НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет213/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Еңбек қатынастарының жаңа үлгісі
2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстанның басты 
бағыты» Жолдауы әлеуметтік саладағы жаңғырту үдерістеріне қуатты серпін 
берді. Алайда іс жүзінде мәселенің «сеңі» қозғалып, одан әрі дамыту қа-
жеттілігі туындады. Сондықтан да бүкіл мемлекеттік ұйымдар басшылыққа 
алатын әлеуметтік жаңғырудың жалпы үдерісінің бірыңғай түсінігін анықтау 
маңызды еді. Әрі бұл түсінік жалпы халыққа қолжетімді болуы қажет. 
Біз әлеуметтік жаңғырудың мақсатын Қазақстанның қазіргі эконо-
микалық дамуы мен қоғамдық игілікті қамтамасыз етудің арасындағы 
оңтайлы теңгерім ретінде белгіледік. Менің ойымша, әлеуметтік жаңғы-
ру – нақтылы экономикаға негізделген жағдайда ғана табысқа ие бола-
ды – «индустриалды-инновациялық дамудан тыс ешқандай жаңғырту 
жүзеге аспайды».
Әлеуметтік мәселелерді «содан кейінге» қалдыруға болмайтын еді, сон-
дықтан еңбек қатынастарының тиімді моделін жасау жедел қолға алын-
ды. Бұл шараның алғашқы қадамы «Кәсіподақтар туралы» заң жобасы 
болды. 1993 жылғы бұрынғы заңда ұжымдық келісімшарт жасасудың тетігі 
қарастырылмаған еді, сондықтан кәсіподақтарда еңбек дауларын шешу-
дің тиімді құралы болған жоқ. Мен қолданыстағы заңда жұмыс берушінің 
еңбек жағдайларының нашарлауына, кәсіпорында даулы мәселелердің 
туындауына, ұжымдық келісімшарттардың орындалмауына, еңбекақының 
кешіктірілуіне жауаптылығы жеткілікті қарастырылмағанына назар аудар-
дым және заңнамаға қажетті өзгерістер енгізуді талап еттім. 
«Қазақстан-2050» cтратегиясында Үкіметке жұмыспен қамтудың теті-
гін жаңғырту мәселесін тапсырдым. Еңбек қатынастарының жаңа моделі 
жұмысшылардың мүддесін көздей отырып, кәсіпкерлікті қолдаумен ұшта-
суы тиіс, ал жаңа заңдар жұмыс берушімен арадағы оң қарым-қатынасты 
қамтамасыз етіп, еңбек дауларын туындатпауы қажет.


400
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2013 жылдың шілде айына таман ірі және орташа кәсіпорындардың 80 
процентінде ұжымдық шарт жасалды. Әлеуметтік климатты зерттеу мақса-
тында мониторинг жарияланып, еңбекті қорғау артты, еңбекақы бойынша 
қарыздар мен дау-дамайлардың түп мәні анықталды. 
«Кәсіподақтар туралы» жаңа заң 2014 жылдың шілдесінде күшіне енді. 
Еңбек ұжымдарының мүддесін қорғайтын өкілдер ретінде кәсіподақтар 
әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты комиссиялар құрамында болып, 
еңбек дауларын реттеуге қатыса бастады.
Ұлт жоспары бойынша 2016 жылдың қаңтарынан бастап, Қазақстанда 
жаңа Еңбек кодесі қолданысқа енгізілді. Бұл маңызды құжат жұмысшылар 
мен жұмыс берушілердің өзара қатынасын мүлде жаңа қырынан қалыпта-
стыратын Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) және ЭЫДҰ-ның стандарт-
тарына негізделді. Еңбек келісімшартын өзгерту шарасы икемді бола түсті, 
үшжақты комиссияның құқықтары айтарлықтай молайды. Еңбек ұжымда-
рында өзін-өзі басқару, сондай-ақ ұжымдық келіссөздер жүргізу тетіктері 
қарастырылды. Еңбек дауларын шешудің құқықтық мәселелері бойынша 
жұмыстар жалғастырылуда. 
Еңбек адамы үшін ең басты нәрсе – жұмыс орнын сақтау екенін жақ-
сы білемін. Менің талап етуім бойынша, дағдарыс кезінде аймақтар-
да әкімдіктер мен жетекші кәсіпорындар арасында жұмыс орындарын 
сақтау туралы меморандумдарға қол қойылды. Зиянды өндіріс ошақта-
рының жұмысшыларына ерекше көңіл бөлінді: 600 мыңнан астам адам 
өтемақыға қол жеткізді. 
Қазақстандағы миллионнан астам азаматтық қызметкерге – мұғалімдер, 
дәрігерлер, мәдениет, әлеуметтік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің 
жаңа моделі еңбек қатынастарын нығайтуда зор мәнге ие болды. 
Бұл жаңа модель бойынша азаматтық қызметкерлер төрт санатқа 
бөлінді: басқарушы, негізгі, әкімшілік және көмекші персонал. Осылай жік-
теу кәсібилікті арттырып, біліктілік дәрежесіне қарай еңбекақыны көтеруге 
мүмкіндік берді. 
2012 жылдың шілде айында-ақ министрлер мен әкімдерге әлеуметтік 
жаңғыртуды индустриаландырудан бөліп алып қарастыруға болмайтынын, 
қазақстандықтардың өмірі мен әл-ауқаты туралы мәселе туындаған жерде 
белсенді әрі айқын әлеуметтік саясат болуы тиіс екенін ескерткен болатын-
мын. 
Қазақстанның осындай сарабдал саясатының арқасында, 2016 жылы 
Әлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік индексінде Қа-
зақстан еңбек нарығындағы тиімділік бойынша 18-орыннан көрінді.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
401


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет