НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет250/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Мызғымас басымдық: Орталық Азия 
мемлекеттерімен достық және ынтымақтастық 
Қазақстан – Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан сияқты 
ортаазиялық дос, бауырлас елдермен өзара тиімді ынтымақтастықтың да-
муына ерекше көңіл бөліп келеді. 
2012 жылғы қаңтар айында, дипломатиялық қатынастардың орнағаны-
на 20 жыл толуы қарсаңында Өзбекстан президенті И. Кәрімов Қазақстанға 
ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында мен: «Біз елдің өркендеуіне 
қуаныштымыз, өзбек бауырларымызға бейбітшілік пен табыс тілейміз. Қа-
зақстанның есігі ашық, Өзбекстанмен тығыз байланыс жасауға ниеттіміз», 
– деп, екіжақты байланысты орнатуға мүдделі екенімізді ерекше атап көр-
сеттім. Тараптар екіжақты құжаттарды түгендеп, тиянақтауға келісті. Өңірге 
ортақ дәулет – шекарааралық су-энергетика ресурстары келіссөздің маңыз-
ды мәселесінің бірі еді. И. Кәрімов атап өткендей, «бұл мәселені шешу үшін 
барлық елдер тиянақты түрде бірлесе жұмыс істеуі қажет болды». 


466
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Өзбекстан президентінің Астанаға келуі – тараптардың өңірдің түйінді 
мәселелерін бірлесе талқылау мен шешімін табу үшін өзара келісімге мүд-
делі екендігін көрсетті.
2013 жылдың маусым айында мен Өзбекстанға ресми сапармен бар-
дым. Келіссөздер кезінде өңірдегі бейбітшілік, қауіпсіздік және халықтың 
әл-ауқатының артуын қамтамасыз етіп отырған Қазақстан мен Өзбекстан-
ның маңызды мемлекеттер екені баса айтылды. Менің ұсынысым бойын-
ша, тұңғыш рет екі ел арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге 
қол қойылды. Ресми сапар барысында Ташкент қаласында Абай ескерт-
кішінің ашылу салтанаты өткені, сондай-ақ әдемі шығыстық стильде са-
лынған Қазақстан елшілігінің жаңа үйі пайдалануға берілгені – қуанышты 
жағдай болды.
2014 жылы қараша айында Өзбекстан президенті М.Кәрімовтің Қа-
зақстанға ресми сапары одан әрі жалғасты. Әлемдік үдерістердің өзгеруі 
жағдайында Стратегиялық әріптестік туралы келісімнің одан әрі өзекті бола 
түскені атап көрсетілді. 
2017 жылдың бірінші жартысында мен Өзбекстанның жаңа президенті 
Шавкат Мирзиёевпен бірнеше рет жемісті кездесулер өткіздім. Бұл жүзде-
сулер екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергені даусыз.
Қазақстан 2010–2012 жылдары бауырлас Қырғыз еліне 30 миллионнан 
астам доллар мөлшерінде көмек көрсетті. 2012 жылдың тамыз айында мен 
Қырғызстанға ресми сапармен бардым. Қырғыз өнеркәсібін қолдау мақ-
сатында бірлескен инвестициялық қор құрылды. Сондай-ақ 200 миллион 
тонна бидай қарызға беріліп, газ жеткізу мәселесі шешімін тапты. 
2014 жылдың қарашасында Қырғызстан президенті Астанаға ресми са-
пармен келді. Қазақстан 2015 жылы 1,4 миллиард киловатт-сағат электр 
қуатын жеткізуге көмек көрсететін болып келісті, сондай-ақ Қырғызстан та-
рабы Қазақстанды вегетациялық кезеңде егістікке жіберілетін сумен қамта-
масыз етуге уағдаласты. 
Біз 2014 жылдың мамыр айында құрылған Еуразиялық экономикалық 
одақ шеңберіндегі интеграциялық үдерістердің барысын талқыладық. Мен 
әлемде күрделі жағдайлар болып жатқанын, сондықтан осындай кезде Қа-
зақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығын өзге елдерге үлгі ретінде 
көрсету қажет екенін айттым. Біздің ел Қырғызстанның ЭЫДҰ-ға кіру ниеті-
не қолдау көрсетті. 
2015 жылғы 12 тамыздағы менің Қырғызстанға жоспардан тыс сапарым-
ның мәні зор болды. Сол күні Қырғыз Республикасының ЭЫДҰ-ға мүше 
болу туралы келісім күшіне енді және қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден-
дік бақылау алынып тасталды. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
467
Қырғызстандағы кейбір күштер елдің Еуразиялық одаққа қосылу қадамын 
саясиландырып, көрші мемлекеттің ішкі жағдайын тағы да нашарлатып жібе-
ре ме деп қауіптендім. Сондықтан да мен: «Дереу ЭЫДҰ-ға кірудің маңызы 
зор екеніне олардың көзін жеткізуім, бауырлас елді қолдап, қырғыз қоғамын 
осындай сәтте жұдырықтай жұмылуға шақыруым қажет», – деп шештім. 
2012 жылдың желтоқсан айында ТМД елдері басшыларының кеңесі-
не қатысу үшін Ашғабад қаласына бардым. Саммит басталмас бұрын 
Түрікменстан президентімен кездесіп, Қазақстан – Түрікменстан темір жол 
құрылысы жайлы әңгімелестік. 
2013 жылғы мамыр айында Түрікменстан басшысы Г. Бердімұхамедов-
пен бірге Болашақ (Қазақстан – Серхетяка (Түрікменстан) темір жол өт-
келін аштық. Шекарада «Алтын төсемнің» ашылу салтанатының рәсімі өтті. 
«Өзен – Түрікменстанмен шекара» учаскесі іске қосылып, Болашақ станса-
сына қарай Қазақстан астығы тиелген составтар бет алды.
Қазақстан – Түрікменстан темір жолы – Парсы шығанағына шығатын 
транзитті дәліздің маңызды бөлігі.
2015 жылы қыркүйек айында ресми сапармен Тәжікстанға бардым. 
Тәжік халқын Тәуелсіздік күнімен және Гиссардың 3000 жылдығымен 
шын жүректен құттықтап, игі тілек білдірдім. Біздің елдеріміздің арасында 
саяси да, экономикалық тұрғыдан да алауыздық жоқ. Тәжікстан – бізге 
бауырлас ел, сондықтан да біз оның тұрақты дамуына мүдделіміз. Сон-
дай-ақ екі мемлекет те ШЫҰ, АӨСШК және ҰҚКҰ аясында өзара тығыз 
байланысты. Президент Э. Рахманов екеуміз Қазақстан мен Тәжікстан 
арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойдық, бұл – 
ресми сапардың маңызды оқиғасы. Душанбедегі келіссөздердің қоры-
тындысы бойынша, су-энергетикалық қауіпсіздіктің бүкіл Орталық Азия-
дағы маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан өңір елдерін келісімге, 
қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігі үшін ұзақ мерзімді, өзара тиімді 
қарым-қатынас орнатуға шақырды. 
2010 жылдардағы оқиғалар тізбегі өңірлерде, әлемде қандай жағдайлар 
туындаса да, түркітілдес мемлекеттермен және Орталық Азия елдерімен 
достық қарым-қатынасымыздың өзгермейтінін және бұл Қазақстан үшін 
айнымас басымдық екенін көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет