НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан ғылымы: жаңа үлгіде ілгерілеу



Pdf көрінісі
бет155/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан ғылымы: жаңа үлгіде ілгерілеу
2000-жылдары экономика мен мемлекеттік кірістің өсіміне орай ғылыми 
қызметті қаржыландыру да жақсара түсті. Ондаған жылдар ішінде қаржы-
ландыру он еседен де артып, 2000 жылғы 2 миллиард теңгеден 2011 жылы 
21 миллиард теңгеге дейін көтерілді.
1990-жылдардағы дағдарыс кезінде күрт азайған ғылыми қызметкерлер 
мен ғалымдардың саны қайта көбейді. Жаңа онжылдықтың алғашқы жар-
тысында-ақ олардың саны 20 процентке артты.
Ғылым салаларындағы жетістіктері үшін ғалымдарға Қ.Сәтбаев, Ш.Уәли-
ханов, М.Әуезов, Ы.Алтынсарин, Күлтегін атындағы сыйлықтар тағайындау 
да ғылыми қызметтің беделін қалпына келтірудегі елеулі қадам болды. 
2001 жылдың шілдесінде ғылым мен техника саласын жүйелейтін 
«Ғылым туралы» заң қабылданды.
Ұлттық Ғылым академиясының мәртебесі үлкен пікірталас тудырды. Ға-
лымдардың бір бөлігі ғылыми жұмыстардың үйлестірілуіне осы мекемені 
жауапты ету мүмкіндігін және ғылымға бөлінетін қаржыны сақтап қалуды 
жақтады. Дегенмен академияның мұндай шаруаны тиімсіз атқарғаны өт-
кен жылдарда байқалған еді. 2003 жылдың наурыз айында Ұлттық Ғылым 
академиясы республикалық қоғамдық бірлестік болып қайта құрылды. 
Дау-дамай осымен тәмам болды.
2006 жылы Премьер-Министр басқаратын Жоғары ғылыми-техника-
лық комиссия жұмысын бастады. Нанотехнология мен жаңа материалдар, 
биотехнология, көмірсутегі және таукен-металлургия секторлары, ядролық 
технология мен жаңғыртылатын энергетика, информатика және ғарыштық 


280
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
технологиялар тәрізді басым бағыттар айқындалды. Гуманитарлық салада 
ұлттық идеяны Қазақстан дамуының негізгі бағыты ретінде зерттеуге ба-
сымдық берілді. 
2007–2012 жылдарға арналған Ғылымды дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы жаңашылдыққа, технология трансфертіне, ғылымның эко-
номикалық тұрғыдан пайда әкелуін арттыруға бағытталды. 
2000 жылдары жүзеге асырылған ғылымды басқарудың жаңа үлгісі 
тәжірибеде өз тиімділігін көрсетті. 
2008 жылы ғылыми мекемелер мен алдыңғы қатарлы жоғары оқу 
орындарының басын қосқан алты инновациялық-білім беру консорциумы 
құрылды. Соның ішінде екеуі – ядролық технология мен нанотехнология
халықаралық деңгейде.
Жоғары оқу орындары жанындағы инженерлік зертханалар мен тех-
нопарктер құру техникалық тұрғыдан қайта жабдықталу үшін өте маңызды 
қадам болды. 2010 жылдардың басында ғылыми жобалардағы ЖОО үлесі 
50 проценттен асты.
Ғылыми жобалар гранттық және мақсатты-бағдарламалық жүйе бо-
йынша қаржыландырыла бастады. 2011–2013 жылдары ұлттық ғылымды 
дамытудың басым бағыттары қатар айқындалды. Ол салалар – энергетика, 
шикізат пен өнімді терең өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық 
технологиялар, өмір туралы ғылымдар және үшінші индустриалық рево-
люция технологиялары. 
Экономика саласында ғана емес, ғылымда да өркендеу байқалған 
еліміздің жаңа даму кезеңінде мен Қазақстан ғалымдарына Мемлекет-
тік сыйлық тағайындау туралы шешім қабылдадым. Менің ойымша, бұл 
ғылыми қоғамдастық ризашылықпен қабылдаған, ғалымдарды жаңа 
белестерге жетелеген уақытылы қадам болды. Жаңа Мемлекеттік сый-
лық ғылым мен техника қайраткерлерінің қызметіне ерекше құрмет біл-
дірудің жоғары үлгісі болды және ғылыми ұжымға да, жеке тұлғаларға 
да табыс етілді. 2007 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік сыйлықтың 
алғашқы иегерлері болып «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы-
ның ғалымдары (президенті С. Әдекенов) және математик М. Өтелбаев 
танылды. 2009 жылы Мемлекеттік сыйлық Ұлттық ядролық орталықтың 
(директоры Қ. Қадыржанов), Геология ғылымдары институтының ға-
лымдар тобына (директоры Б. Рақышев) және математик У.Өмірбаевқа 
берілді. 2011 жылғы сыйлықты Микробиология және вирусология инс-
титутының ғалымдары (директоры А. Саданов) мен математик А. Жұ-
маділдаев иеленді.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
281
Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, Германия, Беларусь сияқты 
отыздан астам елдің ғалымдарымен қарым-қатынас табысты жалғасты.
2010 жылы Қазақстан магистратура, докторантура (PhD) ғалымдарын 
дайындаудың әлемдік үлгісіне өтті. Осы мамандарды даярлауға мемлекет-
тік тапсырыс өсе түсуде. 2011 жылғы мәлімет бойынша 5 мың магистр мен 
500 PhD доктор дайындалды.
Ғылым дамуының 2000–2010 жылдар аралығындағы көрсеткіші ғылымға 
жасалған реформа бағытының дұрыс болғанын байқатты. Ғылым қайта 
жанданып, жаңа белестерге қарай ілгері қадам басты. 
Білім мен ғылым жүйесінде жүргізілген ауқымды реформа айтарлықтай 
нәтиже берді. ЮНЕСКО атап өткендей, біздің еліміз осы салада сапалы 
секіріс жасай алды. Баршаға білім беруді дамыту индексі (Education for All 
Development Index) бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшылар төрттігіне 
енді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет