НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


ШЫҰ-ның халықаралық ұйым ретінде қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет166/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

ШЫҰ-ның халықаралық ұйым ретінде қалыптасуы
Жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығы «Шанхай бестігі» үшін жаңа са-
палық деңгейге – халықаралық ұйым деңгейіне өту уақыты болды. Осы 
процеске Қазақстан белсене атсалысты. 
2001 жылдың басында «Шанхай бестігіне» қатысуға Өзбекстан ниет біл-
дірді. Өзбекстанды қабылдау шешімі маусым айында Қытайдың Шанхай 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
301
қаласында өткен саммитте қабылданды. Бұл халықаралық ұйымды жа-
сақтаудың соңғы нүктесі саналды. 
2001 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық 
Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Рес-
публикасы мен Өзбекстан Республикасы басшылары Шанхай ынтымақтас-
тық ұйымы құрылғанын жариялады. Мен осы бір жаздың жайлы күнін әлі 
ұмытқаным жоқ. Осының бәрі жаңа ғасырдың басында жаһандық әлемнің 
көпмәнді символына жылдам айналып бара жатқан қалада өтуінің өзі де 
ерекше белгі іспетті еді.
Біріккен Декларацияда «бестіктің» өзара сенімі негізінде құрылған 
«Шанхай рухы» – баға жетпес игілікке айналғаны және жаңа ғасырда ол 
ШЫҰ үшін қалыпты жағдай саналып, кеңейе беретіні айтылды. Сол 2001 
жылдың маусым айының өзінде-ақ терроризммен, сепаратизм және экс-
тремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясы бекітілді. 
Бір жылдан соң, 2002 жылдың 7 маусымында, Санкт-Петербургте 
ШЫҰ мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті. Ол ШЫҰ-ның институт-
тық рәсімделуін жалғастырды. Екі маңызды актіге: негізгі жарғылық құжат 
– ШЫҰ Хартиясына және ШЫҰ-ның жабық альянс емес екенін, ынтымақта-
суға әзір екенін дәлелдеген декларацияға қол қойылды. 
2003 жылдың мамыр айында Мәскеуде өткен ШЫҰ саммитінде ұйым-
ның Бейжіңде штаб-пәтері бар хатшылығын және Ташкентте штаб-пәтері 
бар Өңірлік антитеррорлық құрылымын құру туралы шешім қабылданады. 
Сонымен бірге Мемлекет, үкімет басшыларының және сыртқы саясат ме-
кемелерінің кеңесі туралы ережелер бекітілді. 
2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ халықаралық өмірдің дербес 
факторы ретінде және өзіндік механизмдері қалыптасқан толыққанды ха-
лықаралық құрылым ретінде қызмет ете бастады.
ШЫҰ елдері басшыларының оныншы кездесуі 2005 жылдың 5 шілдесін-
де өтті. Осы жиынның Қазақстанның жас елордасы Астанада өткізілуі де 
жақсы нышан еді. Жиында мен мемлекет басшыларына ұйымның рөлін 
ынтымақтастықтың жаңа «институттық желісінің» маңызды бөлігі ретінде, 
бірін-бірі толықтырып тұратын «үштік» (ШЫҰ, АӨСШК, Әлемдік діндер көш-
басшыларының съезі) контексінде қарастыруды ұсындым. Астанада ШЫҰ 
мемлекеттері ынтымақтастығының терроризммен, сепаратизммен және 
экстремизммен күрес туралы тұжырымдамасының қабылдануы маңыз-
ды оқиға болды. 2004–2005 жылдары Моңғолия, Үндістан, Пәкістан және 
Иран ШЫҰ жанындағы бақылаушы елдер мәртебесін иеленді. 
2007 жылдың қаңтарында ШЫҰ Бас хатшысының лауазымына қа-
зақстандық дипломат Б.Нұрғалиев үш жыл мерзімге тағайындалды.


302
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2007 жылы Бішкекте өткен ШЫҰ саммитінің бас құжаты – Мүше мемле-
кеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық пен ынтымақ туралы келісімі 
болды. 
Менің ойымша, ұйымның экономика, энергетика, көлік және инвести-
ция салаларында елеулі перспективасы бар. Осы мәселелерді қазақстан-
дық дипломаттар 2000 жылдары өткен әрбір саммитте тұрақты түрде кө-
теріп отырды. 
2009 жылдың маусымында Екатеринбургте өткен ШЫҰ саммиті жаһан-
дық қаржы дағдарысы жағдайында өткізілді. Осыған орай мен қаржы мәсе-
лелерін шешуде өз ұстанымымды білдірдім. Менің идеям бойынша, ШЫҰ 
өңірдегі негізгі валюталар қоржынына бағынышты, ұлттық валютадан жоғары 
тұратын ортақ есеп айырысу бірлігін енгізерлік барлық мүмкіндіктерге ие еді.
2010 жылдың сәуір айында Ташкентте ШЫҰ мен БҰҰ хатшылықтарының 
ынтымақтастығы туралы ортақ декларацияға қол қойылды. 
Осылайша 2000 жылдары Қазақстан үлкен Еуразия кеңістігіндегі Қытай, 
Ресей, Орталық Азия мемлекеттерінің күші мен мүмкіндігі тоғысқан және 
үйлескен ШЫҰ-ның маңызды өңірлік ұйым болып қалыптасуына белсенді 
атсалысты. 
Қауіпсіздікті, тұрақтылықты қамтамасыз ететін және Балтық теңізінен 
Тынық мұхитына дейінгі Еуразияның алып кеңістігіндегі ынтымақтастықты 
жүйелі дамытуға жол ашатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының рөлін ай-
тып жеткізу мүмкін емес. 2001 жылдың қыркүйегінде АҚШ-та болған қай-
ғылы оқиғалар біздің өңірдегі бейбіт дамудың маңызды факторларының 
бірі болған – ШЫҰ-ның дер кезінде құрылғанын анық аңғартты. 2004–2011 
жылдар аралығында ғана Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның жемісті 
жұмысының арқасында бес жүзден астам лаңкестік әрекеттің жолы кесіліп, 
аса құнды – мыңдаған адам өмірін сақтап қалу мүмкін болғанын айтсам да 
жеткілікті. Бұл жаһандық қауіпсіздікке қосылған үлкен үлес емес пе?
Шындыққа тура қараған дұрыс. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 
жемісті қызмет етуінде Владимир Путиннің және оның ҚХР төрағасы қыз-
метінде бірін-бірі кезек алмастырған әріптестерінің рөлі өте зор. Ашығын 
айтқанда, Қытай мен Ресей сияқты мықты өңірлік әріптестер жанында сол 
кезде маған да оңай соққан жоқ. Ұйымның барлық қатысушының толық 
құқықтық теңдігіне негізделген форматы қажет еді. Бастапқы кезден-ақ 
ШЫҰ аясындағы барлық елдің тең құқықтылығын қолдаған Путин мен Цзян 
Цзэминнің бірауызды ұстанымы шешуші рөл ойнады. Осынысы үшін екеуі-
не де алғысым шексіз. Олардың пікірлесуін тамашалаудың өзі қызықты еді. 
Олар бір-біріне өте лайық әріптес бола білді. Сол шақта Ресей – Қытай 
қатынастары дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
303
Цзян Цзэминнің Қазақстанға жасаған соңғы сапарларының бірі – ШЫҰ-
ның кезекті кездесуіне байланысты болды. Мен оны Владимир Путинмен 
бірге өз үйіме шақырдым. Біз ұзақ әңгімелестік. Содан кейін өзіміздің бей-
ресми әңгімеміз кезіндегі дәстүрге сай ән айта бастадық. Цзян Цзэмин-
ге орыс әндері қатты ұнайтын. Мүмкін, Одақта өткен жастық шағы есіне 
түсетін болар. Кешқұрым аулада алдымызға кәуап тартылды, жұлдыздар 
жарқырап, ай көк жүзінде жүзіп бара жатты, Астананы қоршаған шет-
сіз-шексіз даланың таза ауасы мұрын жарды. Ешкім дастарқанға келуді ой-
лаған да жоқ. Жұлдыздар жыпырлаған аспанға қарап тұрмыз. Әнді сирек 
айтатын Владимир Владимировичтің өзі ыңылдап қосыла бастады. Өмірде 
ұсақ та өтпелі нәрсенің бәрі шетке ығысып, күндізгі қам-қарекет пен алаң-
ның бәрі түн тыныштығына сіңіп, адамдар бір-бірін сөйлемей-ақ түсінісетін 
сәттер болады. Үш адам, тағдырлары түрліше, өмірдің сабақтарынан бай-
сал тартқан үш азамат тұрды. Біздің арамызда тілдің де, мәдениеттің де, 
тарихтың да еш тосқауылы жоқ еді...
Ынтымақтастықтың шанхайлық үлгісі жаһандық қарым-қатынастар 
жүйе сінде ерекше маңызды орын иеленіп, жарқын болашаққа жол сала-
тынына сенімім өте зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет