328
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ында Душанбеде өткен ТМД-ҰҚШҰ-ЕурАзЕО саммиті де Еуразия өңірі үшін
үлкен маңызға ие болды.
2008 жылдың мамыр айында Тәжікстан президенті Э. Рахмон Аста-
наға келді. Біз Тәжікстанның электр энергиясы, ауыл шаруашылығы және
тау-кен салаларындағы жобаларына арналған Қазақстан-Тәжікстан инвес-
тициялық қорын құру туралы шешімге келдік. Сондай-ақ Мемлекетаралық
үйлестіру кеңесін құруға келістік. Қазақстан Тәжікстан басынан кешірген
экономикалық қиындықтарға үнемі түсіністікпен қарады, дегенмен ірі су
электр стансаларының жобасы мәселесінде Орталық Азияның барлық ел-
дерінің өзара түсіністігі қажет деп есептеді.
2009 жылдың сәуірінде Душанбеде Орталық Азия елдерінің, Иран,
Ауғанстан қазақтарының кіші құрылтайы Душанбеде өтуі де ерекше оқиға
болды.
Тәжікстан президенті Астанада өткен халықаралық саммиттерге – ЕҚЫҰ
саммитіне (2010 жылдың 1–2 желтоқсаны), ШЫҰ саммитіне (2011 жылдың
маусымы), ҰҚШҰ саммитіне (2011 жылдың тамызы) белсене қатысты.
Өңірлік көшбасшы ретінде Қазақстан түрлі қиындықтарға қарамастан,
2000-шы жылдары Орталық Азия өңірінің барлық мемлекеттерімен өзара
тиімді, жемісті ынтымақтастықты жалғастыра білді.
Мен бауырлас елдерге екіжақты және өңірлік өзара әрекеттестіктің жо-
лын әр елдің ерекшелігін ескере отырып, сындарлы, өзара тиімді жолын
табандылықпен және жүйелілікпен ұсынып отырдым. Мен Орталық Азия
өңіріндегі мемлекеттердің перспективті қажеттіліктері бір-бірімен қатты
өріле байланысып тұрғанына сенімдімін. Өңір елдерінің проблемаларын
шешу үшін, олардың бай да қуатты болашағы үшін ізгі ниет пен оң ынты-
мақтастық керек. Бұл орталықазиялық күн тәртібі бір немесе екі жылға ғана
есептелмеген. Бұл – жүздеген жылдың күн тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: