50
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
мемлекет жүргізген саясатты қолдауды таңдаған – Қазақстанның демо-
кратиялық партиясы (тең төрағалары – Т. Жүкеев пен А. Сәрсенбаев), ал
қыркүйек айында Қазақстанның республикалық саяси еңбек партия сы
(Ө. Жолдасбеков) құрылды. «Қазақстан инженерлер одағы» қоғамдық-
сая си бірлестігінің мұрагері ретінде ол бірінші кезекте техникалық интел-
лигенцияның мүддесін қорғады.
1990-шы жылдардың орта тұсындағы Қазақстанның саяси-партиялық
ландшафты осындай болды. Әртүрлі сипатта болса да, жаңа партиялар-
дың көпшілігі негізінен демократия принциптеріне бейімдігін білдіріп, мен
ұсынған тәуелсіздікті нығайту бағытын қолдады. Сонымен бірге, олардың
көпшілігіне тән бір кемшілік – саяси-идеялық құрылымның әлсіздігі мен
электоралды қолдаудың жеткіліксіздігі болды. Көптеген партиялар нақты
бір жетекшінің ықпалында болғандықтан, олардың одан арғы әрекеті жеке
факторларға тәуелді еді.
Достарыңызбен бөлісу: