Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы:
еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығына барар жолда
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынты-
мақтастықты нығайтудағы маңызды қадам – 2003 жылы бірінші рет көтеріл-
ген Қазақстан төрағалығы мәселесі болды.
Әуел баста осы төрағалықты мен біздің қауіпсіздігімізді нығайту биігі-
нен қарастырдым. Біздің сыртқы саясатымыздың қашанда «үлкен кеңістік»
және «үлкен идея» саясатын бағдар етіп ұстауын жақтадым. «Сенімді ке-
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
329
лешекке» қол жеткізу үшін бүгін жаһандық деңгейде ойлай білу маңызды.
Бұл – заманауи мемлекеттің қауіпсіздігінің шарты.
Біздің құрылымы күрделі және жылдам өзгеріп отыратын әлемімізде өз
дәулетті тұрмысымыздың «тәуелсіз қабырғасын» тұрғызып алу жеткіліксіз.
Қайдағы бір «тұрақтылық аралдары» туралы қатып қалған жалған аңыздар-
дан ада-күде арылу қажет. Ондай «аралдар» болған емес, жаһанданып
жатқан әлемде болуы мүмкін де емес. Қауіпсіздік қандай да шекаралармен
немесе шартты сызықтармен бөліне алмайды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бірегей құрылым
болып саналады. ЕҚЫҰ жауапкершілік аумағы жағынан болсын, жұмысы-
ның нақты аумағы жағынан болсын, трансқұрлықтық сипат иеленген ұй-
ымға баяғыда айналып кеткен.
2000-шы жылдары ЕҚЫҰ қызметінде «блоктық» сипаттың белгілері
байқалып, посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттермен қарым-қатынаста қай-
шылық өрши бастады. Осы кезеңде Қазақстан өз саясатын Ұйымның тұтас-
тығын нығайтып, бір жағынан Батыс елдерінің, екінші жағынан Еуразияның
текетірес деңгейін төмендетуге ыңғайлы етіп құра алды.
Төрағалыққа кірісе отырып, біз өз бағытымызды айқындап алған едік.
Ең алдымен, бұл – ХХІ ғасырда Ұйым өзі жинақтаған барлық тәжірибені
барша Еуразияда – жағалауларын Атлант, Тынық, Солтүстік мұзды және Үнді
мұхиттары шайып жатқан кеңістікте жаңа ауқымды қауіпсіздік жүйесін жасап
шығаруға пайдалана алады және пайдалануға тиіс деген үлкен сенім.
Еуропа үшін бір саясат, Азия үшін мүлде басқа саясат жүргізу мүмкін
емес екенін мойындауымыз қажет. Осы кеңістіктегі тұрақтылықты болашақ
ұзақ мерзімді жоспарда трансеуроазиялық қауіпсіздік жүйесін құру арқылы
ғана нығайтуға болады.
Қауіпсіздік туралы кең ауқымда айтқан кезде, мен ЕҚЫҰ-ның өзін қоса
алғанда, бірқатар халықаралық құрылымдардың болашақ өзара әрекеттес-
тігін меңзеймін. Әңгіме Қазақстан бастамасымен құрылған, бүгінде жиыр-
ма екі азиялық мемлекеттің басын қосқан АӨСШК процесі төңірегінде де
болып отыр.
АӨСШК – ЕҚЫҰ-ның азиялық баламасы ретінде құрылғаны жасырын
емес. Мұнда өзара әрекеттестік жасауға болатын ауқымды кеңістік бар.
Өйткені АӨСШК-ге мүше жиырма екі елдің оны – ЕҚЫҰ мүшесі немесе
оның азиялық серіктесі. Яғни осы екі қауіпсіздік құрылымының бірін-бірі
өзара толықтыра алатыны жайлы айтуға болады.
2010 жылы Ыстанбұлда өткен АӨСШК-нің үшінші саммиті аясында
АӨСШК мен ЕҚЫҰ-ның алғашқы институционалдық форумы болашақтағы
330
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
қауіпсіздіктің трансконтиненталдық белдеуін құрудың негізін іс жүзінде қа-
лағанын атап өткім келеді.
Сонымен қатар біздің шамалағанымыздай, ЕҚЫҰ-ны тоқырау жағдайы-
нан шығару қажет еді. ЕҚЫҰ-ның болашағын айқындайтын мәселе – «ол
ХХІ ғасырда әлемнің алуан сипаттылығын мойындайтын құрылым ретінде
қалыптаса ала ма, әлде, бұрынғы дәстүрі бойынша, Батыс өзін еуразиялық
кеңістіктен оқшау ұстайтын сегменттелген ұйым болып қала берсе?» деген
сұрақ.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының екінші жартысынан бастап ЕҚЫҰ
бірте-бірте өз тұғырын әлсірете бастады. 1999 жылғы Ыстанбұл саммитінен
бастап Ұйым жаһандық қарқынды өзгерістер кезеңінде «адасып қалды».
ЕҚЫҰ-ға мүше елдер қауіпсіздіктің әскери, гуманитарлық және экономика-
лық өлшемдерінің іргелі мәселелерін түсінуде түрлі тәсілдер ұстанды.
Үшіншіден, ЕҚЫҰ-ның жетекші елдері арасындағы тікелей диалогтар-
дың құндылығы мен пәрменділігін қалпына келтіру қажет болды.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер мен кездесулер болмай, сенімнің ор-
нығуы мүмкін емес. Ұйымның саммит алаңдарында бір-бірімен кездеспе-
ген қалпы, кейбір мүше елдердің саяси басшыларының бүтін бір буыны
ауысып кетті.
1975 жылдан бастап ЕҚЫҰ тарихында жоғары деңгейде өткен кездесу-
дің саны алтау ғана екенін атап өткен жөн. Ұйымның жарғысы бойынша
екі-үш жылда бір рет өткізілуге тиіс болса да, осындай саммит соңғы рет
1999 жылы өтті. Осынау он бір жылдық үзіліс ЕҚЫҰ-ның қазіргі қызметінің
жай-күйін айқын дәлелдеді: бәтуа негізінде шешім қабылдауға тиіс Ұйым-
ның өзінде бәтуа көптен бері жоқ еді.
Сондықтан мен жаңа ғасырда, жаңа сападағы геосаяси және экономи-
калық жағдайда ЕҚЫҰ мемлекет және үкімет басшыларының деңгейінде
кездесу өткізетін уақыт жеткенін түсіндім. Ақыр аяғында мен келтірген се-
бептер қолдау тапты.
Біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыз оқиғасы аса шиеленісті, соңы әдемі дра-
маны елестетеді. Мен әуел бастан-ақ ұйымға жаңа тыныс беру қажет де-
ген ойдан айнымадым. Ұсынатын нәрсеміз де аз емес еді. Бірақ күрестің
қызып кеткені сонша, кейбір мемлекет басшыларымен жеке сөйлесіп сен-
діруге тура келді.
ЕҚЫҰ Қазақстанның бастамасын мүлде күтпегенін аңғартып алды. Өйт-
кені сол кезде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ешбірі осы бір маңызды ха-
лықаралық ұйымның төрағалығына ұмтылып көрмеген еді. Одан бөлек,
менің ұсынысымның бір емес, екі ерекшелігі болды: бірінші рет еуропалық
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
331
ұйымды басқаруға орталықазиялық мемлекет, мұсылман тұрғындары ба-
сым түркітілдес ел ұмтылды. Әрине, осы жағдайдың бәрі кәдімгідей қарсы
әрекет тудырғаны рас. Сол кездері ЕҚЫҰ-ны дәстүрлі түрде Батыс Еуро-
па елдері, Еуроодақ мүшелері басқаратын. Тіпті 1999 жылы ЕҚЫҰ саммиті
Ыстанбұлда өткен кезде, ЕҚЫҰ төрағасы Австрия еді.
Қазақстанның бастамаларының алға басуында Ресей мен жаңа тәуелсіз
елдер маңызды рөл атқарды. 2005 жылдың тамызында ТМД саммитінде
Қазанда Қазақстан кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды. Ол
шешім 2007 жылы қазан айында Душанбеде нақтыланды. Қазақстан ТМД
елдерінің ұжымдық мандатын алды.
Дегенмен ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығы жобасының алға жылжуы
оңай болған жоқ. Мен әлемдік саясатта қалыптасып қалған стереотиптерді
артта қалдырудың тым қиын соғарына да дайын едім. Бірақ Қазақстан кері
шегінген жоқ, алға қадам баса берді.
2006 жылы келіспеушіліктен мәселе шешілмей қалды, ал 2007 жылы
қызық жағдай болды. Мен көптеген батыс елдерінің көшбасшыларымен
жеке сөйлестім. Кіші Дж.Бушпен Вашингтонда пікірлестім. Оның әзілі де
есімде. Буш мемлекеттік хатшы Кондолиза Райсқа бұрылды да: «Біз әлі осы
ұйымға мүшеміз бе?» – деп сұрады. Күліп алдық. Дегенмен Буш тәуекелге
барудың қажеті жоқ екенін, Қазақстанды бүкіл әлем қас қақпай қадағалай-
тынын, төпелеген сынның астында қалатынымызды айта бастады. Бірақ
менің ұстанымым берік еді. Ақыры АҚШ президенті мемлекеттік хатшыға
тапсырма берді, ал мен өз командама мәселені терең зерттеп, мәмілелі
шешім табуды тапсырдым.
Қазақстанның бастамасын табандылықпен, жүйелі түрде алға бастыр-
дық. Мен ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекеттің барлық басшысымен дерлік келіс-
сөздер жүргіздім. Бір емес, бірнеше рет. Соңғы күнге дейін мен мәселені
жеке бақылап отырдым.
Ақыр аяғында Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына қатысты пікірта-
лас оң нәтиже берді. 2007 жылдың 29 қарашасында Мадридте ЕҚЫҰ сырт-
қы істер министрлері кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы 2010
жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланды.
Бір аптадан кейін, 2007 жылдың 7 желтоқсанында шетелдік дипломатия-
лық корпуспен кездесу кезінде мен Қазақстанның ұйымның еуроатлантика-
лық және еуразиялық кеңістікті біріктіретін бірегей диалог алаңы ретіндегі
беделі мен рөлін нығайтуға үлес қосуға ниеттеніп отырғанын мәлімдедім.
ЕҚЫҰ-дағы төрағалық Қазақстан үшін кезеңдік тарихи оқиға болды,
біздің әлемдегі орнымызды күшейте түсті. Бұл ірі халықаралық табыс еді.
2010 жылдың тамызында ЕҚЫҰ бас хатшысы М. Бришамбо біздің еліміздің
332
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жаһандық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға қосқан маңызды үлесін бағалай
келіп: «Кең ойластырылған саясатының арқасында Қазақстан әлемдік
қоғамдастықтың жаңа қадірлі мүшесіне айналды. Қазақстанның бүгінгі
жетістігі – үлгі етуге тұрарлық мысал», – деп атап өтті.
Жаңа тәуелсіз мемлекет қолы жеткен табысты қанағат тұтып отырып
қалған жоқ. Барлық жағдайды кең таразылай келіп, мен ЕҚЫҰ саммитін
Астанада өткізуді ұсындым. Бұған дейін мұндай жиын он бір жыл бойы өт-
кізілмеген еді. Бірақ оған қол жеткізу бұрынғыдан да қиын болды.
Көптеген елдер бастапқыда біздің ұсынысымызды қабылдаған жоқ.
Сондықтан тағы келіссөз жасай алу машығымды көрсетуіме тура келді.
2010 жылдың ортасына қарай таразы басы Қазақстан жағына қарай бұры-
ла бастады. 3 тамызда ЕҚЫҰ СІМ басшылары кеңесі Қазақстанда Саммит
өткізу жөніндегі ортақ шешім қабылдады.
Осылайша зор жұмыс атқарылды, 2010 жылдың 1–2 желтоқсанында
Астана ЕҚЫҰ саммитін салтанатты түрде қарсы алды.
Астана саммитінде сөйлеген сөзімде мен Астанада еуроатлантикалық
және еуразиялық бірыңғай және бөлінбейтін қауіпсіздік қоғамдастығын қа-
лыптастыруға жол ашылғанын мәлімдедім және мүлде жаңа міндет – Еура-
зиялық қауіпсіздік туралы шартты дайындау міндетін алға қойдым.
Қазақстанның табандылығының арқасында ЕҚЫҰ саммитінің Астана де-
кларациясына, осы көпқырлы ұйым тарихында бірінші рет, «еуразиялық
қауіпсіздік» деп аталатын жинақы ұғым енгізілді. Ол ЕҚЫҰ үшін де, бар
әлем үшін де перспективалы жаңалыққа айналды.
Екінші желтоқсаннан үшінші желтоқсанға қараған түнгі қорытынды бас-
пасөз мәслихатында Берлин дуалының құлатылуын еске ала отырып, мен
«Астанада тозығы жеткен басқа бір дуалды – Еуропа мен Азияны бөліп
тұрған дуалды бөлшектеу процесі басталды», – деген ойымды айттым.
Мұны саясаткерлер мен сарапшылар әлі бір емес, бірнеше рет естеріне
түсіретініне сенімдімін.
Осындай процесті бастап кетуге Қазақстанның толық құқығы бар.
Саммитте Италия премьер-министрі С. Берлусконидің «Астана рухы» –
«төзімділік пен өзара сыйластықтың», «түрлі ұлт пен дін өкілдері бейбіт-
шілік пен келісімде өмір сүріп жатқан» елдің рухы», – деп атап өтуі тегін
емес.
1975 жылғы Хельсинки саммиті Еуропалық қауіпсіздік қоғамдастығына
жол ашса, 2010 жылғы Астана саммиті бірінші қадамын одан да ұзағырақ –
Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығына қарай жасады.
ЕҚЫҰ саммиті үлкен дүмпу тудырды. Астана әлемдік қоғамдастықтың көз
алдында жаһандық саяси тестті «беске» тапсырды. Мен Астанадағы ЕҚЫҰ
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
333
саммиті Тәуелсіздігіміздің алғашқы екі онжылдығындағы сыртқы саяси қыз-
метіміздің қисынды жалғасы, сонымен қатар биік шыңы деп санаймын.
Біздің төрағалығымыздың бірнеше нәтижесін ерекшелеп айтқан дұрыс.
Бірінші: ЕҚЫҰ-ны басқара отырып, біз барлық әріптестеріміздің ауқым-
ды көмегімен ЕҚЫҰ-ға «жан бітіру» жоспарын ұсындық және іске асыр-
дық. Барлық қатысушы елдердің және әріптестердің, сондай-ақ алдыңғы
қатарлы халықаралық ұйымдардың 73 ресми делегациясын жинаған Аста-
на саммиті осы бір ірі халықаралық қауіпсіздік құрылымындағы өзгерістер
туралы диалогқа дайын екенін көрсетті.
Геосаясатта екі нүкте арасындағы қысқа қашықтық үнемі тіп-тік бола
бермейді. ЕҚЫҰ үшін Ыстанбұлдан Астанаға дейінгі жол он бір жылды қа-
жет етті. Сондықтан ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің тарихи маңыздылығы
даусыз. Саммит мінберінен барлық қатысушы елдердің Ұйымды жаңа са-
палық деңгейге шығаруға мүдделі екенін байқататын көптеген ұсыныстар
айтылды.
Екіншіден: Қазақстан БҰҰ, Ядролық сынақтарға ортақ тыйым салу шар-
ты ұйымы, НАТО, Еуроодақ, Еуропа кеңесі, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ИКҰ және
басқа да беделді жаһандық және өңірлік құрылымдардың өкілдері кеңесін
өткізу арқылы елдер арасындағы диалогтерді кеңейтіп, ЕҚЫҰ процесіне
инновация енгізді. Біз еуропалық қауіпсіздік ұғымының құрлық аясынан да
кең екені жайлы тезисті жүйелі және белсенді түрде алға жылжытып отыр-
дық. Соның нәтижесінде ЕҚЫҰ-ның саяси сөздік қорына еуроатлантикалық
және еуразиялық қауіпсіздіктің ортақ және бөлінбейтін кеңістігі деген ұғым
толықтай енді.
Үшінші: Қырғыз Республикасындағы қақтығыстың шешімін табуда Қа-
зақстан Республикасының әрекеті зор бағаға ие болды. Қазақстанның
әлемдік көшбасшылармен келісілген іс-әрекеті посткеңестік кеңістіктегі
шие леністі бірлесе отырып, тиімді реттеудің шынайы тәжірибесі бола алды.
Төртінші: біз ЕҚЫҰ-ны Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен шешу
және оны экономикалық жағынан түлету процесіне кеңірек қатыстыруға
жол аштық. Қазақстан Ауғанстанға жан-жақты көмек берді. Біз көлемі
жағынан Орталық Азияда теңдесі жоқ, ауған азаматтарын Қазақстан жоға-
ры оқу орындарында оқытуға арналған, құны 50 миллион долларлық білім
беру бағдарламасын бастадық. Соған сәйкес, 2010–2018 жылдар аралығын-
да Қазақстанда мыңдаған ауған студентін оқыту жоспарланды. Ауған жаста-
рына сапалы білім алуға мүмкіндік бере отырып, біз осы елдің еңсе көтеру
үдерісіне ғана емес, экстремизм мен терроризм идеологиясының тарауын
қысқартуға да маңызды үлес қостық. Менің ойымша, басқа мемлекеттер –
334
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ЕҚЫҰ мүшелері түрлі салаларда осындай бағдарламалар жасаса жөн бо-
лар еді. Осы елді қалпына келтіру мәселесінде халықаралық күш-жігерді
арттыру қажет. БҰҰ, НАТО сияқты халықаралық ұйымдар Ауғанстанда көп
жылдардан бері әрекет етіп келеді. ЕО-ны да, ЕҚЫҰ-ны да қоса отырып,
барлық ойыншының күшін біріктіруге болады.
Бесінші: Қазақстанның төрағалығы Орталық Азия тұрақтылығы мен қа-
уіпсіздігі мәселесіне біздің әріптестеріміздің назарын аударды. Біз көліктік
және өңірлік ынтымақтастықты дамыту, экологиялық мәселелерді шешу, сон-
дай-ақ бірінші кезекте терроризм мен есірткі тасымалы сияқты қауіпсіздікке
төнетін қауіптер мен жаңа сын-қатерлер мәселелерінің көлемін анықтадық.
Біз Ұйым жауапкершілігі аясындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтама-
сыз ету контексіндегі Арал мәселесін де күн тәртібіне қойдық. Су ресурс-
тарының мұқтаждығын көріп отырған өңірдің суға қатысты мәселелерін
құқықтық тұрғыда реттеудің халықаралық негізі ретінде ЕҚЫҰ форматында
«Су және құқық» бағдарламасын қабылдау идеясын ұсындық. Бұл ЕҚЫҰ
аясында экологиялық бағытты кеңейте түсті.
Дегенмен біздің басты жетістігіміз – салмақты саяси жүк көтеріп тұрған
«Қауіпсіз қоғамдастыққа барар жолда» деп аталатын Астана декларация-
сының өзі болды. Онда бірінші рет «Еуроатлантикалық және Еуразиялық
қауіпсіздік қоғамдастығы» ұғымы бекітілді (бұрын ол ЕҚЫҰ құжаттарында
«қауіпсіздік қоғамдастығы» немесе «Еуроатлантикалық және Еуразиялық
өңір» делінетін). Бұдан кейін ЕҚЫҰ Хельсинки, Париж декларацияларымен
және басқа да негіз қалаушы құжаттармен бірге, Астана декларациясына
да міндетті түрде сілтеме жасап отырады.
Қазіргі кезеңде ЕҚЫҰ нақты уақытты есепке алуға тиіс. Дәуірлер ауы-
сады, сонымен бірге тәуекелдер де, сын-қатерлер де өзгереді, геосаяси
жағдай да құбылады. Өткен ғасырдың соңында Еуропа үшін маңызды
болған тәсілдер қазір, шынын айтқанда, қатты түзетуді қажет етеді. Қазір
жаһандық жүйе транзиттік кезеңді бастан кешіріп жатыр, яғни кетеуі кете
бастаған бірполярлы әлемнен алшақтай бастады. Дәстүрді ықпалды ор-
талықтар ауысып, жаңалары да пайда бола бастады. Мұның бәрі қазіргі
ұжымдық қауіпсіздік жүйесін солқылдақ ете түседі. Біз қазіргі жаңа жаһан-
дық жағдайларды ескеріп, ЕҚЫҰ стратегиясын өзгерген шарттарға бейім-
деуге тиіспіз.
Жаңа өлшемдер. Ұйымның тәжірибелік қосымшасының шекарасы
мәселесі көп аймақтың нақты шекарасымен бірдей болуға тиіс, жекеле-
ген өлшемдерге (іс-әрекет «қоржынына») қаржы-экономикалық қауіпсіздік
пен конфессияаралық толеранттылықты бөлуге тиіс.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
335
Жаңа трендтер. Мен Еуразия құрлығындағы интеграциялық үдеріс-
тердің терең және жүйелі түрде жүргізілуін жақтаймын. Еуразиялық инте-
грацияның кең көлемді баламасы жоқ деп санаймын. ЕҚЫҰ қызметіндегі
интеграциялық бағдар алдағы уақытта негізгі тренд болуға тиіс деп есеп-
теймін.
ЕҚЫҰ-да жоғары деңгейдегі диалогтардың тоқтап қалмауы өте маңыз-
ды. Астананың мұрасын жоғалтып алмауымыз керек. ЕҚЫҰ саммиттерін
жарғыда бекітілген мерзімдерде өткізіп тұру қажет. Он жылдық «үзілістер»
ешкімге пайда бермейді. Мұның бәрі Ұйымға қатысушы барлық елдер мен
олардың көшбасшыларының ерік-жігеріне байланысты. Менің сенімім
бойынша осы жайт – Ұйымның тиімділігінің, тұрақтылықты нығайтудың,
оған кіретін мемлекеттердің қауіпсіздігінің негізгі шарты.
336
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Достарыңызбен бөлісу: |