404
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында әлеуметтік саясатты ойлауға мұрша
да болмайтын сияқты. Алайда менің ұстанымым бұған қарама-қарсы еді.
2015 жылғы қарашадағы Жолдауымда біз ештеңеге қарамастан, тұрғындар-
ды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастыра беретінімізді
атап өттім. Сондай-ақ 2016 жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтау,
білім беру және «Б» корпусындағы қызметкерлердің айлығы 30
процентке
дейін, ал әлеуметтік қызметшілердікі 40 процентке дейін өсірілетінін ха-
барладым. Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандардың әлеуметтік
жәрдемақылары, сондай-ақ студенттердің стипендиялары 25 процентке
өсірілетін болды. Мемлекет ең қиын жағдайдың өзінде халық алдындағы
әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра берді.
Жаңа экономикалық ахуал жағдайында Үкімет алдында жаңа әлеумет-
тік саясатты жасау міндеті тұрды. Әлеуметтік салада
мемлекетке екі қызмет
жүктелді: адам капиталына тартылатын инвестиция және әлеуметтік тұрғы-
дан аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету. Бұдан басқалары өз еңбек-
терімен табылуы қажет.
Ұлт жоспары бойынша әлеуметтік жәрдем белгілі бір адамдарға бағыт-
талады, табыстары
отбасындағы әр адамға шаққанда, күнкөрістік мөл-
шердің тең жартысынан төмен болған отбасыларға беріледі. Бұл ретте жұ-
мыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысқандығы
туралы әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Дағдарысқа қарсы белсенді әлеуметтік саясат өзінің жақсы нәтиже-
лерін бере бастады: 2016 жылы жұмыссыздықтың өсуі тоқтатылды. Бюд-
жеттік түсімдердің қысқартылуына қарамастан, Үкімет өзінің барлық әлеу-
меттік міндеттемелерін орындап шықты.
Бюджеттегілердің еңбекақысы
және жәрдемақылар ұлғайды. Ең төменгі еңбекақы (күнкөріс минимумы)
2010 жылдан 2016 жылға дейін 65 процент өсті. Аймақтардың әкімдері жұ-
мыс орындарының сақталу мәселесін бақылауда ұстады және кәсіпорын-
дардың тоқтаусыз жұмыстарын қамтамасыз етті.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тікелей көмек ретінде 2016 жылы
1,5 миллиард теңге бөлінген. Жарты миллион
көпбалалы отбасы мемле-
кеттік жәрдемақы алды. Он жылдың ішінде бала туғанда берілетін жәрдем
ақшаның көлемі 6 есе, ал баланы күтуге байланысты берілетін жәрдем 4
есе артты. 2017 жылы бала туғанда берілетін жәрдемнің көлемі және зей-
нетақы төлемдері 20 процентке өсті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы-2020»
жаһандық дағдарыс жағдайында өзінің әлеуметтік
салаға бағытталуы
жағынан ерекше маңыздылыққа ие болды. Осы бағдарламалар бойынша
инфрақұрылымдық жобаларға бөлінетін барлық қаржы қазақстандықтар-
дың игілігіне жұмсалуы керек.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
405
Достарыңызбен бөлісу: