412
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
әрбір қазақстандықтың перзенттік сезімі. Бұл – жаңа қазақстандық патрио-
тизмнің альфасы мен омегасы.
Этносаралық қатынастардың одан әрі дамуы 2013
жылғы ҚХА-ның
ХХ сессиясының күн тәртібіне қойылды: «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір
халық – бір ел – бір тағдыр». Меніңше, бір халық – барлығымыз үшін ортақ
ұлттық мүдделер, бір ел – барлығымыз үшін ортақ Отан, бір тағдыр – біз
бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ перспектива-
мыз – игілікті және өркендеген Қазақстан.
2014 жылғы Жолдауымда қоғамдағы бейбітшілік пен келісім оп-оңай
жүзеге аспайтынын және ол ұлы құндылықтарымыздың бірі екенін еске
салдым. Этносаралық келісім – өмір сыйлайтын оттегі. Біз оны дема-
лып
тұрғанда байқамаймыз, автоматты түрде жасаймыз – тіршілікпен
автоматты түрде тыныстаймыз. Өзіміздің бірлігімізді өзіміз сақтауымыз
керек. Сырттан келіп, оны бізге ешкім де жасап бермейді. Бейбітшілік
пен келісім – жалпыхалықтық игілік, оны әрбір күнгі еңбекпен қорғап,
нығайтып отыру керек.
Қазақстан өзінің бірлігі үшін күресті және оны сақтап қала алды: 2014
жылы қарашада ЕҚЫҰ жартылай этностық
қоғам құрудағы қазақстандық
тәжірибенің озықтығын тағы бір рет мойындады.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бәрінде бірдей дәл Қазақстандағыдай
қоғамдық бірлік пен этностық алуан түрлілікті құрылымды түрде ұштастыру
жүзеге аса қойған жоқ.
Қазақстанның позитивті үлгісі басқа елдердің
қайғылы оқиғалары ая-
сында айрықша байқалды, тіпті Францияның президенті Франсуа Олланд
2015 жылдың қарашасында өзінің құрметін былай деп жеткізді: «Қазақстан
– алуан түрлі дәстүрі бар халықтың ынтымақтастығы мен бірлігінің символы».
Достарыңызбен бөлісу: