НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет215/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

«
Жол картасы
»
: жұмыспен қамту және 
жаңа жұмыс орындарын ашу 
2011 жылдан бастап Қазақстанда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы 
жүзеге асырыла бастады. Бұл, шын мәнінде, «Жол картасы-2009-2010» бағдар-
ламасының жалғасы еді. Бұл бағдарлама бойынша ондаған мың қазақстан-
дық кәсіби білім игеріп, кәсіпкерлік негіздерін үйренді, шағын несиелер алып, 
тұрғын үй құрылыстары мен ауылдық инфрақұрылымдық жобаларға қатысты. 
Елдегі ішкі ұтқырлықтың дер кезіндегі іс-қимылдардың ел дамуындағы 
мәні зор болды. Жаңа мамандықтарды игеріп, өндіріске бару қажет. Басқа 
елдерде адамдар жұмыс үшін алыстағы шет мемлекеттерге барып, ешбір 
кепілдіксіз еңбек етуде. Ал біз өз елімізде жұмыс орындарын құрып, жаңа 
өндірістер салып жатырмыз. Сондықтан жұмыс бар жерге бару керек. 
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының негізінде Үкімет 2013 жыл-
дың маусым айында жаһандық дағдарыс салдарын жеңілдету мақсатында 
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» қабылданды. Осы бағдарлама 
бойынша 2011-2014 жылдар аралығында 470 мыңнан астам адам жұмысқа 
орналасу мүмкіндігіне ие болды. 120 мыңнан астамы жаңа мамандықты 
игерді немесе біліктілігін көтерді, ал 30 мыңдай ауыл тұрғыны кәсібін дөң-
гелету үшін жеңілдікпен шағын несиелер алды. Нәтижесінде еліміздегі 
жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 5 процентке төмендеді. Жұмысқа орна-
ласқан адамдар саны 8,6 миллион адамға көбейді, ал өзін-өзі жұмыспен 
қамтығандар мөлшері азайды. 
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» өзінің тиімділігін көрсет-
ті. Сондықтан Үкіметтің 2015 жылдың ақпан айында өткен кеңейтілген 
мәжілісінде бұл бағдарламаны одан әрі, сол жылдың екінші жартысына 
дейін жалғастыру туралы тапсырма берілді. Бұл – жұмыссыздық деңгейін 
5 проценттен жоғары емес деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
403
2016 жылы наурыз айында еңбек ұжымдарының республикалық фо-
румында сөйлеген сөзімде «Жол картасы» тек осы жылы ғана 60 мың қа-
зақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіп, мыңға жуық инфрақұрылымдық 
жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп атап өттім. 
Үкімет жұмыссыздықтың өсуіне жол бермес үшін батыл қадамдар жа-
сады. Қазақстанның барлық аймағында «Жұмыспен қамтуды» қолдаудың 
кешенді жоспары бекітіліп, онда 300 мыңнан астам адам қамтылды. 2,2 
миллион жұмыс орнын сақтау бойынша меморандумдар жасалды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» индустриалды кадрлық әлеует-
ті дамытуға да бағытталған. Осы бағдарлама бойынша мамандық игеріп, 
жұмысқа орналасқан азаматтардың үлесі 2020 жылы 70 проценттен асуы 
мүмкін. Жаңа кәсіби мамандық иелері Қазақстанға таяу жылдары-ақ қажет 
болары даусыз. 
2016 жылдың наурыз айындағы Парламент сессиясының ашылуында 
он жылдың ішінде 660 мың жұмыс орнын, соның ішінде 70 мыңын – өңдеу 
және инновациялық секторда құру туралы ойларымды бөлістім. 
Белсенді «Жол картасы» бағдарламасы да өзге мемлекеттік әлеуметтік 
бағдарламалар тәрізді жұмыспен қамту саясатын жүзеге асырудағы пәр-
менді тетікке айналды. Бұл жаһандық дағдарыстың зардаптарын жеңуде 
қазақстандықтарға жасалған шынайы және нақтылы көмек болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет