ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
343
байы негізінде, еліміздің дамуының ұзақ мерзімді әмбебап стратегиясын
жасап шығу міндеті тұрды. Бұл жерде ақырғы шешімді өзім қабылдадым.
«Қазақстан-2050» стратегиясының бұрынғы бағдарламалардан түбе-
гейлі айырмашылығы уақытының аса ұзақтығында еді – меже 2050 жыл бо-
лып белгіленді. Бұл меже кездейсоқ таңдалған жоқ: БҰҰ-да Қазақстанның
тікелей қатысуымен өркениетті дамытудың 2050 жылға дейінгі жаһандық
болжамы дайындалған болатын. Еліміз – ұзақ мерзімді, ғасырымыздың
ортасына дейін белгіленген ұлттық стратегиямен жарақтанған бірінші ел
болды.
Жаңа бағыт туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында – 2012 жылдың 14 жел-
тоқсанында жариялануы да кездейсоқтық емес. Өйткені ерекше тарихи
маңызды Жолдау – еліміздің ең басты мемлекеттік мейрамы қарсаңында
әр қазақстандықтың жүрегіне жетуі қажет еді.
Мені бұл стратегиядан әр адам өзінің және балалары мен немерелері-
нің болашағының жобасын көрсе деген тілек құлшындырды. Сондықтан да
мен еліміз үшін стратегиялық мәні бар бұл құжатта көкжиектен қол бұлғаған
қазақстандық арман-аңсарға апарар жолды көрсетуге тырыстым.
Достарыңызбен бөлісу: