НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Nazarbayev University – болашақтың университеті



Pdf көрінісі
бет233/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Nazarbayev University – болашақтың университеті
2010-шы жылдардың алғашқы жартысында Назарбаев Универси-
теті (Nazarbayev University) жаңа ғылыми-ағартушылық жүйенің көш-
басшысына айналды, халықаралық стандарттар бойынша мамандар 
даярлайтын тұңғыш қазақ университеті болды, автономдық және ака-
демиялық еркіндік принципінде жұмыс істеді. Оның оқу-ағартушылық 
мектептерінде және ғылыми орталықтарында бір жарым мың студент 
жаңаша білім алды. Университет озық әлем университеттері рейтингіне 
енетін дүниежүзілік ғылыми-ағартушылық корпорацияларымен тығыз 
қарым-қатынас орнатты. 
2011 жылғы қаңтардағы Жолдауымда Назарбаев Университеті маңы-
на трансферт пен жаңа технологияларды құруға ықпал жасайтын инно-
вациялық-зияткерлік кластер топтасса деген тілегімді білдерген едім.
Бұл ұлттық кластерге Nazarbayev University Research Innovation System 
(бұрынғы Энергетикалық зерттеулер орталығы), Өмір туралы ғылым орта-
лығы, Ағартушылық саясат орталығы секілді арнаулы орталықтар енуі тиіс. 
2011 жылы қыркүйекте университетке Ұлттық медицина холдингі универ-
ситет қарамағына берілді. Медицина мектебінің алғашқы студенттер тобы 
оқуын 2015 жылы тамыз айында бастаған болатын. 


432
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2012 жылы жоғары оқу орындарынан кейін білім беретін үш мектеп – 
Жоғары бизнес мектебі, Жоғары Мемлекеттік саясат мектебі және Жоғары 
Білім мектебі ашылды. Талапкерлерді Назарбаев Университеті магистрату-
ра және докторантураға қабылдай бастады. 
2014 жылы шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік жағдайында 
экономиканың нақты секторы үшін «Split PhD» докторантура бағдарлама-
сы дүниеге келді. Дәл осы тәжірибе индустриаландыру бағдарламасында 
маңызды рөл атқаратын жоғары оқу орындарына енгізілді.
2013 жылғы 18 сәуірде Жоғары қамқоршылық кеңестің шешімімен Назар-
баев Университетінің 2020 жылға дейінгі стратегиясы және жаңа Жарғысы 
бекітілді. Университет классикалық академиялық басқару жүйесіне көшті. 
2015 жылдың желтоқсан айында оған ғылыми-зерттеу университеті мәрте-
бесі берілді. 
Мен, университеттің негізін қалаушы адам ретінде, мемлекеттік қызмет-
тен қолымның босамайтынына қарамастан, арасында бәрібір уақыт тауып, 
зертханалар мен ғылыми орталықтардың жұмыстарымен танысып, өз пер-
зентімнің жетістіктері мен қол жеткізген табыстарын жіті қадағалап отырамын. 
Назарбаев Университетінің де, Астана сияқты асқаралы асулары әлі 
алда. Университеттің нығаюында инновация және ғылымға негізделген 
бизнес платформасында Astana Business Campus ғылыми саябағы маңыз-
ды рөл атқарады, ол геологиялық, жоғары технологиялық, инжинирингтік, 
биомедициналық және әлеуметтік-сервистік бес кластердің басын қосады.
2015 жылғы 15 маусымда Назарбаев Университетінде алғашқы бітіруші 
түлектердің салтанатты рәсімі болды, ал 2016 жылы 11 маусымда – бакалавр 
мен магистратураны бітірушілердің екінші салтанатты шығарып салуы бол-
ды – 600-ден аса адам диплом алды. Мен университеттің әлемдік деңгей-
дегі ғылыми-ағартушылық орталық болып қалыптасқанын мақтан тұтамын. 
Бітіруші түлектерді экономиканың нақты секторына баруға шақырамын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет