ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
407
(адам
жасының ұзақтығы, туберкулезбен, онкологиялық және жүрек
қан-тамырлары ауруларымен ауыру) жақсы жағына қарай өзгергені бай-
қалды. Скринингтік бағдарлама енгізілді, кардиологиялық қызмет құрылды.
Саланы қаржыландыру 1,5 есеге өсті.
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында 1300 денсаулық сақтау нысаны са-
лынған екен.
Алайда қол жеткен табыстарға тоқмейілсуге болмайтын еді. Жаңа
дәуір жаңа міндеттер ала келді. Олар 2012 жылғы желтоқсандағы «Қа-
зақстан-2050» стратегиясында көрініс тапты.
Дамыған елдердің отыздығына ену үшін
Қазақстан ЭЫДҰ-ның меди-
циналық стандарттарын кезең-кезеңімен қабылдай бастады. Әсіресе бұл
алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету мен стационарлардың
тиімділігіне қатысты болды.
Бюджеттің тапшылығына қарамастан, Үкіметке 2016-2019 жылдарға ар-
налған, алғашқы көмек көрсету мен бүкіл жүйені
жаңғыртуды көздеген
жаңа мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын жасау тапсырылды.
Қазақстанда 2016 жылы әлемдік тәжірибені ескере отырып, орталық және
аймақтық деңгейдегі қоғамдық денсаулық сақтау ісін қалыптастыру қолға
алынды,
негізінен, бұл бағдарламада аурудың алдын алуға басымдық берілді.
Ұлт жоспарында медициналық сақтандыру және оны кезең-кезеңмен
жүзеге асыру қарастырылған. Сақтандырудың жаңа жүйесі екі пакеттен
құралатын болады. Базалық пакетке мемлекеттік кепілдікпен берілетін ме-
дициналық көмек (жедел жәрдем және әлеуметтік маңызы бар ауруларды
емдеу) енеді. Емханалық, стационарлық және жоғары технологиялық көмек
– қалпына келтіру мен оңалту ем-шаралары Медициналық сақтандыру қо-
рының екінші пакеті арқылы төленеді. 2016 жылдың наурыз айынан бастап
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң күшіне енді.
2017 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: