ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ
ЖАҢҒЫРУЫ
465
жайында және Түркі кеңесі мен Еуразиялық экономикалық одақтың ара-
сында қандай да бір қарама-қайшылықтың болмайтынын атап өттім.
2015 жылы 11 қыркүйекте Астана қаласында ақпараттық саладағы
өзара іс-қимылға арналған және Қазақстанның төрағалық етуіне жол
ашқан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің V саммиті өтті.
Мен болашақта Түркі кеңесінің БҰҰ және ИЫҰ жанындағы бақылаушы
мәртебесіне ие болуы қатысушылардың мүддесіне сәйкес келетінін атап
өттім. Бұдан өзге Түркі кеңесі елдерінің – Қытай, Ресей, Еуропа, Таяу
Шығыс, Кавказ бен Орталық Азияның экономикалық және коммуника-
тивтік желілерін байланыстыратын континентальды көпір болуға барлық
мүмкіндіктері бар. Ынтымақтастық кеңесі мүшелерінің
Қазақ хандығы-
ның 550 жылдығына арналған, Ұлы Даланың үш мың жылдық тарихын-
дағы аса маңызды оқиғаларды және оның шарықтау шегі – Тәуелсіз Қа-
зақстанның қалыптасуын бейнелеген кең көлемді қойылымдарға баруы
символдық сипатқа ие болды.
Мен әрдайым Түрік Республикасымен достық, туыстық қарым-қатынасты
қолдап келемін. 2015
жылдың қараша айында, Түрік-Ресей қатынастары
әжептәуір қиындап кеткен тұста, әрине мен сырт қала алмадым. Бұл
жөнінде мен осы кітаптың бас жағында айтып өттім. Ресей және Түркия
басшыларымен жеке кездесу кезінде де, телефон арқылы сөйлескенімде
де Түрік-Ресей диалогын қалпына келтіруге барынша күш салдым.
Достарыңызбен бөлісу: