ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
311
қатар, ЕО ауыл шаруашылығына, азық-түлік саласына, құрылысқа, қаржы
мен транспортқа инвестиция құйды.
2000 жылдары Қазақстан халықаралық қоғамдастық пен Еуропа мойын-
даған жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Оның жарқын дәлелі – 2007 жыл-
дың желтоқсанында қабылданған – Қазақстанның 2010 жылы
ЕҚЫҰ-ға
төрағалығы жөніндегі шешім еді.
2007 жылы Владимир Путин Астанаға келген сапарында: «Нұрсұл-
тан Әбішұлы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа кандидатурасын Ресей
соңына дейін қолдайды», – дегені есімде. Шынымен де солай болды. 2007
жылдың 1 желтоқсанында Мадридте шешім қабылданып жатқанда, Вла-
димир Владимировичпен таңертең телефон арқылы сөйлестім. Сол кезде
де ол өзінің сөзсіз қолдайтынын нықтады. В.Путин – екі сөйлемейтін жан.
Арамызда ешқашан бірдеңені бүгіп қалу, түсінбестік болған емес. Әріптес-
тер алдындағы өз міндетін ол адал орындайды. Сөзінде тұратын, шешім
қабылдау қажет болғанда тиісті міндетке сай бола алатын, іскер адамға тән
қасиеттердің бәрі бар.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық туралы шешімнің ізін ала, 2008 жылғы Жолдауымда
мен экономикалық серіктестікті дамытуға, технология тартуға, ел заңдарын
жетілдіруге қызмет еткен «Еуропаға жол» атты
арнайы бағдарлама жария-
ладым. 2008 жылдың тамызында «2009–2011 жылдарға арналған «Еуропаға
жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлық шығарылды.
Бағдарлама Еуропаның көптеген саясаткерлерінің назарын аударған
жемісті жобаға, Қазақстанның жаһанданудағы бағытын айқындауда елеулі
құбылысқа айналды. Бағдарламаның арқасында Еуропаның беделді мем-
лекеттерімен жоғары деңгейлі диалогтерге қол жетті, Франция, Испания,
Италия және Түркиямен Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі шарт жа-
салды. Германиямен үкіметаралық бағдарламаға қол қойылды. 2010 жылы
Германияның Қазақстандағы жылы табысты өтті.
Сауда қатынастары да едәуір нығая түсті. 2011
жылы Қазақстанның
сыртқы сауда айналымының 50 проценті және мемлекетімізге тартылған
инвестицияның үштен бірі Еуроодақтың үлесіне тиесілі болды.
Жоғары
технологиялық деңгейге ие Еуропа елдері Жеделдетілген индустриал-
ды-инновациялық даму бағдарламасында Қазақстанның
негізгі серіктесі
болды.
2010 жылдың қазанында Брюссельдегі ЕО штаб-пәтеріне сапармен ба-
рып, Еуропалық Кеңес төрағасы Х.В. Ромпеймен және Еуропалық Комис-
сия төрағасы Ж.М. Баррозумен кездестім. 2011 жылы Еурокомиссия және
Еуропалық Кеңес төрағаларымен тағы да кездестім. ЕО-мен өзара тиімді
серіктестік қанатын жая түсті.
312
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2010-шы жылдардың басында Қазақстан ЕО-мен диалогта жаңа сапа-
лық деңгейге көтерілген Орталық Азия өңіріндегі бірінші ел болды. Оған
Еуропалық одақпен кеңейтілген серіктестік туралы жаңа келісім құқықтық
негіз болды.
«Еуропаға жол» бағдарламасының
маңызды бөлігі Қазақстанның
құқықтық жүйесі мен қоғамдық-саяси институттарының еуропалық тәжіри-
бені ескере отырып дамуы еді. 2012 жылдың наурыз айында Қазақстан
сайлау құқығы саласында жұмыс істейтін «Құқық арқылы демократияға»
Венециялық комиссиясына мүше болды. Еуропалық парламентпен, ЕҚЫҰ
Парламенттік ассамблеяларымен және Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық
серпінді дамыды.
«Еуропаға жол» бағдарламасы сәтімен жүзеге асырылды. Мұның бәрі
жаһандық әлемдегі Азия өңірі мен мемлекеттерінің арта түскен рөлін еске-
ре отырып, Қазақстан еуропалық ынтымақтастық
векторын да лайықты
бағалайтынын куәландырады.
Достарыңызбен бөлісу: