Қазақстан – АҚШ: жаһандық бейбітшілік
жолындағы стратегиялық әріптестік
Қазақстан – Америка қатынастары стратегиялық әріптестік принциптері
негізінде қарқынды дами берді. Президент кіші Дж.Буштың шақыруымен
318
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
18–22 желтоқсан аралығында жасалған менің сапарым 2001 жылдың маңыз-
ды сыртқы саяси оқиғасы болды. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік
шабуылдардан кейін шиеленісе түскен жаһандық жағдай да келіссөздерге
ерекше маңыз үстеді.
Алғашқы күннен-ақ Қазақстан терроризм мәселелерінде АҚШ арнайы
қызметтерімен белсенді ақпарат алмаса бастады. Біз әріптестерімізге қажет
көмек көрсеттік. Буш жеделдігіміз пен ашықтығымызға ризашылық білдірді.
Ауғанстандағы операциялар басталған кезде, Америкалық ұшақтардың
Қазақстан аумағы арқылы ұшып өтуі үшін әуе дәліздерін ашу мәселесі өте
шұғыл шешілді. Біз басына қиын жағдай туғанда Америка халқымен бірге
болдық. Қазақстан халықаралық лаңкестікке қарсы күштерге әуе кеңістігін
ұсынды, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және терроризммен күресте
сенімді одақтас бола білді.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиғадан кейін «тарих ақырының» оп-
тимизмі күн тәртібінен толықтай алынып тасталғаны бәріне анық болды.
АҚШ-қа лаңкестік шабуыл әлемнің жаңа тарихындағы шұғыл бетбұрыс
уақыты болды. Бірполярлылық сақталды, алайда адамзат өз дамуының
жаңа кезеңіне енді.
Менің сапарым кезінде қабылданған «Жаңа өзара қарым-қатынас» деп
аталған бірлескен декларацияда АҚШ президенті екеуміз екі елдің терро-
ризммен күрес және экономика салаларында ұзақ мерзімді стратегиялық
әріптестігі туралы мәлімдедік. Біз «Баку – Тбилиси – Жейхан» (БТЖ) мұнай
бағытын қолдау жайлы қарастырылған Энергетикалық әріптестік туралы ме-
морандумға қол қойдық. АҚШ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне көмектесуге және
баяғы қырғи-қабақ соғыс кезінде қабылданған Джексон-Вэник өзгертулерінде
қарастырылған саудадағы шектеулерді алып тастауға міндеттеме алды.
2006 жылдың маусымында БТЖ мұнай құбырына Қазақстан мұнайын
жіберу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін сол жылдың қыркүйегінде
АҚШ-қа жасаған сапарым да ерекше жылы атмосферада өтті.
Мен Буштардың Мэн штатындағы әулет иелігіне шақырылдым. Онда
бейресми жағдайда ең ықпалды америкалық әулеттердің бірінің отағасы,
Құрама Штаттардың қырық үшінші президенті кіші Дж.Буштың әкесі – үлкен
Дж.Бушпен екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық саясат мәселе-
лерін талқыладық.
Кіші Джордж Бушпен кездесулерімізді есіме алған кезде, біздің 2001
жылғы алғашқы кездесуіміз емес, 2006 жылғы екінші кездесуіміз көбірек
ойыма оралады. Атлант мұхитының жағасында баласымен кездесуімнен
бір күн бұрын үлкен Бушпен әңгімелескен едім.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
319
Әдетте АҚШ президенттері билік мерзімін аяқтаған соң, елдің қарапа-
йым азаматына айналады, саясатқа араласпайды. Шынында да солай, бірақ
бұл жердегі жағдай өзгешелеу. Ұмытпасам, Американың саяси тарихында
мұндай жағдай екі-ақ рет болған – он тоғызыншы ғасырдың бірінші жар-
тысында және жиырмасыншы, жиырма бірінші ғасырлардың тоғысында.
Және алдағы жүз жылда да қайталануы неғайбыл. Әкесі мен баласы әлем
тарихындағы ең екпінді және тұрлаусыз жылдары – ұлы елді 20 жылдың
12-сінде биледі.
Мэн штатындағы үлкен Буштың жазғы үйіне қонып шыққан соң, біз таңғы
сегізде мұхит жағасында отырдық. 2006 жылдың қыркүйегінің ашық таңы.
Ауада өрмекші өрмегі қалқиды. Тыныштықты толқындардың баяу дыбысы
ғана әредік бұзады. Кофе ішіп, суға ойлана көз тастаймыз. Миллиондаған
жылдар бұрын, түрлі саясат пен саясаткерлерге дейін, АҚШ пен Қазақстан
пайда болғанға дейін, тіпті мазасыз адамзат баласы пайда болғанға дейін
Атлант мұхитының толқындары дәл осылай жағаны шайып жатқан еді.
Бізден кейін де олар миллиондаған жылдар бойы осы жағалауларды соға
бермек. Мәңгіліктің куәгерлері – шағалалар ғана даурығыса шаңқылдап,
ерте күз таңының жылы ауасын тілгілей береді...
Осы кезде Буш қулана езу тартып, тыныштықты бұзды. «Сен Вашинг-
тонға бүгін ұшасың ғой. Менен бірдеңе сұрағың келетін болар? Көп
адамдар мені, әкесі болғандықтан, ұлыма барып, қолыма таяқ алып, оны
қабаттан-қабатқа қуалай алады деп ойлайды. Олай емес. Ол – АҚШ прези-
денті, ал біз – ол басқаратын елдің азаматтарымыз», – деді Буш. «Өтінішім
жоқ. Әңгімелесіп, қонақжайлық танытқаныңыз үшін, мұхит жағасындағы
осы бір тамаша таң үшін Сізге ризамын», – деп жауап бердім мен. Буш
болса: «Ұлыма ақыл айта алмаймын. Бірақ бір құпия сөзді сен арқылы ай-
тып жібергім келеді. Оның Good Man екенін айт. Түсінеді. Есіңде ме, өткен
жолы, 2001 жылы сен арқылы мен гольф туралы бір құпия сөз айтып жі-
беріп едім ғой. Ол түсінген», – деді.
2001 жылы бәрі дәл сол құпия сөзден басталып еді. Тағы сол «Сопақ»
бөлме (The Oval Offi ce). Біздің қасымызда сыртқы істер министрлері,
ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшілер, екі елдің елшілері бар. Амери-
калықтардан Колин Пауэлл, Кондолиза Райс болғаны есімде. Әдеттегі
амандықтан кейін, мен АҚШ-тың қырық үшінші президентінен кешірім
өтініп, қырық бірінші президент оған бір сәлем айтып жібергенін, оны
міндетті түрде айтқанымды қалағанын жеткіздім. Сәлем өте қызықты еді.
Бәрі ду күлді. Кіші Буш: «Қырық біріншіге айта берсеңіз болады – кімнің
кімді бүк түсіретіні белгісіз ғой», – деді. Әрине, әңгіме ауаны өзгеріп сала
берді.
320
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2006 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың сол кездегі президенті – кіші
Дж. Бушпен кездесуіміз кезінде Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті
елу елінің қатарына кіру жоспарын қолдайтыны айтылды. Ақ үйдің «Сопақ»
бөлмесінде саяси тақырыптағы әңгіме барысында кіші Джордж Буш сәл
кідірді де, маған зерттей қарап: «Джордж Вашингтон Америка халқының
тарихына қалай енсе, Сіздің де өз еліңіздің тарихында қалатын сондай
тамаша мүмкіндігіңіз бар ғой», – деді. Мұндай сөзді АҚШ президентінің
аузынан есту жылы әсер еткені рас. Сол кезде мені Джордж Буштың
шынайылығы мен ашықтығы таң қалдырып еді. Бұл – жоғары деңгейлі
әлемдік саясатта сирек кездесетін қасиет.
Мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жөніндегі мәселені де көтердім.
Табандылығымыз жемісін берді. АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстан
бастамасына ресми қолдау білдірді. 2000 жылдардың екінші жартысында
америкалықтар жағы «Үлкен Орталық Азия» тұжырымдамасын іске асы-
руға талпыныс жасап көрді. Алайда бұл орындалуы қиын шаруа еді. Сөйте
тұрса да, Қазақстан АҚШ үшін осы өңірдің негізгі мемлекеттерінің бірі бо-
лып қала берді.
2009 жылдың қаңтар айында Б.Обама АҚШ президенті қызметіне кірісті.
АҚ үйдің жаңа басшысының халықаралық қатынастардағы қақтығыстарды
азайтуға бағытталған алғашқы қадамдарына Қазақстан түсіністікпен қара-
ды және қолдады. 2009 жылдың сәуірінде Парламент Сенатының төрағасы
Қ.Тоқаевпен әңгіме барысында Б.Обама Қазақстан «АҚШ-тың досы және
сенімді әріптесі» екенін атап өтті.
Жаңа кезеңде Америка Құрама Штаттарымен қатынас Қазақстан Респу-
бликасы үшін сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала берді. Ын-
тымақтастығымызда ядролық қауіпсіздікті нығайту мәселесіндегі бірлескен
әрекеттерге негізгі күш жұмылдырылды.
2010 жылдың 11 сәуірінде Вашингтонда мен АҚШ президенті Б. Обама-
мен кездестім. Ол Қазақстанды «Орталық Азия өңіріндегі маңызды стра-
тегиялық әріптесіміз» деп атады. Біз екіжақты өзара әрекеттестікті кеңейту
мәселесін талқыладық және екі елдің жұмыс комиссиясын құруға келістік.
Әңгіме барысында Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы, жалпы Еуразия
кеңістігіндегі жағдайлар, сондай-ақ Қырғызстанда сәуірдің басында болған
ішкі қақтығыс қарастырылды. Көрші мемлекеттегі саяси күштерді жақсы
білетіндіктен, мен жағдайды шешу үшін қолымнан келетіннің бәрін істеуге
Обамаға уәде бердім.
Ертеңіне, 2010 жылдың 12 сәуірінде, Вашингтонда БҰҰ-ның ядролық
қауіпсіздік жөніндегі І жаһандық саммиті ашылды. Оған мен америкалық
тараптың шақыруымен қатыстым. Осы форумның мінберінде сөз алып,
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
321
мен ядролық саладағы халықаралық актілерге сараптама жасауды және
олардың бәрін бір бағдарламалық-стратегиялық құжатқа – ядролық қару-
ды көлденең және тікелей таратпау және жою жөніндегі жалпыға ортақ
әмбебап шартқа жинастыруды ұсындым.
Вашингтонға сапарымның қорытындысы бойынша АҚШ президентімен
бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Онда ядролық энергетика, ауыл шаруа-
шылығы, екі елдің азаматтық қоғамдарының байланысы сияқты қатынас-
тардың перспективасы атап өтілді.
Маған «Шығыс – Батыс» институты тағайындаған Бейбітшілік және пре-
вентивті дипломатия сыйлығы табыс етілді.
АҚШ президенті Б. Обамамен сенімге құрылған қарым-қатынасымыз
2010 жылдары Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары-
ның стратегиялық әріптестігін нығайтуда шешуші рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |