ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
315
2007 жылдың мамырында Ресей президентімен бірлескен шешім не-
гізінде Ангарск уранын байыту халықаралық орталығы ашылды.
В.В. Путинмен ұзақ жылдар бойғы қарым-қатынасымыздың маңызды
қыры – ашықтық, жауапкершілік және өзара түсіністік еді. Ресей прези-
дентінің сөзі мен ісі ешқашан бір-бірінен алшақ кеткен емес.
Әлемдік қаржы дағдарысының әсеріне қарамастан, 2008–2010 жылдар
мемлекетаралық қатынастар дамуының келесі кезеңі бола алды. Қазақстан
президенті Д.А. Медведевпен де, премьер-министр В.В. Путинмен де ор-
тақ қарым-қатынасты жоғары деңгейде ұстады.
2008 жылдың желтоқсанында Бурабайдағы «Қарасу» резиденциясында
Д.А. Медведевпен бейресми кездесу өткіздім. Біз Кедендік одақ құру про-
цесін жеделдетуге келістік.
2010 жылдың қыркүйегінде Өскеменде су нысандарына, пайдалы қаз-
балар кеніштеріне, темір жолға қатысты трансшекаралық мәселелер бой-
ынша келісімдерге қол қойылды.
Қандай қиын жағдай болса да, мен Қазақстан мен Ресей арасында
шешілмейтін мәселе жоқ екеніне кәміл сендім. Барлық мәселелер келісімге
келу мен уағдаластық арқылы шешіліп отырды. Сондықтан Қазақстан мен
Ресей арасындағы мұқият үйлестірілген мемлекетаралық қарым-қатынас-
тар – әлемнің барлық елдері үшін үлгі және өзекті.
2000-жылдар белсенді де ашық қарым-қатынастардың игілікті нәтиже
әкелетінін дәлелдеп берді. 2007 жылы желтоқсан айында МГИМО-да сөй-
леген сөзімде мен Дж. Кеннедидің АҚШ пен Канада қатынастарына қатыс-
ты айтқан: «География бізді көрші етті. Тарих бізді дос етті. Экономика бізді
серіктес етті. Қажеттілік бізді одақтас етті», – деген сөзін еске түсірдім. Қа-
зақстан мен Ресейдің қатынасы да сондай болуын мен тілек ретінде айттым.
Достарыңызбен бөлісу: