НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет212/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

6. ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР 
ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУ
Жалпыға ортақ еңбек формуласы – 
бәсекелік қабілет негізі
И
ндустриалды-инновациялық дамумен бірге 2010-шы жылдардың бас 
кезінде Қазақстанда жалпыға ортақ еңбектің прагматикалық тұжы-
рымдамасының ұсынылуы заңды еді. Индустриалды секірісті бастаған ел 
міндетті түрде өнімді, тиімді, ортақ еңбектің мәртебесін көтеруге тиіс болды. 
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың келуі еш күмән туғызбады: 
тұтынудың шексіз ұлғаюы бағдар бола алмады. Тіпті әлемдік дағдарыстың 
басты себептерінің біріне айналды.
2012 жылдың жазында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға 
ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаламда прагматизм қағи-
даттарын ұсынып, қатаң әлемде өмір сүру үшін біздің экономикалық және 
әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және жалпыға ортақ еңбектің күшті 
қоғамын құруға бағытталуы тиіс екенін атап айттым. Мемлекет әлеумет-
тік саясатты жақсартуға күш салуда, нақтылы өндіріске, еңбек қарым-қа-
тынастарының сапасына қолдау білдіреді, реформалардың арқасында 
мыңдаған жұмыс орындарын құрады. Алайда тұрғындар мұндай жаңа-
лықтарға, өзінің біліктілігін көтеруге немесе жаңа мамандық алуға дайын 
бола бермейді. Бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, мұндай енжарлықтан, 
масылдық психологиядан арылуымыз қажет. Жаңа мамандықтарды игеріп, 
қай жерде жұмыс бар, соған қарай ұмтылу қажет. Мұндай тәжірибелер Еу-
ропада, Америка мен Азияда бар. 
Тұтынушы қоғамға конструктивті балама – жалпыға ортақ еңбек қоға-
мы. Айтпақшы, біз ешқандай да ерекше идеологияны ойлап тапқанымыз 
жоқ. Түптеп келгенде, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары мен мә-
дени байлықтары виртуалды қаржылық тетіктермен емес, адам қолымен 
жасалған. Сондықтан нақтылы өнімді еңбекті біз әлеуметтік жаңғырту 
сая сатының негізі етіп алуымыз керек.
Менің ойымша, либералды да, сол сияқты социалистік бағыттағы да қи-
ялшыл идеялар өткен ғасырдың еншісінде қалады. Әлеуметтік реализм іс 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
399
жүзіндегі векторға айналады. Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ға-
сырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа 
өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. 
Жалпыға ортақ еңбек формуласы жай ғана абстракция емес, нақты іс 
жүзіндегі мәнге ие. Ол маған тіпті етене жақын, өйткені мен өзімнің кәсі-
би мамандығымды жұмысшы-металлург ретінде бастадым. Бұл еңбек мек-
тебін қанша жыл өтсе де ұмыту мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет