ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
291
Қазақстанның үздік спортшылары 2004 жылы Афинада өткен Олим-
пиялық ойындарға қатысты. Бақтияр
Артаев Олимпиада алтынын алып,
дәстүр бойынша ең шебер боксшыға берілетін Баркер кубогын да иеленді.
Күміс жүлдені Геннадий Головкин (бокс), Сергей Филимонов (ауыр атле-
тика), Георгий Цурцумия (грек-рим күресі), Геннадий Лалиев (еркін күрес)
жеңіп алды. Дмитрий Карпов (онсайыс), Серік Елеуов (бокс), Мхитар Ма-
нукян (грек-рим күресі) қола жүлдегер атанды.
2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиялық ойындар үлкен спорт әлемін-
дегі маңызды оқиғаға айналды. Қазақстандық спортшылар бұл сында да
елімізді жақсы қырынан танытып, 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп
алды. Қазақстан жалпы есепте 205 мемлекет ішінде 29-орынға тұрақтады.
2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында биатлоншы Елена Хрустале-
ва олимпиада күмісін жеңіп алды. 2010 жылы спорттың жазғы олимпия лық
түрлері бойынша әлем чемпионаттарында қазақстандық атлеттер – 11 ме-
даль, Азия чемпионаттарында – 50 медаль, Азия кубоктарында – 6 медаль,
Еуразиялық ойындарда 131 медаль еншіледі.
Мен үлкен спорттың жалпыұлттық маңызын, сондай-ақ оның халық-
аралық аренада мемлекеттің лайықты имиджін қалыптастырудағы рөлін
жете түсіндім. Осыған орай, Қазақстан қатысушы ғана емес, ірі спорт жа-
рыстарын ұйымдастырушы да болуы қажет деп шештік. Менің бастамам-
мен 2006 жылы Қазақстан 2011 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығына ие
болды.
Бұл жетістік кездейсоқ емес еді. Өйткені Қазақстан Пусанда (Оңтүстік
Корея, 2002 жыл), Аомориде (Жапония, 2003 жыл), Дохада (Катар, 2006
жыл) және Чанчуньда (Қытай , 2007 жыл) өткен Азия ойындарында коман-
далық есеп бойынша абыройлы төртінші
орынды тұрақты иеленіп келе
жатыр еді.
2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматыда өткізілген
VII Қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар өте жақсы өнер
көрсетіп, 32 алтын, 21 күміс және 17 қола жүлде жеңіп алды. Қазақстан
құрамасы алтын жүлде саны бойынша Қысқы Азия ойындарының рекор-
дын жасады. Бұған дейінгі рекорд Жапонияға тиесілі еді. Алексей Полто-
ранин (шаңғымен жүгіру),
Ольга Новикова, Михаил Сорокин (шаңғымен
бағдарлау) – төрт-төрттен, Александр Червяков (биатлон) – үш, Николай
Чеботько (шаңғымен жүгіру), Юлия Галышева (фристай л), Игорь Закурдаев
және Дмитрий Кошкин (тау шаңғысы) екі-екі алтыннан иеленді.
Қазақстандық альпинистер де үлкен табыстарға қол жеткізді. 2010 жылы
Ерванд Ильинский бастаған Қазақстан командасы әлемде бірінші болып жер
шарындағы биіктігі сегіз мың метрден асатын 14 шыңның бәрін бағындырды.
292
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Республикада кәсіпқой спорт дамыды, бокстан, велоспорттан, футбол-
дан, хоккейден кәсіпқой клубтар құрылды. Қазақстандық боксшылар – Ва-
силий Жиров пен Геннадий Головкин әлемге танылды.
2006 жылы менің бастамаммен «Астана»
кәсіпқой велокомандасы
құрылды. Айтулы нәтижеге бірден қол жетті – сол жылы Александр Вино-
куров Испания «Вуэльтасында» топ жарды. 2009 жылы «Астана» велоко-
мандасы «Тур де Франс» мәртебелі көпкүндігінде жеңіске жетті. 2010 жылы
әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді.
Кәсіпқой велокоманданың табыстары арқасында «Астана» бренді спорт
әлеміне кең танымал болды.
2010 жылы қазақстандық және шетелдік боксшылардың басын қосқан
«Astana Arlans» кәсіпқой спорт клубы құрылды. Содан бері клуб Бүкіләлемдік
бокс сериясы (WSB) жобасына тұрақты қатысып келеді.
2008 жылы Астананың «Барыс» хоккей командасы алға үлкен қадам жа-
сады: Еуразия кеңістігінің ең жоғары дивизионында – Құрлықтық хоккей
лигасында ойнай бастады.
Қазақстан туы астындағы спорттық жеңістер синергетикалық әсер берді:
отаншылдықты мығымдады, жастарды саламатты өмір салтына бейімдеді,
Қазақстанның табысты өркендеп келе жатқан ел ретіндегі халықаралық бе-
делін арттыра түсті.