374
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
тапты. «Қазақстан-2050» стратегиясы мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту
үшін күшті серпін берді. Мен жаңа кезеңде жартыкеш шаралар емес, батыл
өзгерістер керектігі жөнінде көп ойландым. Меритократия қағидаты енді
тек теория жүзінде қалып қоймауы керек, қатаң тәжірибелік ереже болуы
тиіс.
Осылайша, мемлекеттік қызмет жүйесіне түбегейлі реформа жасау күн
тәртібінде тұрды.
Жаңа бағыттың шеңберінде мемлекеттік органдар елеулі өзгерістер-
ге ұшырады. 2014 жылғы қарашадағы Жолдауда жүргізілген әкімшілік
реформаға, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымының жұмысы-
на, басқарудағы қосарлылықтан арылғанымызға екпін түсіріле айтыл-
ды. Үкіметтің 60% функциясы министрліктер мен әкімдіктер деңгейіне
ауыстырылды. Министрліктер саны 17-ден 12-ге дейін қысқартылды,
тоғыз агенттік министрліктің комитеттері деңгейіне түсті.
2012 жылдың қарашасында Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы
бекітілді, соның нәтижесінде біз 2013 жылы орталық пен өңірлер арасын-
дағы өкілеттіктерге шектеу қоя бастадық. Мұнымен қоса, жергілікті орган-
дар өкілеттіктері қаржы және кадр ресурстарымен нығайтылды.
Бұдан өзге, мәслихаттардың маңызын арттыру міндеті тұрды. Мен қа-
былдаған
шешім бойынша, 2013 жылдан бастап аудандық маңызы бар қа-
лалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлап
қою енгізілді. Бұл жергілікті жерлерде әкімдердің 90%-і
сайлану арқылы
тағайындалатынын білдірді.
Осылайша, мемлекеттік биліктің реформасы төменнен басталды, өйт-
кені алдағы уақытта одан да жоғары деңгей қамтылатын болады. Біз төменгі
буындағы сайлау тәжірибесін игеріп алғаннан кейін, бірте-бірте атқарушы
биліктің басқа буындарын сайлауға көшетін боламыз.
Жергілікті билік органдары басшыларының алғашқы баламалы сай-
лаулары 2013 жылдың 5–9 тамызында табысты өткізілді. Бекітілген ереже
бойынша әкімдер мәслихаттардың депутаттары болып сайланды. 10 та-
мызда сайлаулар қорытындысы бойынша жасаған Үндеуімде
барлығы
7,6 миллион қазақстандықтар тұратын аудандық маңызы бар қалалар-
дың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың 2454
әкімі сайланға-
нын хабарладым.
Жаңа әкімдердің тиімді жұмыс істеуі үшін сайлауға дейін-ақ жағдай жа-
салғанын айту аса маңызды. Ішінара жергілікті органдардың кадрлық және
қаржылық мүмкіндіктері күшейтілді, ал әкімдер әлеуметтік салада қосым-
ша өкілеттіктер иеленді. Өкілеттіктерін осылайша күшейту, менің ойымша,
әкімдердің мемлекет пен азаматтар алдындағы
аса зор жауапкершілігін
айқындайды.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
375
Мұнымен қатар, орталықтың әкімдердің қызметін бақылауы күшейе
түсті, оны жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дамыту
туралы жаңа заң реттеп отырды. Осылайша, екі мыңнан аса ауыл әкім-
дерін сайлау аймақтық деңгейде тежеу мен қарама-қарсылықтар жүйесін
туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: