410
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Мемлекет жастардың алған білімі іс-жүзінде кәдеге асуына ұдайы
қамқорлық жасайды: 2017 жылы орта мектептің әрбір түлегі
мемлекет
есебінен алғашқы мамандыққа қол жеткізе алады.
Жастарға қолдау көрсету көптеген түрлі мемлекеттік бағдарламаларда қа-
растырылған, бұлар 2016 жылы жарты миллионнан астам адамды қамтыды.
Мәселен, «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында жас отбасыларға 3,5
мың пәтер бөлінді. Болашақ ұрпақтың мүддесі мен маңызды қажеттіліктері Ұлт
жоспарында ғана емес, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Бизнестің
жол картасы-2020», сондай-ақ «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел», Жастар-
дың кадрлық резервтері, «Жастар – Отанға!», Ұлттық Дельфий ойындары,
«Жайдарман» КТК (КВН) және басқа да арнайы жобаларда көрініс тапқан.
Білім беру және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 2000 жылы
құрылған жастардың ресурстық орталықтар желісінің саны екі жүзге жетті.
Әкімдер басқаратын Жастар ісі аймақтық кеңестерінің қызметі жанданды-
рылды. Кәсіпорындарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде жастар
ісі комитеттері құрылды.
2016 жылдың наурыз айында Ақтөбе қаласында «Жастық! Жігер! Ең-
бек!» атауымен республикалық жастар форумы өтті, бұл ауқымды шараға
үш мың жігіт пен қыз жиналды. Жастарға
арнаған сөзімде өзімнің шын
жүректен жастардың білімге, шетел тілдерін білуге, жаңалықтарға ашық бо-
луына қуанатынымды айттым.
2010-шы жылдары әскери-патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлінді. 2016
жылдың маусым айында Қарағанды облысындағы Спасск полигонын-
да «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиыны өтіп,
бұл шараға
әскери-патриоттық клубтар, әскери мектеп оқушылары, студенттер қаты-
сты. Қазақстандықтардың дүниетанымын жаңартып, олардың болашаққа
деген тың көзқарасын қалыптастыруды мұрат тұтқан «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы жастарға кеңінен жол ашты. 2017 жылғы 4 қыркүйекте өт-
кен Парламенттің үшінші сессиясында мен қоғамдық сананың жаңғыруы
қазақстандықтар үшін – прагматикалық, бәсекеге қабілеттілік, ашықтық –
қайта түлеуге жол ашатынына сенім білдірдім.
Еңбекпен
қамту деңгейін, сондай-ақ азаматтардың саяси және азамат-
тық белсенділігін ескерген 2016 жылғы жастар дамуының жаһандық ин-
дексінде Қазақстан 183 елдің арасында Түркия (62-орын), Ресей (110-орын)
және Қытай (118-орын) елдерін артқа тастап, 61-ші орынды иеленді.