47
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Әр облыстан және республикалық маңызы бар әр қаладан, сондай-ақ
мемлекеттің астанасынан жоғарғы палатаға екі сенатор сайланады. 7 се-
наторды Президент тағайындайды. Мәжілістің 67 депутаты бір мандатты
аймақтық округтер бойынша сайланады.
Үкіметті Президент құрады, ол Президентке өз қызметі туралы жауап
береді және Парламентке есеп береді. Үкіметті Парламенттің мақұлда-
уымен Президент тағайындайтын Премьер-Министр басқарады.
Республиканың Жоғары сот органы – жалпы юрисдикциядағы соттар-
дың қызметін бақылайтын және сот практикасындағы кез келген мәселені
түсіндіретін Жоғарғы сот. Жоғарғы сот мүшелерін Президенттің ұсынысы
бойынша Сенат сайлайды, жергілікті судьяларды Президент тағайындайды.
Менің талабым бойынша жаңа Конституцияның соңғы мәтініне қоғам-
дық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі жолындағы эконо-
микалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдегі барынша
маңызды мәселелерді демократиялық тәсілдермен шешу сияқты Қазақстан
Республикасының базалық принциптері қосылды.
1995 жылдың 1 қыркүйегіндегі референдум қорытындысы бойынша өт-
кізілген баспасөз мәслихатында мен барлық қазақстандықтарды біздің жас
та тәуелсіз мемлекетіміздің өміріндегі тарихи оқиғамен құттықтадым.
Журналистердің бірі біздің 1991–1995 жылдар аралығында жинаған
тәжірибеміздің қысқа қорытындысын көрсетуді өтінді. Жауап ретінде мен
саясаткер жұмысын картоп емес, алма өсірушінің өз жемісін күтуімен са-
лыстырдым: «Картопты көктемде сеуіп, күзде өнімін жинайсың, ал алма-
дан өнім алу үшін бес-алты жыл уақыт керек. Өткен жылдарда бізге бәрін
қалай жылдам жүзеге асыру керектігін үйреткен ешкім болмады әрі пост-
кеңестік дәуірде оны ешкім де жылдам жасай алған жоқ. Алайда біз ең
басты құндылық – Отанымыздағы тыныштықты сақтай алдық. Қазақстан
Республикасында қантөгіс болған жоқ. Біз өз қаржымызға өзіміз ие болып,
экономикамызды өзіміз басқардық. Бақуатты өмір сүру үшін қай жаққа бет
бұру керегін де білеміз. Осы уақытта біз бүкіл әлемнің сеніміне ие бол-
дық». Мен журналистке осылай жауап бердім.
Достарыңызбен бөлісу: