324
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2003 жылдың мамыр айында мен Түркияға қарымта сапар жасадым.
Түрік президентімен кездесуде біздің
екіжақты қарым-қатынасымыз-
ды жаңа деңгейге көтеретін сәт туғаны жайлы ойымды айттым. Екіжақты
мәлімдемеде біз Қазақстан мен Түркия стратегиялық серіктестікке бағдар
ұстай беретінін атап көрсеттік.
Ыстанбұлдағы сыртқы экономикалық байланыстар кеңесіндегі қабылдау
кезінде көлік инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын айтып өттім. Атап
айтқанда, Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасында Қазақстан мұнай-
ын есепке алу қажет екенін де түсіндірдім. Премьер-министр Р. Ердоған пайда
болатын транспорт жүйесін Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан деп атауды ұсынды.
Қайтар алдында 1990 жылдары менімен тығыз әрі жемісті ынтымақтас-
тықта болған Түркияның бұрынғы президенті С.
Демирелмен достық кез-
десу өткіздім.
2007 жылдың қазанында менің шетелдік сапарларымның жобасына
Түркия тағы да енгізілді. Осы жылдың тамыз айында президент болып
А. Гүл сайланған еді. Қазақстан жағы БТД мұнай құбырының соңғы нүктесі
– Жейхан портындағы мұнай өңдеу зауытының құрылысына қызығушылық
танытты.
2007 жылдың желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
күніне орай Түркия президенті Астанаға сапармен келді. Біз ұзақ мерзімді
экономикалық әріптестік жоспарына қол қойдық және Бакуге мұнайды тан-
кермен жеткізу мәселесін талқыладық.
Ал 2009 жылдың қазан айында Түркия Республикасына тағы бір сапар
жасадым. Осы сапарда біз қол қойған Стратегиялық серіктестік жөніндегі
келісім тарихи оқиғаға айналды.
Екі елдің ынтымақтастығын дамыту мен түркітілдес
елдердің көшбас-
шылығына қосқан үлесім үшін А.Гүл мені жоғары мемлекеттік марапат –
Түркия Республикасының орденімен марапаттады. Түркия президенті:
«Қазақстан – бауырлас ел. Сол үшін де біз он жеті жыл армандаған Түрік
Кеңесін құрдық», – деп мәлімдеді.
Ыстанбұлда өткен бизнес-форумда мен түрік жағын Қазақстанның ин-
дустриалды жобасының басым салаларына инвестиция құюға шақырдым.
Түрік кәсіпкерлеріне сөз арнай отырып, Қазақстан экономикасына инвес-
тиция салу оларға үлкен табыс әкелетініне уәде бердім.
2010 жылдың мамыр айында Түркия президенті А. Гүл Қазақстанға тағы
бір сапарлап келді. Атап айтарлығы, біз Шымкент қаласында кездестік.
Түрік көшбасшысының сапар бағдарламасы Түркістандағы Қожа Ахмет
Ясауи кесенесінен басталды.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
325
Астанада жалғасқан келіссөздер барысында мен түрік инвесторла-
рының нақты жобаларын қамтитын бірлескен экономикалық бағдарлама
әзірлеуді ұсындым. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің Кеден
одағы қосымша мүмкіндік туындататынын да айтып өттім.
2010 жылы біздің кездесуіміз Астанада – Астана күні мерекесінде
(6 шілдеде), ЕҚЫҰ саммитінде (1–2 желтоқсанда) және Ыстанбұлда – III
АӨСШК саммитінде (маусым), Түркітілдес мемлекеттер басшыларының
Х саммитінде (қыркүйекте) жалғасты. 2011
жылдың қазан айында Қа-
зақстанда бірлескен экономикалық аймақтар құру жөніндегі меморан-
думға қол қойылды.
Түркияда қазақ халқының тарихи тұлғаларына – Абылай ханға, Қабан-
бай батырға, Абайға, Мағжан Жұмабайұлына, Мұхтар Әуезовке ескерт-
кіштер қойылды.
2009
жылы Астанада, Есіл өзенінің жағасында Түрік Республикасы-
ның негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің ашылуы да Қа-
зақстан Республикасының достық қадамы болды.
Достарыңызбен бөлісу: