296
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2006 жылы мен өңірдегі жаңа сын-қатерлерді
қамти алатын Каспийдегі
тұрақтылық пакті идеясын ұсындым. Жобада «Каспий теңізі тек бейбіт мақ-
сатта ғана пайдаланылуы тиіс» деп көрсетілді. Дәл осы көзқарас Каспий
маңы елдері үшін өте қолайлы болды.
2007 жылдың қазан айында Тегеранда өткен Екінші Каспий саммиті
қорытындысында
бес ел декларацияға қол қойып, Каспий теңізін «бей-
бітшілік теңізі» деп жариялады. 2010 жылдың қарашасында Бакуде өткен
Үшінші Каспий саммитінде Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ын-
тымақтастық туралы келісім жасалды.
Саммите сөйлеген сөзімде мен Қазақстан тарапы жағалаудағы барлық
елдер үшін бәтуалы және өзара тиімді негізде Каспийдің құқықтық мәрте-
бесі мәселесін тез арада реттеуді қолдайтынын атап өттім. Біздің ұсынысы-
мызбен арнайы әлеуметтік жұмыс тобының жиналысы жылына бес ретке
дейін өтіп тұратын болды.
2010-шы жылдары Каспий теңізінен өтетін мемлекеттік шекаралар мәсе-
лесі Каспий маңы мемлекеттері үшін бұрынғысынша өзекті еді. Бес мемле-
кет Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау, теңіздегі аумақтарды
белгілеу мәселесін реттеу және оның ресурстарын игеруді ретке келтіру
туралы Конвенция қабылдауға тиіс болды.
Жағалау елдерінің ұстанымдарын жақындастырудағы және өзара тең
құқықты негізде ұзақ мерзімді мүдделерді қамтамасыз етудегі біздің сын-
дарлы жүрісіміз Каспийдің құқықтық мәртебесіндегі күрделі мәселелерді
оңтайлы шешуге ықпал етті. Қазіргі геоэкономикалық
перспективалар
және дәстүрлі қуат көздерін пайдаланудың жалпы әлемдік өсу үдерісі
жағдайында әлемдік қоғамдастықтағы Каспий өңірінің геосаяси маңызы
әлі ұзақ уақыт арта бермек.
Достарыңызбен бөлісу: