НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет219/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Зейнетақы жүйесін жаңғырту 
Қазіргі кездегі зейнетақы жүйесін жаңғыртудың аса маңызды мақса-
ты – зейнетақы жинақтауының сақталуына және өсіміне кепілдік беру, 
сондай-ақ зейнетақы реформасында бүгінгі күні бетпе-бет келіп отырған 
қиындықтарды жеңу. 
Осы мақсатта 2013 жылы маусым айында «Қазақстан Республикасында 
зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға қол қойылды, осы жылдың 
шілдесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) құрылды. 


408
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2014 жылы Зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту 
тұжырымдамасы бекітілді. Бірінші кезеңде (2016-2020 жылдар) жинақтау 
жүйесін жетілдіру қарастырылды. Екінші кезеңде (2020-2030 жылдар) са-
лымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушылардың құқығын қорғау тетік-
тері күшейтіліп, зейнетақы арасындағы нақты байланыс, жарна мөлшері 
мен зейнетақы бағдарламасына қатысу кезеңі, сондай-ақ ең төменгі кепіл-
ді зейнетақы бекітілетін болады. 
Нәтижесінде, Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай және ең-
бекақының кем дегенде 40 проценті деңгейінде жиынтық зейнетақы 
төлемдерімен ауыстыруды көздейтін тұрақты зейнетақымен қамсыздан-
дыру қалыптасады.
Жаңғыртылатын зейнетақы жүйесі бұрынғыша көп деңгейлі болады. 
Бірінші деңгей – бюджеттен түсетін төлемдер (ортақ және базалық зей-
нетақы; ең аз кепілді зейнетақы). Екінші деңгей – жұмыскер мен жұмыс 
берушінің міндетті сақтандыру жарналарының төлемдері. Үшінші деңгей 
– ерікті аударымдар.
2015 жылдың тамыз айында зейнетақымен қамтамасыз ету мәселе-
лері бойынша Конституциялық заңға қол қойдым. Базалық зейнетақы бұ-
дан былай зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындала-
тын болады. 2018 жылдың қаңтарынан бастап, жаңа шартты-жинақтаушы 
компонент қолданысқа енеді. Ол жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұ-
мыскердің табыс мөлшерінен есептелетін 5 процент міндетті зейнетақы 
жарналарынан құралады. 
2015 жылғы қараша айындағы Жолдауымда Бірыңғай зейнетақы қорын 
Ұлттық банктің бақылауынан шығарып, оны жекеменшік компаниялардың 
басқаруына беруді тапсырдым. Табыс мөлшерін арттыру үшін зейнетақы 
қаржыларын инвестициялауды дамыту қажет.
2016 жылы ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Бірыңғай 
жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін шағын және орта 
бизнеске қолдау көрсетуге және экономиканы ынталандыруға бағыттау-
ды тапсырдым. Бұл инвестициялардың қайтарымы нарықтық мөлшерлеме 
бойынша жүзеге асырылуы аса маңызды болмақ. 
2010 жылғы зейнетақы төлемдерінің өсуі – жасы ұлғайған қазақстан-
дықтардың өмір сапасын жақсартуға және жаңа тәуелсіз мемлекеттер ара-
сында зейнетақымен қамсыздандырудың бірден-бір, барынша жоғары 
деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
409


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет