НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет231/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

8. АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ 
ЖАҢА САПАСЫ
БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ
Білімнің дамуы: адам капиталына инвестиция
Қ
азақстандық білім беру жүйесі үшін – 2010-шы жылдардың орта тұсы 
жаңғыртудың жаңа кезеңіне айналды. 2015 жылы қараша айында «Білім 
беру туралы» заңға толықтырулар енгізілді. Олар – мектепте білім берудің 
жаңартылған түріне көшуді, дуальды оқытуды, алғашқы жұмысшы маман-
дығына тегін қол жеткізу құқығын, колледждер мен жоғары оқу орындары-
ның тәуелсіз аккредитацияларын қамтамасыз етті. 
Келесі жылдың наурыз айында әлемдік трендтерді ескере отырып жа-
салған Қазақстан Республикасының 2016–2019 жылдарға арналған Білім 
беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітіл-
ді. Отандық білім беру – ең үздік халықаралық үлгілерге, соның ішінде 
ақпараттық технологиялар мен электронды оқытуды дамытуға бағыт-
талған. Бейімдік мектептер құрылысы жалғасуда. Жоғары оқу орында-
рына шетелдік ғалымдар тартылып, магистратура мен докторантураға 
мемлекеттік тапсырыс мөлшері ұлғаюда.
Мемлекеттік-әлеуметтік саясаттағы басымдық – адам капиталының да-
муы екенінің дәлелі ретіндегі, ерекше форматтағы оқу орындары – Назар-
баев зияткерлік мектептері ашылды, сөйтіп мектепте білім беру ісі тез арада 
әлемдік стандарттар деңгейіне дереу көтерілді. 2014 жылға қарай зияткерлік 
мектептер Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Өскемен, Орал, Ақтөбе, 
Қарағанды, Шымкент, Тараз, Павлодар, Қызылорда, Атырау қалаларында 
ашылды. Бұл – мектептегі білім беру ісіне салмақты серпін берді.
2010-шы жылдары білім берудің барлық деңгейлерінде оң өзгерістер 
байқалды. «Балапан» бағдарламасының арқасында мектепке дейінгі білім 
беру бүлдіршіндердің 80 процентін қамтыды. Балаларды мектепке дейінгі 
ұйымдармен жүз процент қамтамасыз етуге 2020 жылы қол жеткізетін бо-
ламыз. 
2016 жылы бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылын жаңартылған 
стандарт бойынша бастады. 2020 жылға қарай орта білім беруде дамыған 
елдерде қабылданған 12 жылдық модельге көшу міндеті тұр.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
429
ЭЫДҰ-ға интеграцияланудамыз, сол үшін де олармен сәйкестікте болуы-
мыз қажет. Дамыған елдердің мектептерінде бес күндік оқу аптасы қол-
данылады. Баланың өзіне-өзі келуіне, педагогтің дем алып, сабақтарға 
дайындалуына мүмкіндік берілген. Біз де осы тәжірибені енгізуіміз ке-
рек. 
Білім беру мекемелерінің материалдық базасын нығайтуда айтарлықтай 
қадамдар жасалды. 2015 жылдың өзінде-ақ 100-ден астам мектеп ашылды. 
2018 жылға қарай апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын мектептер 
түгел жоғалады. Тұтастай алғанда, Тәуелсіздік жылдарында 1,4 мың мектеп 
салынды.
2016 жылы наурыз айында Парламентте сөйлеген сөзімде: «2020 жылға 
қарай жер жүзі халықтарының жартысын «цифрлы балалар» құрайтын бо-
лады», – деген болжам жасаған едім. Сондықтан да Үкіметке мектептерді 
ақпараттандыруды жалғастыру тапсырылды. 2019 жылға таман Қазақстан-
ның барлық мектептері жылдам интернетке қол жеткізулері тиіс. 
Отандық білім беруді жаңғыртуда 2015–2020 жылдарға арналған үш 
тілде білім беру және бірнеше тілге кезең-кезеңмен көшу «Жол картасы» 
ерекше мәнге ие болды. Назарбаев зияткерлік мектебінің үлгісі үш тілде 
білім беруді енгізудің тәжірибелік негізі болды. Солай бола тұра, мен үш 
тілде білім беруге көшу мерзімі мен оқу жылын ұзарту мүмкіндігі туралы 
қоғамдық пікірді мұқият зерттеуді тапсырдым. Бүкіл қазақстандықтарды 
толғандыратын бұл мәселелерді өте мұқият ойластыру қажет еді. 
2010 жылы Болон декларациясына қосылу құрылымы ЮНЕСКО-ның 
халықаралық жіктелуіне сәйкестендірілген жоғары білім және жоғары 
білімнен кейінгі білім сапасын көтеру сферасында халықаралық ынты-
мақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. 2010-шы жылдардың бас 
кезінде-ақ республикаға үш мыңнан астам шетелдік жетекші ғалымдар 
шақырылды, олар дәріс оқып, ғылыми кеңес берумен шұғылданды. Шет 
жерде, әлемнің қырық еліндегі жоғары оқу орындарында оқитын қа-
зақстандықтардың саны екі есе өсті.
2014 жылы желтоқсан айында ҚазҰТУ-дің және қайта құрылған ғылы-
ми-технологиялық «Парасат» холдингінің базасында алғаш рет Ұлттық 
ғылыми-зерттеу техникалық университеті құрылды. 
«Болашақ» стипендиялы бағдарламасы одан әрі жалғасып, 9,5 мыңнан 
астам мамандар даярланды. 2010-шы жылдардың ортасына қарай бұл 
бағдарлама менің талап етуіммен, нақтылы экономика мен әлеуметтік сфе-
раның мұқтаждықтарына бағытталды. 
Таяу жылдары жоғары оқу жүйесіне академиялық және өзін-өзі басқа-
ру қағидаттары енгізіле бастайды. Жоғары оқу орындары біртіндеп корпо-


430
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ративті басқарудағы коммерциялық емес ұйымдарға айналады. 2010-шы 
жылдары мемлекет те, азаматтар да білімге қаражат салу – болашақтың 
перспективалы инвестициялары екеніне толық көз жеткізді. Қазақстандық 
білім беру жүйесіне 2017 жылы басталған қоғамдық сананың жаңғыруы 
бағдарламасы ерекше мол мүмкіндіктер туғызып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет