ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
287
ны сақтауға арналды. «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге
асырылған
алғашқы жеті жыл ішінде 78 мәдени-тарихи ескерткішті қалпына келтіру
жұмыстары жүргізілді. Олар – Ай ша Бибі, Арыстан баб, Абат-Бай тақ, Есім-
хан, Қарасопы, Мақұлтам, Ысқақ ата, Жабрайыл ата кесенелері, Қараман
ата қорымы мен «Абылай хан ордасы» кешені және басқалар.
2005 жылғы Жолдауда мен өткенді саралай отырып, «заманауи мәде-
ниетті жан-жақты дамыту» туралы баса айттым. Жаңа ғасырдың алғашқы
онжылдығында Тәуелсіздіктің мәдениет дәуірі алға зор қадамдар жасады.
Қазақстан әдебиеті де сенімді қадамынан жаңылған жоқ. 2003 жылы
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» роман-дилогиясы М.А.Шолохов
атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болды.
Авторлық кино да бұрынғыдай жоғары бағаға ие болып отырды. Серік
Апырымовтың «Үш ағайынды» кинофильмі «Киношок-2000» ТМД және
Балтық елдері фестивалінде арнайы жүлде, Дели Халықаралық кинофес-
тивалінде (2002 жыл) Гран-при жеңіп алды. Осы автордың «Аңшы» карти-
насы 2005 жылы «Ника» сыйлығын иеленді. Гүлшат Омарованың «Шиза»
туындысы «Кинотавр» сыйлығының ең үздік дебют аталымына (2004 жыл)
лайық деп танылды. «Киношок» (2004 жыл) фестивалінің Гран-приіне Рүс-
тем Әбдірашевтың «Қаладан келген қыз» картинасы ие болса, оның «Ста-
линге сыйлық» фильмі «Синемас Азия» фестивалінде (Франция, 2009 жыл)
Гран-при алды.
Көрерменге жол тартқан отандық алғашы блокбастер – «Көшпенділер»
фильмі (2005 жыл) әлеуметтік-мәдени саладағы айрықша оқиғаға айналды
(режиссерлері Иван Пассер, Сергей Бодров, Талғат Теменов). Қазақстан
– Ресей – Германия бірлесіп түсірген «Моңғол» (2007 жыл) тарихи фильмі
«Ника» жүлдесін иеленіп, «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Ақан Сатаевтың
«Рэкетир» (2007) фильмі үлкен табыспен көрсетілді.
Алматыда 2003 жылдан бастап «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі
жыл сайын өткізіле бастады. 2005 жылы халықаралық «Еуразия» кинофес-
тивалі қайта жанданды.
Бейнелеу өнері саласында Еркен Мергенов, Ерболат Төлепбай, Ай ша
Ғалымбаева,
Дулат Әлиев, Асқар Есенбаев, Кенжебай Дүй сенбаев, Үкі
Әжиев, Сәуле мен Әлібай Бапановтардың картиналары танымал бола түсті.
Театр сахнасында көрермендер Болат Аюханов, Рубен Андриасян,
Рай ымбек
Сей тметов, Есмұқан Обаев, Ләйлім Иманғазиналардың жаңа
қойы лымдарын зор ықыласпен қабылдады.
2003 жылы танымал скрипкашы, дирижер Марат Бисенғалиев құрған
Батыс Қазақстан филармониялық оркестрі Қазақстанда және шетелдерде
табысты гастрольдік сапарлар өткізді.
288
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Классикалық музыканы қастерлеушілер –
скрипкашылар Ай ман Мұ-
сақожаева мен Гауһар Мырзабекованың, пианиношылар Жәния Әубәкіро-
ва мен Гүлжәмила Қыдырбекованың, опера әншілері Нұржамал Үсенбаева
мен Әлібек Дінішевтердің өнерін бұрынғысынша жоғары бағалайды. Әнші
Май ра Мұхамедқызы, дирижер Алан Бөрібаев, пианиношы Әмір Тебени-
хин, скрипкашы Шернияз Мұсахан, пианиношы Оксана Шевченко тәрізді
жаңа жұлдыздар танымал бола бастады.
Заманауи әндер бағытында «А-студио» тобының бұрынғы әншісі Ба-
тырхан Шүкенов жеке орындаушылық жолға түсіп, өзін жаңа қырынан та-
нытты. Оның «Отан-Ана» атты 2002 жылы қазақ тілінде жарыққа шыққан
альбомы үлкен сұранысқа ие болды.
«Алматы – менің алғашқы махаббатым» ретроәндер фестивалі қа-
зақстандықтардың жүрегінен ерекше орын алды.
2001 жылы АҚШ-та өткен Бүкіләлемдік музыка бәйгесінде фолк-рок
орындаған «Ұлытау» тобының халықаралық
аренадағы жеңісі таңдай
қақтырды. Топ 2007 жылы «Алтын диск» жүлдесін иеленді. 2005 жылы
«Жаңа толқын» фестивалінде көрермен ықыласы аталымына әнші Мақпал
Исабекова ие болды.
2000-шы жылдардың соңында мәдениетті дамытуға бөлінген қаржы
еселене түсті: 2008 жылы қаржыландыруға 160 миллиард теңге жұмсалса,
2010 жылы 230 миллиард теңге бөлінді.
Әрбір жыл әлемге қазақстандық мәдениетті танытудың жаңа қадамы
бола берді. 2003 жыл – Ресейдегі, 2007 жыл – Украинадағы, 2009 жыл – Гер-
маниядағы, 2010 жыл Корея Республикасындағы Қазақстан жылы делінді.
2008 жылы Қазақстанның – Тәжікстан мен Моңғолиядағы, 2009 жылы – Бе-
ларусьтегі, Түрікменстандағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Сауд Арабия-
сындағы және Иорданиядағы мәдениет күндері өткізілді.
Тәуелсіздік дәуірінде мәдениетіміздің дамуының ең жоғарғы бағасы –
әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық болды. Оны мен та-
лантты жазушылар мен өнер қайраткерлеріне бірінші рет 2008
жылдың
желтоқсан айында табыстадым. Мемлекеттік сыйлықтың алғашқы иегерлері
– опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен Ә.Жақсыбековтің жетекшілігін-
дегі Астаналық архитекторлар тобы болды. Шығармалары Қазақстан Рес-
публикасының әнұранына айналған Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен
Нәжімеденовке құрмет білдіре отырып, 2010 жылы осы сыйлықпен ұлықта-
дым. Сондай-ақ Мемлекеттік сыйлық суретші Амандос Ақанаевқа берілді.
Осының бәрі Қазақстанның көпқырлы ерекше мәдениеті ХХІ ғасырдың
басында өзінің алтын дәуіріне қадам жасағанын айғақтады.