74
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
– олардың бәрі де біртұтас алып командаға бірігіп, біздің республикамыз-
дың бақуатты болашағына даңғыл жол салуға шешім қабылдады.
1992 жылы жасалған тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму стра-
тегиясы қазақ
ұлтының бауырмалдық ниетінсіз, біріктірушілік қабілетін-
сіз жүзеге аспайтын, тұрақты азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім
идеалдарын бекітті. Әртүрлі этностық тегіне қарамастан,
елдің барлық
тұрғындары ортақ шаңырақ астына біртұтас халық болып ұйыса алды.
1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан халықтарының форумында мен
біздің басты игілігіміз–халықтар достығын қазақстандықтардың бірнеше
буыны қалыптастырғанын атап көрсеттім. Әрі біз сол құндылықты қастер-
лей білуге тиістіміз. Дәл сол жолы мен алғаш рет шешуші диалог алаңы
және этносаралық диалог тиімділігінің кепілі ретінде Қазақстан халықта-
ры Ассамблеясын құру туралы стратегиялық бастамамды жарияладым.
1993 жылдың 11 мамырында мен республикалық жиында «Қоғамның
идеялық бірлігі – Қазақстандағы прогрестің алғышарты» атты бағдарлама-
лық баяндама жасап, елдің өтпелі кезеңде шешуі керек жалпыұлттық мін-
деттерді көрсетуге тырыстым.
Өз сөзімде нақты тәуелсіздікке қол жеткізу әлеуметтік-экономикалық
реформаларды ғана емес, сондай-ақ саяси, интеллектуалды, рухани қол-
дауды талап ететінін атап көрсеттім. Әрі бұл орайда қоғамды біріктіретін
ахуал қалыптастырмайынша болмайды, ал ол үшін таяудағы, сондай-ақ
болашақтағы көкжиектерге есептелген біздің
стратегиямыздың идеялық
сарабы қажет екенін баса көрсеттім.
Сол жылдардағы күрделі саяси жағдайда, баспасөз беттерінде, пар-
тия ішіндегі пікірталастарда, экономикалық топтарда, сондай-ақ қоғам-
ның ішінде либералды, социалистік және дәстүрлі
деп аталатын негізгі
үш базалық бағыт қызу талқыланатын. Мен бұл орайда өтпелі кезеңде
идеологиялық қалыптасу тұрғысында өз жолымызды іздеудің қажет-
тілігін түсіндім. Әрине, біз социалистік, дәстүрлік, сондай-ақ либерал-
дылық ұғымдарының бағалы тұстарын жоққа шығармаймыз. Дегенмен
тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған міндеттер өзін басқашалау, яғни
жалпыұлттық идеологиялық басымдықтар
тұрғысында саралауды талап
ететін. Оның ішінде ұлтаралық қатынас сияқты маңызды сала да бар.
Бұған дейін атап көрсеткенімдей, ел үшін ұлтаралық келісімді қамтама-
сыз ету шешуші саяси міндет болып табылады. Нақты тәуелсіздікке және
идеялық бірлікке қол жеткізу тек қоғамда тұрақтылық, рухани келісім болған-
да ғана жүзеге аспақ. Қоғамның полиэтностығы көлеңкеде қалмай, керісін-
ше, басты, тұрақты, біріктіруші фактор болуға тиіс. Сондықтан да Қазақстанға
75
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
елдегі этностық топтар арасындағы диалог алаңы болатын құрылым керек
еді.
1995 жылдың 1 наурызында мен ҚХА-ны құру туралы Жарлыққа қол
қойдым. Сол арқылы басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам инсти-
туттарының әріптестігі негізіндегі этностар мүдделерінің бірігуін қамта-
масыз ету, тиімді этносаралық қарым-қатынас жүргізу және ортақ саяси,
құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып
табылатын жаңа консульта-
тивті-кеңес органы құрылды.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы басынан бастап этностық топтар
өкілдіктерінің механизмі, мемлекеттік этностық саясатты жүзеге асырудың
маңызды институты есебінде ойластырылды. Ассамблеяның жоғары орга-
ны ел президентінің төрағалығымен өтетін сессия болып табылады. Оның
барша шешімдерін мемлекеттік органдармен қоса, азаматтық қоғам инсти-
туттары да міндетті түрде қарауы керек.
ҚХА-ның алғашқы сессиясы 1995 жылдың 24 наурызында Алматыда
менің төрағалығыммен өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 40
этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысты.
Тереңнен ойластырылған ішкі саясат жүргізе отырып, көптеген сарапта-
малық болжамдар мен әртүрлі пиғылдарға қарамастан, біз қазақ жеріндегі
этносаралық қарама-қайшылықтардың алдын алып, жанжалға, ішкі қиын-
дықтарға жол бермедік және сол арқылы Қазақстанның көпұлтты халқы-
ның болашаққа жарқын жол салуына жағдай жасадық.
Осылайша, Қазақстан 1980–1990 жылдары ұлтаралық бейбітшілік пен
келісімнің іскер формуласын жасап, этносаралық
және дінаралық жанжал-
дарға жол бермеді, посткеңестік оқшаулану дағдарысынан аман өтті.
Достарыңызбен бөлісу: