НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Шетелдік инвестициялар және өнеркәсіптің қайта өрлеуі



Pdf көрінісі
бет36/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Шетелдік инвестициялар және өнеркәсіптің қайта өрлеуі
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап біздің елімізде мен прог-
рессивті әлемдік тәжірибені қолданып, басқа елдердің табысының себеп-
терін талдауға ұмтылдым. Ли Куан Юмен алғашқы кездесулердің өзі Син-
гапурдың басты құпиялары инвестиция тартуда жатқанын көрсетіп берді. 
Қазақстанның ерекшелігін есепке ала отырып, біз осы жолмен алға жүруге 
шешім қабылдадық.
1990 жылдары қазақстандық бизнесмендер ірі кәсіпорындардың тиімді 
жұмысына жауап бере алатын толыққанды инвестор бола алмады. Оларда 
жеткілікті қаржылық капитал да, технологиялар да, кадрлар да, тәжірибе 
де, халықаралық байланыстар да, тұтыну арналары да болған жоқ. Жаңа 


69
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
тәуелсіз мемлекетке шетелдік инвесторлар ауадай қажет болды. 1990 жыл-
дардың басында оны екінің бірі түсіне алмайтын: көптеген адамдар шетел-
дік капиталды Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігіне төнген қатер деп 
ұқты. Менде ондай фобия ешқашан болған емес және әлемдік бизнеспен 
тең жағдайда диалог орнаттым.
Ірі шетелдік бизнесті ауқымды инвестицияларға өте мұқтаж қазақстан-
дық өнеркәсіп жобаларына тарту үшін, шынында да, үлкен күш-жігер керек 
болды. Бірінші кезекте, ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнына 
байланысты еді.
Теңіздегі америкалық әріптестермен келіссөз 1980 жылдардың өзінде 
басталған: КСРО-да осыншалықты күрделі кен орнын игеруге қажетті тех-
нология болмады. Дегенмен кеңестік құрылымдар Қазақстанды келіссөз 
процесіне тартуға асықпады. 1990-шы жылдардың басында ахуал өзгеріп, 
көптеген ресейлік өндіруші компаниялар өз үкіметіне қысым жасап, Теңізді 
игеруге біздің елімізбен келісім жасауға тырысты.
1991 жылдың орта тұсында жобаның алға баспайтыны белгілі болған. 
Сол кезде біз батыл әрекеттерге бардық. М. Горбачевтің кезінде Прези-
дент Кеңесінің мүшесі болып тұрғанда, мен келіссөз жүргізу өкілдігін Қа-
зақстанға беруге көндірдім. Кеңес үкіметі келісті. Сөйтіп, 1991 жылдың 
23 шілдесінде Қазақ КСР-нің Мәскеудегі тұрақты өкілдігінде «Шевронның» 
өкілдеріне келіссөз барысында жобаның жаңа жағдайлары талқыланаты-
нын хабарладым.
Бір аптадан соң Мәскеуге СНВ-2 келіссөзіне қол қоюға келген АҚШ пре-
зиденті үлкен Джордж Бушпен кездестім. Біз ол кісімен бірге «Шеврон» 
мен «Теңізмұнайгаз» арасындағы келіссөздерді жан-жақты талқыладық 
және жобаны қолдауға келістік.
Мен кен орнының барлық қиындықтары, нақтырақ айтқанда, күкірт-
тің молдығына байланысты тасымал технологиясының жоқтығы және т.б. 
кемшіліктер туралы айтып бердім. Кәсіби саясаткерлердің өндіріс процесінің 
технологиялық жағын түсіне қоюы сирек жағдай. Сондықтан Джордж Буш 
осы техникалық нақтылықтардың бәріне қатты әсерленді және менен: «Сіз, 
шамасы, мұнайшы сияқтысыз ғой?» – деп сұрады. «Жоқ, мен металлургпін, 
бірақ, Қазақстанның басшысы есебінде, маған мұнай өнеркәсібімен өте 
жиі айналысуға тура келеді», – дедім.
1992 жылдың күзінде мұнайшылардың және геологтардың қатысуымен 
үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – мұнай-газ са-
ласын дамыту жолы болатын. Түбегейлі қорытынды жасалды: Теңізді игеру 
керек! Осы кен орнының консервациясы Қазақстанды мүлдем қанағаттан-


70
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
дырмайтын. Өйткені экономиканы дағдарыстан алып шығатын бірден-бір 
сала – осы мұнай-газ болатын.
Теңіздің әлеуетін толық мәнінде игере алатын компания іздеу барысын-
да мемлекет әлемдегі ең ірі энергетикалық компаниялардың бірі – Амери-
каның «Шеврон» корпорациясымен келіссөз жүргізуге қайта оралды. Келіс-
сөз қиын болды әрі ұзаққа созылды, ортақ келісімге келудің сәті түспеді. 
Сөйтіп, 1992 жылдың наурызында Қазақстан, егер «Шеврон» дегенінен 
қайтпаса, Теңіз кен орнын игеруге халықаралық тендер жариялауға әзір 
еді. Нәтижесінде, сәті түсіп, тараптар келісімге келді. Сөйтіп, 1993 жылдың 
6 сәуірінде Алматыда «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы 
келісімге қол қойылды. Әр тарап акцияның 50 пайызын алды, оның үстіне 
америкалықтар кен орнына ең кемі 20 миллиард доллар салуға міндет-
тенді. Бұл жас Қазақстанның бірінші ірі инвестициялық табысы болатын. 
Әрі бұған дейін Қазақстан экономикасына инвестиция салуға асықпаған, 
әлемдік халықаралық топтардың назарын елімізге аударды. Оған таңғалуға 
болмайтын: дау-жанжал жиі шығып тұратын, экономикасының негізгі бөлігі 
көлеңкелі посткеңестік кеңістік қатерге толы аймақ саналатын еді.
Шетелдік әріптестермен кездесулерде маған әлемдік бизнес элитаны 
Қазақстанның сенімділігі мен тұрақтылығына, инвесторлар алдындағы бар-
лық міндеттемелерді сөзсіз орындайтынына сендіруге тура келді.
1993 жылы жеке жоба бойынша жекешелендірілген кәсіпорын – жағдайы 
қиын Алматы темекі компаниясы еді. Жаңа меншік иесі Philip Morris бюд-
жетке 100 миллион доллардан астам қаржы құйды және өндіріске тағы да 
240 миллион қосуға міндеттенді. Қысқа мерзімде жаңғыртылған кәсіпорын 
дағдарыстан шығып, жүйелі түрде жалақы төлеп, әлеуметтік бағдарлама-
ларға белсенді түрде қатыса бастады.
1994 жылдың қарашасында, экономикалық ахуалды мұқият талдағаннан 
кейін, Үкімет стратегиялық шешім қабылдады, бірнеше ірі тау-кен, химия 
және металлургия кәсіпорындарын шетелдік компаниялардың басқаруына 
беру керек еді.
1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетелдік инвестициялар туралы» 
заң шетелдік инвесторлар үшін анағұрлым ыңғайлы жағдай қалыптасты-
рды. Инвесторлармен әріптестіктің сызбасының өзінде (біздің әріптес 
теріміз ыңғайсыз әрекеттерге барған жағдайда) елеулі тәуекелдер болды. 
Бірақ мен мұндай әрекетке саналы түрде бардым. Елдің жүйе құрушы кәсіп-
орындарын құтқару үшін шұғыл шаралар керек болатын.
Әсіресе металлургтердің жағдайы қиын еді. Индустрия алыбы – Қа-
рағанды металлургия комбинаты қарызға белшесінен батқан және бан-
крот болудың аз-ақ алдында тұрған. Ішінде Қарметкомбинаттың құрылы-


71
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
сына қатысқан өзім де бар, металлургтердің бірнеше буыны еңбек сіңірген 
бірегей өнеркәсіптің күйреуі мүмкін еді.
Әлемдік металл нарығында берік орны бар тек ірі компания ғана комби-
натты дағдарыстан шығара алатыны белгілі болатын. 1995 жылы оның жаңа 
меншік иесі – Қарметкомбинаттың 350 млн доллар көлеміндегі борышын 
жапқан үнділік алып – Ispat International N.V болды. Домна пештері қайта 
жөнделіп, технологиялық тораптар реконструкцияланды. Жан біткен комби-
нат екпінді түрде дами бастады. 1998 жылы ыстық мырыштау және алюми-
нийлендіру цехтары қатарға қосылды. Осындай алып кәсіпорынды электр 
қуатымен, жылумен және шикізатпен қамтамасыз ету үшін Ispat International 
N.V 1996 жылы Қарағандыдағы ТЭЦ-2 және жергілікті мұнай шахталарының 
көп бөлігін сатып алды. Бұл компанияның 10 жылдың ішінде Қазақстан өнер-
кәсібіне салған жалпы қаржысы 1 миллиард доллардан асты.
Ірі өнеркәсіп мекемесіндегі әрбір жұмыс орны шағын және орта биз-
нес саласында 2–3 орын құруға мүмкіндік береді. Ондаған мың адам жұ-
мыс істейтін Қарметкомбинаттың, Қарағанды көмір бассейні шахтала-
рының және басқа да өнеркәсіп объектілерінің қайта өрлеуі аймақ пен 
оның тұрғындарының көңіл күйіне әсер етті. Қарағандылықтар мен бірегей 
өнеркәсіп өндірісін сақтап қалған басқа өңірлердің тұрғындары сол қиын 
жылдары көрініс берген қатаң да жүйелі ұстанымға күні бүгінге дейін дән 
риза. Мемлекет белгілеген шараларды басқа өңірлер де жоғары бағалады.
Инвестициялық заңнамалардың либералдануынан соң шетелдік ка-
питал экономикада айтарлықтай рөл атқара бастады. 1994–1995 жылдары 
шетелден 3 миллиард доллардан астам қаржы тартылды. «Қазақмыс», «Еу-
разиялық топ», «Қазмырыш» және басқа да шетелдік капитал тартқан жеке 
корпорациялар пайда болды. Инвесторлармен бірге жаңа технологиялар 
және заманауи менеджмент келді.
Арнайы инвестициялық жобалардың арқасында өнеркәсіпте таяуда 
ғана үмітсіз деп саналған жағдайдың біразын түзеудің сәті түсті. Өндіріс қа-
зақстандықтардың көз алдында қайта дамып, олардың дағдарысты жеңеміз 
деген сенімі нығайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет