген мысалдарға сүйене оты-
рып, біз жасөспірімдердің осы жастағы мəселелері оның сана-
сезімінің өз-өзін қабылдап немесе қабылдамағанында жатыр деп 
айта аламыз. Өзінің денесін қабылдамау оның бұлшық еттерінің 
қысылуына, икемсіз болуына, өзін еркін ұстай алмай қымсына 
беруіне себепкер болады. Жасөспірімнің өз денесіне деген 
көзқарасы оның əлеуметтік өсіп-дамуы кезеңдерінің барлық этап-
тарында өз əсерін тигізіп отырады.
Жастардың ерекше көзге түсетін психологиялық ерекшеліктері 
«жасөспірімдердің басында кездесетін жағдайлар» деген ат-
пен белгілі. Бұл жағдайдың белгілері: олардың мінезінің орын-
сыз қуаныштан бірден күйінуге ауысып кетуі, өздерінің бас 
бостандығын көрсетіп беделді адамдармен келіспеушілікке 
шығуы, қабылданған ережелерге қарсы шығуы. Жасөспірімдер 
мінезінде сезімталдық пен қатыгездік, ұялшақтық пен дөрекілік, 
қиялшылдық пен ұстамдылық, ақылдылық қатар сыйысып жата-
ды.


241


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет