ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
317
2010 жылдың маусымында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға келді.
Ол стратегиялық әріптестікті дамытуға қатысты бес ұсыныс білдірді. Олар
– стратегиялық өзара сенімді нығайту; іскерлік ынтымақтастықты кеңейту
және ортақ мүдделерге қол жеткізу; гуманитарлық салада белсене жұмыс
істеу және достықты нығайту; өңірлік тұрақтылықты қолдау; көпжақты өза-
ра әрекеттестік және біріккен мүддені қорғау. Мен ҚХР төрағасының баста-
масын толық қолдадым.
2011 жылдың ақпан айында мен ҚХР-ға тағы бардым. Жиі сапар алма-
суымыз маған және ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоға екіжақты қатынастарды
жоғары бағалауға және оны жаңа деңгейге көтеруге қатысты ортақ пікірге
келуімізге мүмкіндік берді.
Біздің тараптар Іле және Ертіс өзендерінің суының сапасын екі жақтан
да бақылап тұруға мүмкіндік беретін Трансшекаралық өзендер туралы
үкіметаралық келісімге қол қойды.
Қазақстан ҚХР-дағы атом электр стансалары қажеттілігінің 40 процентке
жуығын өтейтін уран жеткізу туралы келісім жасады. Шикізаттық емес сек-
торлардағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сол кезде
мен Қытай Қазақстанды сенімді көршісі деп санайтынын және осы сенім
біздің экономикамыздың қозғаушы күші болатынын айттым.
2011 жылдың 13–14 маусым күндері, Астанаға ШЫҰ мерейтойлық саммиті
қарсаңында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға кезекті сапармен келді. Біз
Жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі бірлескен декларация-
ға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша және ұлттық валюталары-
мызбен алмасу туралы келісімге қол қойдық. 2005 жылы біз қатынастарымыз-
дың стратегиялық деңгейі туралы айтқан болсақ, енді 2011 жылы стратегиялық
әріптестіктің жан-жақты бола түскенін салтанатты түрде жарияладық.
2000-шы жылдар жоғары деңгейдегі тұрақты байланыс Қазақстан мен
Қытай арасындағы оң қарым-қатынасты дамытудың басты мәні болғанын
көрсетті. Жаңа ғасырдың бірінші онжылдығының ортасында Қазақстан –
Қытай қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілсе, ол Қытай
Халық Республикасы басшыларының үшінші және төртінші буыны – Цзян
Цзэминь мен Ху Цзиньтао алдындағы Қазақстан Республикасының беделі-
не байланысты болғаны даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: