НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


ҰҚШҰ-дағы Қазақстан. НАТО-мен әріптестік



Pdf көрінісі
бет169/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

ҰҚШҰ-дағы Қазақстан. НАТО-мен әріптестік
Жаңа ғасыр халықаралық жағдайдың күрт ушығуымен ерекшеленді. 
Сыртқы сын-қатерлер саны өсе түсті, бұрын болмаған сапалық деңгейге 
көшіп, жаңа қалып таба бастады. 
АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде жасалған лаңкестік әрекет ха-
лықаралық қоғамдастықтың әлемдік террормен күресіндегі жаңа жаһан-
дық соғысының басы болды. 2000 жылғы Жолдауда ең маңызды мәселе 
– өңірлік қауіпсіздіктің құр сөзге құрылмаған, нақты жүйесін жасау маңыз-
ды екенін атап өткен едім. «Дәл осы мақсатта бізге Ұжымдық қауіпсіздік 
келісімі де, Шанхай бестігі де қажет», – дедім мен сол Жолдауымда. 


308
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жолдау қарсаңында ғана, 2000 жылғы шілде-қазан айларында, Қырғыз-
стан мен Өзбекстанның Қарулы күштері Қазақстанмен және Ресеймен бір-
лесе отырып, Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен облысы мен Орталық 
Азияның басқа да аудандарында бас көтерген, қарулы халықаралық лаң-
кестер тобы төндірген қатерді жойған болатын. 
Сол жылдың 11 қарашасында Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне қа-
тысушы мемлекеттердің сессиясы өтті. Қатысушылар лаңкестерді тойтару 
кезіндегі ортақ күш-жігерге баға берді. ҰҚК мемлекеттерінің басшылары 
Жылдам өрістету ұжымдық күштерін құру туралы шешім қабылдады.
2001 жылдың шілдесінде Ұжымдық күштер құрылды. Оған Қазақстан, 
Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан құрылымдары енді. Ұжымдық күштердің 
басқармасы Бішкекте орналасты. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі үшін Орталық 
Азия өңірі шешуші маңызға ие болды.
Өңірдегі және әлемдегі күрделі ахуалға байланысты 2002 жылдың 14 
мамырында Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен ҰҚК – 
ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) халықаралық ұйымы бо-
лып өзгертілді. 2002 жылдың 7 қазанында Кишиневте ҰҚШҰ жарғысына 
қол қойылды. Ол 2003 жылдың қыркүйегінде күшіне енді. ҰҚШҰ міндеті 
бірлесе отырып, әскери-саяси басқыншылардан, лаңкестік ұйымдардан 
және табиғи апаттардан қорғану болып белгіленді.
ҰҚШҰ-ның тәжірибелік маңызды міндетінің бірі – есірткі тасымалының 
жолын кесу. 2003 жылдан бастап ұйым аясында есірткіге қарсы «Канал» 
операциясы жүргізіліп келеді.
2007 жылдың қазанында Душанбеде өткен ҰҚШҰ саммитінде бітімгер-
шілік күштер құру туралы келісімге қол жеткізілді. 
ҰҚШҰ-ны нығайту үшін жасалған келесі қадам – Ұжымдық жедел ден 
қою күштерін құру шешімі болды. Ол 2009 жылдың ақпанында құрылды. 
ҰЖДК сыртқы агрессияны тойтаруға, терроризммен және экстремизммен, 
есірткі тасымалымен, қару контрабандасымен, трансұлттық қылмыспен 
күреске ұдайы жауынгерлік әзірлікте болатын күшке айналды. 
2009 жылдың қазанында Жамбыл облысындағы Мәтібұлақ полигонын-
да 7 мыңнан астам жауынгер қатысқан, ҰҚШҰ ҰЖДК-ның «Өзара іс-қи-
мыл-2009» ауқымды әскери жаттығуы өтті. Жаттығуды мен Ресейдің, Қыр-
ғызстанның, Тәжікстанның және Арменияның әріптес-президенттерімен 
бірге бақыладым.
2013 жылдың 30 қаңтарында Астанада Қазақстан Республикасы мен Ре-
сей Федерациясы әуе қорғанысының Біртұтас өңірлік жүйесін құру туралы 
келісімге қол қойылуы және оның штабы Алматыға орналасуы Қазақстан-
ның қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды қадам болды.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
309
2000 жылдары Қазақстан НАТО-мен ынтымақтастығын дамыта түсті. Біз 
2001 жылдың қыркүйегінен бастап Ауғанстандағы халықаралық лаңкестікке 
қарсы коалицияға транзиттік қолдау көрсеттік.
2002 жылдың қарашасында Солтүстікатлантикалық альянстың Бас хат-
шысы Дж.Робертсон Астанаға келді. 2006 жылы НАТО мен Қазақстан өңір-
лік қауіпсіздікті нығайтуды, терроризммен күресте ынтымақтаса жұмыс 
істеуді, сондай-ақ шұғыл азаматтық жоспарлауды негіз еткен серіктестіктің 
жаңа деңгейіне өтті.
2006 жылдан бастап Қазақстан Қарулы күштері (Қазбат) пен НАТО 
күштерінің бірлескен «Дала қыраны» бітімгершілік жаттығулары өткізіліп 
келеді.
Қазақстанның ҰҚШҰ жұмысына белсенді араласуы және НАТО-мен 
серіктестігі ұлттық және өңірлік қауіпсіздіктің нығаюына жол ашты, жаһан-
дық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қос-
ты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет